"Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 қыркүйекте № 19406 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15418 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мәдениет саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5036 болып тіркелген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17657 болып тіркелген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17669 болып тіркелген Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады