Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 145-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 сәуірде № 35959 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 340) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 7 сәуірдегі
№ 145-НҚ Бұйрыққа
1-қосымша

Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру, мамандандырылған бағдарламалар, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес (бұдан әрі – әдістемелік кеңес) – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысын алқалық басқару органы;

      2) білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары – білім беру ұйымындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты тікелей басқаратын басшының лауазымы;

      3) ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогтердің кәсіптік құзыретін арттыру арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары әдіскерлерінің, педагогтердің және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

      4) оқу-әдістемелік бірлестіктер – әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;

      5) оқу-әдістемелік жұмыс – бұл білім беру ұйымының білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      3. Мәдениет саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген), "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген), "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың ұйымдастыру тәртібі

      4. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы келесі бағыттарды қамтиды:

      1) оқыту сапасын талдау және бақылау, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және жүргізу;

      2) педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімін ұйымдастыру;

      3) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге, жаңартуға бағытталған, дарынды балалар мен жастарды қолдау және дамуына, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне, білім беру мекемелері қызметі тәжірибесінің нәтижесінде, көркем өнердің дамуы мен сақталуындағы тұрақталған тәртіппен кеңестерді, семинарларды, конференцияларды, педагогтік оқулар, мамандардың мастер-кластарын, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, қалалық, республикалық және халықаралық сайыстар, фестивалдар, конференциялар, концерттер, көрмелер, жарыстар, олимпиадалар, көрсетілімдер, спартакиадаларды ұйымдастырып, өткізу;

      4) мәдениет саласындағы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік қамсыздандырылуды жүзеге асыру;

      5) оқытудың әдістемелік базасын енгізу және кеңейту;

      6) білім беру бағдарламаларының даму жоспарын қалыптастыру және қайта қарау және оның іске асырылуына тұрақты мониторинг жасау, оқу мақсатына қол жеткізуді, білім алушылардың, жұмыс берушілердің және қоғамның сұранысына сәйкестігін бағалау тетігін қалыптастыру;

      7) білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру үрдісінде жұмыс берушілермен, түлектермен және өзге де мүдделі тұлғалармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      8) білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнының кәсіби стандарттармен және салалық біліктілік шеңберімен келісуді қамтамасыз ету, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін кәсіби стандарттар негізінде арттыру;

      9) профессорлық-оқытушылық құрамынан, қызметкерлерден, білім алушылардан, жұмыс берушілер және өзге де мүдделі тұлғалардан сұхбат алу, сауалнама алу арқылы кері байланыс орнату жолымен оқыту нәтижесін жүйелі талдау, сондай-ақ кәсіптік стандарттар негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру;

      10) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу үрдісіне енгізу;

      11) оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу.

3-тарау. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты іске асыру тәртібі

      5. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:

      1) мәдениет саласындағы мамандандырылған жалпы білім беру бағдарламаларының іске асырылуын әдістемелік сүйемелдеу, сондай-ақ білім беру процесінің мазмұны мен сапасына, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу;

      2) білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа әдістері мен нысандарын, оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік материалдарды, жаңа буынды, оның ішінде мультимедиялық материалдарды басып шығарудың перспективалық жоспарларын қалыптастыруға, әзірлеуге, сынақтан өткізуге және енгізуге, сондай-ақ олардың авторларын іріктеуге және кәсіби стандарттар негізінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға қатысу;

      3) педагог қызметкерлердің кәсіби қызметін талдауды жүзеге асыру, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларында айқындалатын көлемде және мерзімдерде оқытушылардың практикасын ұйымдастыру, біліктілігі мен тағылымдамасын арттыру.

      6. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібі және қызметі, құрамы мен өкілеттілігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген) "Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен анықталады.

      7. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, кәсіптік стандарттарға, білім беру бағдарламаларына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес тиісті әдістемелік комиссиялар, кафедралар, құрылымдық бөлімшелердің (университеттер, академиялар, консерваториялар, институттар, факультеттер, бөлімшелер)кеңестері қарайтын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелермен және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытынды алғаннан кейін мәдениет саласындағы білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      8. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды мәдениет саласындағы білім беру ұйымының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияларда, кафедраларда, құрылымдық бөлімшелердің, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестерінде талқылау мен оң қорытынды алғаннан кейін мәдениет саласындағы білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары бекітеді.

      9. Оқу жұмыс бағдарламасы мен сабақ жоспарларын оқытушылар "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірлейді, ол мәдениет саласындағы білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және оны мәдениет саласындағы білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары бекітеді.

      10. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің, алқалы басқару органдарының атауын, олардың бағыныстылығын және оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес айқындайды.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 7 сәуірдегі
№ 145-НҚ Бұйрыққа
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 15418 болып тіркелген).

      2. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 259 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 19406 болып тіркелген).

      3. "Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 395 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 31520 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады