"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйтегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21259 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйтегі № 770 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19447 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа:

      3) тармақшада 7 тармағында:мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметінің директорына;";

      1) тармақшада 34 тармағында:мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметі, радиотехникалық бөлімдерінің байланыс және радиопеленгілеу тораптарында ұшуды радиобайланыспен және радиожарық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының регламенттерінде көрсетілген қысқа радиотолқындарда, радиопеленгілеу жиіліктерінде – тәулік бойы;".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады