"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 тамыздағы № 112 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15603 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша еңбек көші-қонын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:
5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Әдістемеде мынадай анықтама пайдаланылады:
интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам."
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |