Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 11.11.2021 № 1166 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 3-1) тармақшасына және 15-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 56 бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 26-тармағын, 36-тармағының 6) тармақшасын, 40-тармағын, 53-тармағын, 70-тармағының 2) және 4) тармақшаларын, 113-тармағының 4) тармақшасын, 149-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацын және 3) тармақшасының екінші абзацын, 184-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын және 369-тармағын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 1201 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" (бұдан әрі – Заң), "Ақпараттандыру туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 56 бұйрығымен.2-тарау. Осы Қағидалардың қолданылу аясы
2. Осы Қағидалар тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, мыналарды қоспағанда:
1) еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалардан не өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) мүшелік жарналар (салымдар), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесті сатып алу;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржылық қызметтерді сатып алу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді және кастодиандық қызмет көрсетуді және өзге қатысушыларды сатып алу, "ФАСТИ", "S.W.І.F.T" көлік (телекоммуникациялық) жүйелерін қосу, оларға қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі, оның ішінде "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы көрсететін банктік үзінді көшірмелерді және ақпараттық қызметтерді алумен байланысты қызметтерді, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің және (немесе) халықаралық (шетелдік) банктердің, заң консультанттарының, қолайлы хаттарды шығару жөніндегі сыртқы аудиторлық компаниялардың, сенімді басқарушы инвестордың, төлем трансфер-агенттерінің, тіркеушілердің қызметтерін, іс жүргізу мен төрелік және тапсырыс берушінің қарыз алуды, оның ішінде бағалы қағаздарды шығару және оларды ақысын төлеп сатып алуды, борышты және инвестициялық (қазынашылық) портфельді басқару, Refinitiv және (немесе) Bloomberg L.P. ұйымдастыруы үшін қажетті өзге де қызметтерді сатып алу, сондай-ақ "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оригинатор ретінде секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру кезінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді сатып алу;
6) теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу;
7) өкілдік шығыстар, іссапар шығыстары және іссапар шығыстарына байланысты қызметтерді сатып алу;
8) басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу;
9) ауыл шаруашылығы өнімін және оны қайта өңдеу өнімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
10) ұлттық басқарушы холдингтің стратегиялық консультативтік-кеңесші органының қызметін қамтамасыз ету үшін Ұлттық басқарушы холдингтің көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
11) отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдарын және ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу;
12) ұлттық басқарушы холдингтің экспорттық кредиттерді сақтандыруға мамандандырылған халықаралық сақтандыру компаниясының көрсетілетін қызметтерін сатып алуы;
13) исламдық қаржыландыру бойынша, оның ішінде шет мемлекеттердің аумағында тіркелген ұйымдармен мәмілелерді іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
14) бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеушінің қызметтерін және бағалы қағаздармен операциялар бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жағдайды реттеу шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) уақытша бос ақша қаражатын және бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларын жүзеге асыру кезінде қаржы құралдарын, оның ішінде бағалы қағаздарды сатып алу;
17) мемлекеттік кепілдік беру, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастар шеңберінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерін сатып алу;
18) қаржы лизингі қызметтерін сатып алу және (немесе) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде оларды кейін лизингке беру үшін тауарларды, сондай-ақ лизинг нысанасын сатып алумен, жеткізумен және жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) анық емес ақпарат – әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің берілген өтінімінің шынайы мазмұнын бұрмалайтын және шындығына сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;
2) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
3) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – осы әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
4) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болмаса да, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
5) веб-порталда тіркеу – сатып алу жүйесі субъектісін веб-портал арқылы сатып алуға қатысуға жіберу;
6) веб-порталға қатысушы – Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет, сатып алу саласындағы уәкілетті орган, веб-порталда тіркеуден өткен электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы;
7) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызының әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
8) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
9) жеке кабинет – электрондық сатып алу сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
10) жергілікті қамту – сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;
11) индустриалдық сертификат – өтінім берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болуын растайтын құжат;
12) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
13) кепілдендірілген тапсырыс – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
14) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адамның не мемлекеттік қызметті алушының өзі болған сәтте берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжат;
15) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының бағамының едәуір төмендеуі – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты бағамының 20 (жиырма) және одан да көп пайызға төмендеуі.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының едәуір төмендеуін айқындау мынадай формула негізінде жүзеге асырылады:
[(R1-R0)/R0] x 100, мұнда
R0-ұлттық валютаның ресми бағамының бастапқы мәні;
R1-ұлттық валютаның ресми бағамының түпкілікті мәні;
17) өнім беруші – тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
18) сатып алу бастамашысы – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүдделі, техникалық сипаттаманы (ерекшелікті), біліктілік талаптарын әзірлейтін, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттарды одан әрі орындауға жауапты құрылымдық бөлімше және (немесе) Тапсырыс берушінің жауапты қызметкері;
19) төленген салықтардың көрсеткіші – осы Қағидалардың 45-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес есептелетін, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістер сомасына төленген салықтар сомасының пайыздық арақатынасы;
20) сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйесі;
21) сатып алу саласындағы уәкілетті орган – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;
23) сатып алу жүйесінің субъектілері – әлеуетті өнім беруші, Өнім беруші, Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, сатып алу саласындағы оператор, уәкілетті орган, сарапшы;
24) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет – акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның Директорлар кеңесі құратын, Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, тиесілі ұйымдарда сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызмет;
25) сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып, сатып алуды ұйымдастырушы не Тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
26) сатып алу жөніндегі сарапшы – сатып алуды ұйымдастырушы не Тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін тартатын, өткізілетін сатып алу саласында арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі және біліктілігі бар жеке тұлға;
27) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
28) сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
29) тауарлар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасауға болатын заттар (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығы объектілері, сондай-ақ заттық құқықтар;
30) Тапсырыс берушілер – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар;
31) тендерлік баға ұсынысы – тендер тәсілімен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, тендерге қатысуға өтінімге қоса берілетін баға;
32) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры – сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғары бағалар туралы мәліметтерді қамтитын сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын ақпараттық кіші жүйе;
33) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, уәкілетті орган айқындаған, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кодтарының жүйеленген тізбесі;
34) тендерлік (аукциондық) комиссия – тендер және (немесе) аукцион тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
35) тендерлік (аукциондық) құжаттама – тендерге (аукционға) қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда тендерге (аукционға) қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, тендер және (немесе) аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады;
36) тендерлік комиссия мүшесі мүдделерінің қақтығысы – тендерлік комиссия мүшесінің жеке мүдделері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде оның шешімдер қабылдауға қатысу әділдігіне әсер етуі ықтимал жағдай;
37) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-әрекеттерді орындауға, оның ішінде құжаттардың электрондық көшірмелерін куәландыруға құқықтар берілген
38) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы (бұдан әрі – сатып алуды ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды адамы не құрылымдық бөлімшесі немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты етіп айқындалған заңды тұлға;
39) ұзақ мерзімді сатып алу – ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын, жеткізу (орындау/көрсету) мерзімі он екі айдан асатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
40) шартты баға – тендерге қатысушының тендерлік баға ұсынысына тендерлік құжаттамада көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдануды ескере отырып есептелген және тендер жеңімпазын айқындау мақсатында тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде ғана пайдаланылатын баға;
41) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы – сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
42) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
43) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
44) оффтэйк-шарт жаңа өндіріс құру жөніндегі жобаны іске асыратын әлеуетті өнім берушімен 36 (отыз алты) және одан да көп ай мерзімге жасалатын сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4-тарау. Сатып алудың процесі және жоспарлауы
5. Сатып алу процесі өзіне мыналарды:
1) сатып алу жоспарын (сатып алудың алдын ала, жылдық жоспарларын және (немесе) сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын) әзірлеу және бекіту;
2) өнім берушіні таңдау және онымен сатып алу туралы шарт жасасу;
3) сатып алу туралы шартты қамтиды.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасы) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қою негізінде Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сатып алу жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
Тапсырыс беруші бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткенге және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қойғанға дейін сатып алудың алдын ала жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Алдын ала сатып алу жоспары жылдық сатып алу жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады.
Сатып алудың алдын ала жоспарында көзделген сатып алу туралы мәліметтер сатып алудың жылдық жоспарына ауыстырылуға тиіс.
Сатып алу жоспар(лар)ын Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе Тапсырыс берушінің өзге де уәкілетті тұлғасы және (немесе) алқалы органы тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) бекіту (нақтылау) жөніндегі алқалы орган отырысы хаттамасының көшірмесін алған және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).
7. Сатып алу жоспар(лар)ы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) қосылған құн салығын (бұдан әрі − ҚҚС) есепке алмай сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
3) сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері мен мерзімдері;
4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;
5) жоспарланған мерзімі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, бөлінген және көзделген сома әрбір қаржы жылына (сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарлары үшін);
6) пайыздық баламада алдын ала төлем (аванс) болған жағдайда;
7) сатып алу бастамашысының атауы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Сатып алу жоспарын жасаған кезде Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Ашық тендер тәсілімен және (немесе) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды қалыптастыру кезінде осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір лотқа біріктіруге жол беріледі. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілер әрбір кіші лоттың бағасын көрсете отырып, бірлескен лотқа баға ұсынысын қалыптастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 201-тармағының 5) және 15) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) енгізуге жатпайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Сатып алу жоспарларын бюджетке (өндірістік бағдарламаға және (немесе) инвестициялық бағдарламаға және (немесе) бюджетке және (немесе) даму жоспарына және (немесе) бизнес-жоспарға және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасына) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.
11. Тапсырыс беруші сатып алу жоспары (алдын ала сатып алу жоспары) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
12. Тапсырыс беруші мынадай:
бекітілген (өндірістік бағдарламаға және (немесе) инвестициялық бағдарламаға және (немесе) бюджетке және (немесе) даму жоспарына және (немесе) бизнес-жоспарға және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасына), мемлекеттік тапсырманы орындау шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу;
сатып алу рәсімін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғанға дейін сатып алуға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасын азайту/ұлғайту нәтижесінде анықталған жағдайларда сатып алу жоспар(лар)ына өзгерістер, толықтырулар енгізуге міндетті.
13. Тапсырыс беруші мынадай:
сатып алу жоспар(лар)ына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы:
бекітілген бюджет және (немесе) сатып алу жоспарларының тармақтары шеңберінде ақша қаражатын қайта бөлген жағдайда;
өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша қалыптасқан үнемдеу есебінен сатып алу жоспар(лар)ына өзгерістер, толықтырулар енгізуге құқылы.
14. Тапсырыс беруші сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.
15. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді Тапсырыс беруші сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жоспары негізінде қабылдайды.
16. Осы Қағидалардың 201-тармағының 5) және 15) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жоспарында (сатып алудың алдын ала жоспарында, сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Тапсырыс беруші тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасы) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарт) және сатып алу жоспары (лары) бекітілгенге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін және оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартты) және сатып алу жоспарын(жоспарларын) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіту сатып алу туралы шартты жасасу шарты болып табылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау осы Қағидалардың 201-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алу саласындағы оператор сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің тендерлік баға ұсыныстарының құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге сатып алу қорытындысының хаттамасы жарияланған күннен бастап басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы тендерге қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
19. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін:
1) тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартты нақтылау (түзету) кезінде болған, бекітілген (нақтыланған) сатып алу жоспарларында (алдын ала жылдық сатып алу жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген (нақтыланған) сатып алу жоспарларында (алдын ала жылдық сатып алу жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін болдырмайтын, стратегиялық жоспарға, бюджетке (өндірістік бағдарламаға және (немесе) инвестициялық бағдарламаға және (немесе) бюджетке және (немесе) даму жоспарына және (немесе) бизнес-жоспарға және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасына) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Бұл ретте ағымдағы жылы сатып алу жоспарларына осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған (алдын ала жылдық сатып алу жоспарына) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Сатып алудан бас тартқан жағдайда әлеуетті өнім беруші шеккен шығындар өтелмейді.
20. Веб-портал осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген Тапсырыс беруші не ұйымдастырушы қабылдаған шешім туралы өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларға автоматты түрде хабарлама жібереді және өтінімді қамтамасыз етуді электрондық әмиян арқылы енгізген жағдайда тендерге қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.
5-тарау. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары
21. Сатып алуды жүзеге асыру:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
3) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
4) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
5) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
6-тарау. Сатып алу тәсілдері
22. Сатып алу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) тендер (ашық тендер);
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) кепілдендірілген тапсырыс;
5) аукцион.
Сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Тапсырыс беруші осы Қағидаларға сәйкес айқындайды.
Бұл ретте олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты құрайтын мәліметтері бар және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылады.
7-тарау. Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
23. 1. Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда Тапсырыс берушінің немесе Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның жұмыскері және (немесе) оның үлестес тұлғасы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, өткізілетін сатып алуға қатысуға құқылы емес.
Бұл талап халықаралық құрылыс стандарттарына сәйкес іске асырылатын жобаларға қолданылмайды;
3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;
4) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;
5) сатып алуға қатысуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болса;
6) әлеуетті өнім беруші сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
7) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды борышкерлердің тізіліміне енгізсе;
Осы талап осы Қағидалардың 201-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге қолданылмайды;
8) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе;
9) әлеуетті өнім беруші тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер (офшорлық аймақтар) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлға болып табылса;
10) әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған кәсіпкер деп танылса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы тендердің бір лотына қатысуға құқығы жоқ.
25. Сатып алу соның мүдделерінде жүзеге асырылатын тапсырыс берушінің осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!26-тармақтың қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген сатып алуда қатысумен байланысты шектеулерді веб-портал автоматты түрде айқындайды.
Ерекше тәртіп қолданыла отырып сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген сатып алуда қатысумен байланысты шектеулер веб-портал арқылы автоматты түрде айқындалады.
27. Осы Қағидалардың 23-тармағы 2) тармақшасының талаптарын бұзушылықтарды Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін.
28. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет осы Қағидалардың 23-тармағы 2) тармақшасының талаптарын бұзу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы:
1) егер мұндай факт сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейін анықталса, Тапсырыс берушіні;
2) егер мұндай факт сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін анықталса, Сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді;
Бұл ретте хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
29. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді ұсыну бойынша сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.
8-тарау. Ұйымдастырушыны анықтау тәртібі
30. Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін Тапсырыс беруші Ұйымдастырушыны және Тапсырыс берушінің алда болатын сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
31. Тапсырыс берушінің өзінің атынан сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі не қызметкері сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
32. Тапсырыс беруші Ұйымдастырушы етіп дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдарды айқындауға құқылы.
33. Тапсырыс беруші дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар үшін Ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
34. Тапсырыс беруші дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар үшін Ұйымдастырушыны солардың арасынан айқындауға құқылы.
35. Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, Ұйымдастырушы Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Ұйымдастырушының өкілі сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлері қатарынан айқындалады.
9-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
36. Әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар және жеке тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы.
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
4) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық-техникалық, еңбек ресурстарының болуы;
5) сатып алынатын тауарларды жеткізуде (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) тәжірибесінің болуы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6) тармақшаның қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6) қаржылық орнықты болуы.
Бұл ретте Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарын белгілеуге құқылы.
37. Осы баптың осы тараудың 36-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді, олар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 36-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Ұйымдастырушыға осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.
39. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-әлеуетті өнім беруші өзінің осы тарауда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.
40. Айналысуы үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
40-1. Осы Қағидалардың 36-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің тартылатын қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы Қағидалардың 36-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда, олардың осы Қағидалардың 36-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында салық берешегі бөлігінде және 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрлеріне ұсынылады.
Ескерту. Қағидалар 40-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41. Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы тәжірибесі тендерлік құжаттамада 5 (бес) жылға дейін белгіленуі мүмкін.
Бұл ретте тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын жұмыс нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:
1) егер тендер (лот) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылға;
2) егер тендер (лот) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылға;
3) егер тендер (лот) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, үш жылға;
4) егер тендер (лот) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, төрт жылға;
5) егер тендер (лот) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылға белгіленуі мүмкін.
41-1. Автомобиль жолдары саласында жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі біліктілік талабы осы Қағидалардың 41-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген талаптарды ескере отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.
Ескерту. Қағидалар 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушы ретінде тартуды көздейтін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды Ұйымдастырушыға ұсынуы тиіс.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушыларды) тартылған жағдайда, олардың осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріне ұсынылады.
43. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілерге белгіленеді.
44. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:
1) кірістер;
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбек ақы төлеу қоры.
45. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:
1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
2) төленген салықтардың көрсеткіші өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес әлеуетті өнім берушінің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген кірісінен кемінде екі бүтін оннан бес пайызды (2,5%) құрайды.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
ТСК = ТС / ЖЖК х 100%,
мұнда:
ТСК-төленген салықтардың көрсеткіші;
ТС-төленген салық сомасы;
ЖЖК- әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес кірісінің сомасы;
3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.
46. Біліктілік талаптары осы Қағидалардың 201-тармағында көзделген бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
46-1. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары сатып алуды аукцион тәсілімен жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
47. Осы Қағидаларда көзделмеген өзге де біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
10-тарау. Әлеуетті өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары
48. Біліктілік талаптары және (немесе) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.
49. Әлеуетті өнім беруші беретін ақпараттың анықтығын Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы, Тапсырыс берушінің орталықтандырылған сатып алу қызметі, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
50. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы:
1) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;
2) егер мұндай факт сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталған болса, сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
11-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1-параграф. Жалпы ережелер
51. Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізіледі.
52. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы тарауда көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді.
53. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 36-тармағының 1) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарын белгілеуге құқылы.
54. Осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында көзделген тізбедегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, белгіленген тәртіппен индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
55. Осы Қағидалардың 69-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 69-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша белгіленген тәртіппен индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушімен сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.
55-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) Тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алу бастамашысының сатып алуды ұйымдастырушыға веб-портал арқылы сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген Біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және шарт жобасын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін жіберуі;
2) Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ техникалық ерекшелікті және шарт жобасын веб-порталда орналастыру;
3) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі;
4) Баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, веб-порталмен салыстыру, жеңімпазды, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
5) тапсырыс берушінің тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.
Ескерту. 55-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлама.
56. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін сатып алу туралы мынадай:
1) бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы мәліметтерді;
2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипатталымын орналастыруға міндетті. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірленеді.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипатталымында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;
3) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орнын;
4) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдерін;
5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы;
6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын;
7) біліктілік талаптарын (сатып алу ерекшелігіне байланысты Ұйымдастырушының және (немесе) Тапсырыс берушінің қалауы бойынша белгіленеді) веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландырулар веб-порталда жұмыс уақытында жарияланады.
Баға ұсыныстарын қабылдау баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыру веб-порталда жарияланған күннен кейінгі күннен бастап Нұрс-ұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден басталады.
57. Осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделген тауарларды сатып алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың қамтылуына жол беріледі.
Орналастырылатын ақпаратта жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсынуы
58. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейтін мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынысын ұсынады.
Әлеуетті өнім берушілердің берілген баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алуына жол беріледі. Бұл ретте, баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген өзгерістермен қайта ұсынуға жол беріледі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын табыс етуі оның шарт жобасында және техникалық ерекшелікте көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
60. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына тауарларды жеткізумен және оны іске қосу-теңшеумен (қажет болса), жұмыстарды орындаумен, қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстар кіреді.
61. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын веб-портал арқылы сатып алуды ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін береді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
62. Баға ұсынысы веб-портал баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жібергеннен кейін қабылданды деп есептеледі.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару
63. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.
64. Егер қатысушылардың (баға ұсыныстарының) саны үш әлеуетті өнім берушіден кем болса, осы Қағидалардың 365-1-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Бұл ретте, егер қатысушылардың (баға ұсыныстарының) саны екі әлеуетті өнім берушіден көп болса, баға ұсынысы осы Қағидалардың 365-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.
66. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
67. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
68. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды.
5-параграф. Сатып алуды өтпеді деп тану негіздері
Ескерту. 5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
69. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) Баға ұсыныстары болмаған;
2) екіден аз баға ұсынысы берілген жағдайда өтпеді деп танылады.
70. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармақшаның қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда
3) демпингтік баға деп танылса, қорытынды шығару сатысында. Бұл ретте демпингтік баға ұсынғаны үшін бас тарту жөніндегі ақпарат баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаның қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) ұйымдастырушы белгілеген тиісті құқық қабілеттілігі болмаған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамауы тиіс.
71. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын өзге негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.
72. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар шығарылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
73. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізу;
2) сатып алу шарттарын өзгерту және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізу;
3) сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы.
Сондай-ақ бұл тармақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделген тізбедегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуларына осы Қағидалардың 54 және 55-тармақтарында белгіленген тәртіптерінің сақталуымен қолданылады.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
74. Осы Қағидалардың 73-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімді Тапсырыс беруші сатып алу қорытындылары бекітілген күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдауы тиіс.
Осы Қағидалардың 73-тармағының 1) тармақшасында көзделген сатып алуды Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасына қол қойылған күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялауы тиіс.
74-1. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12-тарау. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
75. Тендер тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
1) Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушы бір тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
2) Тапсырыс берушінің Ұйымдастырушыға тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы не Тапсырыс берушінің Ұйымдастырушыға тендерді ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
3) Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының Ұйымдастырушыға веб-портал арқылы сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алу туралы шарттың жобасын жіберуі;
4) тендерлік комиссияның құрамын, сараптама комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болса) айқындау және бекіту, тендерлік комиссияның хатшысын айқындау;
5) веб-портал арқылы алдын ала талқылау үшін тендерлік құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы орналастыру және веб-порталға тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыру;
6) тендерлік құжаттаманың жобасын бекіту және веб-портал арқылы тендерлік комиссияны тендерлік құжаттаманың шарттарымен таныстыру;
7) веб-порталда тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыру;
8) әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталға орналастыру;
10) тендерлік комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан қарауы;
11) әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;
12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға арналған өтінімдерін қайта қарау;
13) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды тендерге қатысушылар деп тану, сондай-ақ тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолдану;
14) тендерге қатысушылардың бастапқы бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, ең төменгі шартты бағасы негізінде тендердің жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
15) Тапсырыс берушінің тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.
Осы тармақта көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы мәліметтері бар және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-шаралар жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды, онда техникалық ерекшеліктің орнына тендерлік құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылады.
Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынуы
76. Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Ұйымдастырушы және (немесе) Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының сатып алуды жүзеге асыруға қазақ және орыс тілдерінде ұсынған өтінімнің негізінде жүзеге асырады, онда мынадай құжаттар қамтылады:
1) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға және (немесе) сатып алу бастамашысы қол қойған тендер өткізуге өтінім;
2) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға бекіткен тендерлік құжаттамаға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша біліктілік талаптары, тендерлік құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелік, тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын үлгілік шарттар негізінде әзірленген шарттың жобасы және сараптама комиссиясының не оны құру (тарту) қажет болған жағдайда сатып алу сарапшысының құрамы.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамамен қатар тендерлік құжаттамада кешенді ведомстволық сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі қамтылуы тиіс.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
77. Осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында көзделген тізбедегі тауарлар мен қызметтерді сатып алу, белгіленген тәртіппен индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 186-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша белгіленген тәртіппен индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 186-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша белгіленген тәртіппен индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушімен сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.
3-параграф. Тендерлік комиссияның тендерлік комиссияның құрамын, сараптама комиссиясы тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, тендерлік комиссияның хатшысын айқындау
78. Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін Ұйымдастырушы тендерлік комиссияның құрамын және тендерлік комиссияның хатшысын бекітуге міндетті. Тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
79. Егер Тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан Ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген адам қабылдайды.
80. Тендерлік комиссияның мүшелері тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның басқа да мүшелері болып табылады. Тендерлік комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге қатысады.
Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
80-1. Өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тиісті квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тендерлік комиссияларында қоғамдық кеңестер мүшелері қатысады.
Ескерту. Қағидалар 80-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
81. Сатып алуға Тапсырыс берушінің (Ұйымдастырушы) бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары немесе өзге басшысы тендерлік комиссияның төрағасы болады. Тендерлік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын тендерлік комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тендерлік комиссияның төрағасы:
1) тендерлік комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
82. Тендерлік комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы тендерлік комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тендерлік комиссияның тиісті хаттамаларында тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Тендерлік комиссия мүшелерінің біреуінде мүдделер қақтығысы болған жағдайда, осы тұлға бұл туралы тендерлік комиссияның хатшысын хабардар етеді, бұл туралы ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамада жазба жасалады. Бұл ретте осы тұлға тендерлік комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.
83. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссия хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Тендерлік комиссияның хатшысы Ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан айқындалады.
Тендерлік комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда тендерлік құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;
2) веб-порталда тендер өткізілетіні туралы хабарландыруды, тендерлік құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, бар болған кезде тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, тендер тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
3) олар бар болған жағдайда веб-порталда сараптама комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
84. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін Тапсырыс беруші сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Сараптама комиссиясын құру туралы не сарапшыны тарту туралы шешімді Ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
85. Тендерлік құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына жұмыстарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде де тендерлік құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптама комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды.
86. Тендер өткізу басталғанға дейін тендерлік комиссияның мүшелері, тендерлік комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жобамен және оның қосымшаларымен танысады.
87. Сараптама комиссиясының мүшелері төраға, төрағаның орынбасары және сараптама комиссиясының басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
88. Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде сараптама комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жазбаша сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
89. Сараптамалық қорытындының әр парағына сараптама комиссиясының барлық мүшелері не сараптама комиссиясын құрмастан сарапшыны анықтаған жағдайда сарапшы қол қояды және тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына, сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, тендерлік комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.
90. Сараптама комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан айқындауы ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады және егер оған сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
91. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
92. Сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптама комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол сараптама комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және веб-порталда орналастырылады.
93. Тиісті сараптамалық қорытындыға сараптама комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда тендерлік комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
4-параграф. Тендерлік құжаттама, тендерлік құжаттама жобасын бекіту және оны веб-порталда орналастыру
94. Ұйымдастырушы тендерді өткізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде тендерлік құжаттаманы қалыптастырады.
95. Біліктілік талаптарынан басқа, тендерлік құжаттама мыналар қамтылуы тиіс:
1) Сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік.
Бұл ретте техникалық ерекшелік жеткізушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беру туралы талапты қамтуы мүмкін.
Техникалық ерекшелік дайындаушы зауыттардан хаттарды, техникалық паспорттарды, өнімнің сәйкестік сертификаттарын және сатып алынатын тауарлардың сапасы мен шығу тегін растайтын өзге де құжаттарды ұсыну туралы талапты қамтуы мүмкін.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, оның ішінде ведомстводан тыс (ведомстволық) қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындаудың нормативтік мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Ұзақтығы он екі айдан асатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде Тапсырыс беруші өз қаражатының болуы немесе үш айлық сатып алынатын жұмыстар көлемінің құнына тең сомаға кредит қаражатын тарту мүмкіндігі туралы талапты көздеуге құқылы;
3) өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;
6) төлем шарттары және сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) бағадан басқа өлшемшарттар, соның негізінде тендер жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай өлшемшарттардың салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу өлшемшарты айқындалады;
8) тендерлік баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеу шығыстарын, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;
9) тендерге қатысушының тендерлік баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес, тендерге қатысуға өтінімдерді, сатып алу туралы шартты жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
11) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары, оның мазмұны мен түрлері;
12) әлеуетті өнім берушінің өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерге қатысуға өз өтінімін өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсету;
13) тендерге қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі және соңғы мерзімі және тендерге қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
14) тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау тәртібі;
15) тендерге қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;
16) тендерге қатысуға өтінімдерді ашу, тендерге қатысуға өтінімдерді қарау, тендерлік баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;
17) алда болатын тендер тәсілімен сатып алуда тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының атынан өкілдік етуге уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;
18) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1- тармағына сәйкес сомалар;
19) тендер тәсілімен өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тендерлік құжаттамада өткізілетін сатып алудың шарттары туралы әлеуетті өнім берушілерге неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
96. Тендерлік құжаттамада, осы Қағидаларда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын талаптар белгіленбейді, оның ішінде мыналарға қатысты:
1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген сандық өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеуге;
2) мынадай жағдайларды:
негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін);
тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық сүйемелдеу үшін сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы үлгілерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқайтын сілтемелердің қамтылуына жол берілмейді.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
97. Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс берушілер сатып алу жоспарларында (алдын ала сатып алу жоспарында):
1) пайыздық баламада алдын ала төлемді (аванс) көрсетуге;
2) сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан, оның ішінде оң сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы орналастыруға міндетті.
5-параграф. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау
98. Тендерлік құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар Тапсырыс берушіге, Сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілуі мүмкін.
Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
99. Ескертулер, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) тендерлік құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсіндірмелер береді.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, тендерлік құжаттама бекітілді деп есептеледі.
Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші бір тұлға ретінде әрекет еткен кезде Сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың бірінші бөлігінде және Қағидалардың осы тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу веб-порталында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыруға міндетті.
100. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы тендерлік құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтуы тиіс.
Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Сатып алуды Ұйымдастырушы өткізген жағдайда тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
101. Тендерлік құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сатып алу осы Қағидалардың 98-тармағына сәйкес жүргізіледі және веб-порталда жұмыс уақытында жарияланады.
Бұл ретте осындай сатып алудың тендерлік өтінімдерін қабылдау веб-порталда тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні жарияланған күннен кейінгі күннен бастап Нұр-сұлтан қаласы уақыты бойынша 09.00-ден басталады.
102. Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемелері тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
103. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелері бойынша Тапсырыс берушінің шешіміне осы Қағидалар мен Заңда айқындалған тәртіппен шағымдануға болады.
104. Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік онбес күнді құрайды.
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда тендерлік құжаттама алдын ала талқылауға жатады.
6-параграф. Тендер өткізу туралы хабарлама
105. Ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың жобасын веб-порталға орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі осы Қағидалардың 104-тармағына сәйкес тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік онбес күнді құрайды.
Егер тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, егер тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он күнді құрайды.
106. Қайта сатып алуды өткізуге байланысты сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, тендер тәсілімен қайта сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінім ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген тендердің тендерлік құжаттамасының өзгермеуі шартымен тендер тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы не тендерлік құжаттаманың жобасын ұсыну
107. Тендер өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге тендерлік құжаттаманы не тендерлік құжаттаманың жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.
108. Веб-порталда тендер өткізу туралы хабарландыру сәтіне дейін тендерлік құжаттаманы немесе тендерлік құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.
8-параграф. Тендерге қатысуға өтінімнің мазмұны және әлеуетті өнім берушілердің оларды ұсынуы
109. Тендерге қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы тендерлік құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтер алуға келісімін білдіру түрі болып табылады.
110. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын тендерге қатысуға өтінім тендерлік құжаттамада тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
1) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулер жоқ екендігі туралы;
2) өзі мен Тапсырыс беруші не Ұйымдастырушы арасында осы Қағидалармен тыйым салынған қарым-қатынастардың жоқ екендігі туралы;
3) осы Қағидалардың 23-тармағы 1), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген фактілер анықталған жағдайда шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісу туралы растауын қамтуға тиіс.
111. Тендерге қатысуға өтінім веб-порталмен автоматты түрде тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жіберілген сәтте қабылданған болып есептеледі.
112. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға бір ғана өтінім береді.
113. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде бас тартуға жатады:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы тендерге қатысуға өтінім берген;
2) тендерге қатысуға өтінім веб-порталға осы тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түсті;
3) тендерлік баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кетсе;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақшаның қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) осы Қағидалардың 23-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу үшін ұсынатын тендерге қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс бес күнді құрайды және тендерлік құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.
114. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
115. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзінің тендерге қатысуға өтінімін өзі енгізген өзінің тендерге қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Тендерге қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін қайтарып алуға жол берілмейді.
116. Осы Қағидалардың 134-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тендерге қатысуға өтінімдерге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
117. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамаға сәйкес талап етілетін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорларға жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.
9-параграф. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
118. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Бірнеше лот бойынша тендерге қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лотқа жеке ұсынуға құқылы.
119. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.
Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін ұсынылады.
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны.
Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, Ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
Тапсырыс беруші мен Ұйымдастырушы әртүрлі заңды тұлғалар болып табылған жағдайда, тендерлік өтінімді қамтамасыз ету Тапсырыс берушіге ресімделеді және оның электрондық көшірмесі тендерлік өтінімнің құрамында ұсынылады.
Ескерту. 119-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
119-1. Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға қамтамасыз етуді қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы тендерге қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы көрсетеді банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
1) сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен барлық сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
Ескерту. 119-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
120. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, онда ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін енгізіледі.
121. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды:
1) тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) тендер жеңімпазы шарт жасасып, тендерлік құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған;
3) егер әлеуетті өнім беруші не оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) не консорциумға кіретін заңды тұлға тендерлік өтінім құрамында осы фактіні растайтын құжаттар болған кезде дәйексіз ақпарат берген жағдайда.
122. Осы Қағидалардың 121-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы Тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.
123. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерге қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасын орналастырған;
2) тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай тендер жеңімпазы және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындаған тендерге қатысушыға қолданылмайды.;
3) әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шартқа қол қоюы және оның осы Қағидаларға сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
10-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу
124. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.
125. Егер тендерге (лотқа) тендерге (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
126. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес оларды ашу сәтінде автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал тендерге қатысуға өтінім берген тендерлік комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.
11-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау
127. Тендерлік комиссия біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау мақсатында тендерге қатысуға өтінімдерді веб-портал арқылы қарайды.
128. Тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тендерлік комиссияның хатшысы сараптама комиссиясына немесе сарапшыға, ол құрылған (тартылған) жағдайда, өтінімде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерді олардың тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында, техникалық ерекшеліктің орнына тендерлік құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын жұмыстарды сатып алуды қоспағанда, қарау үшін ұсынады.
129. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне тендерге қатысуға өтінімдерді қарау кезінде тендерлік комиссия:
1) тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді веб-портал арқылы жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
2) тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, сатып алынатын тауарды дайындаушы зауыттардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
130. Тендерлік комиссия біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
Әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді:
1) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттама талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;
3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген;
4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге қойылатын техникалық ерекшеліктің талаптарымен белгіленген құжаттарды ұсынбаған жағдайларда жүзеге асырылады.
131. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тендерге қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған тендерлік комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
132. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің, олардың қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып тізбесі;
2) веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге ұсыну және біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі.
133. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
134. Тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
135. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына веб-порталда тендерлік комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
136. Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы тендерлік комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасына тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда тендерлік комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
137. Осы Қағидалардың 130-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тендерлік комиссияның хатшысы веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастамашылық жасайды.
138. Тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде тендерлік комиссия:
1) тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін оларды біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес толық келтіру мәніне, тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша қайта қарайды.;
2) тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесін біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес емес және толық емес ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.;
3) тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілерден тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың тендерге қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.;
4) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
139. Тендерге қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, тендерге қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға байланысты тендерлік комиссияның сұрау салуы мен өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
140. Тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол берілмейді.
141. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
2) ол осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса;
Ескерту. 141-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
142. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 141-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тендерге қатысуға жіберілмеген жағдайда, а тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қабылданбауға негіз болған растайтын мәліметтерді немесе құжаттарды көрсете отырып, осындай әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемесі көрсетіледі.
143. Тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша тендерлік комиссия:
1) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және тендерге қатысушылар деп таниды.;
2) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді қолданады және есептейді;
3) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерді қайта беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
144. Тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, сараптама комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі, ол болған кезде қоса беріледі.
145. Тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды::
1) тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру туралы;
2) осы Қағидалардың 138-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес тендерлік комиссияның сұрау салуы туралы;
3) олардың қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, тендерге қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
4) тендерлік комиссияның тендерлік құжаттамада көзделген тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді қолдануы туралы;
5) ең төмен шартты баға негізінде жеңімпазды анықтау туралы.
146. Тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға веб-порталда тендерлік комиссияның барлық мүшелері қол қояды және тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.
147. Тиынмен есептелген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
148. Әлеуетті өнім беруші қатысатын тендер лоттарының жалпы сомасына тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
149. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілмейді (тендерге қатысушы деп танылмайды), егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбау;
тендерлік өтінімдер ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді бермесе;
мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;
мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;
веб-портал арқылы қалыптастырылған (толтырылатын) тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты толық ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің болуы тендерлік құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі белгіленді;
банкроттық не тарату рәсіміне жатады;
2) егер оның тендерге қатысуға өтінімі тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, мынадай негіздер бойынша:
тендерлік құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын жағдайды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі, сол сияқты техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбауы;
тендерде сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ тендерлік құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін (әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы қалыптастырылған (толтырылатын) қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) ұсынбау;
әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынған жағдайда, жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтердің жиынтығында екінші көлемінен асатын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
тендерлік құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау;
тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталды;
3) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармақшаның екінші абзацының қолданылуы 01.01.2022 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 10.03.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады;
4) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы демпингтік деп танылды. Мұндай әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі өтінімдерді ашу сәтінде өтінімді сәйкестендіру құқығынсыз веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Бұл ретте демпингтік бағаны ұсынғаны үшін ауытқу жөніндегі ақпарат ашу хаттамасында көрсетіледі.
150. Егер тендерлік құжаттамада сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесіне ие болу бөлігінде біліктілік талаптары белгіленбесе, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтердің және растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді және әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды.
151. Егер тендерлік құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмесе, материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы растайтын құжаттардың мәліметтері мен электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
152. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі тендерлік құжаттамада белгіленген жұмыстар мен қызметтерді орындау мерзімінен кем болмауы тиіс. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
153. Сараптау комиссиясы не сарапшы тендерлік комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ тендерге қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыреті шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттамаға техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттардың толықтығы тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы сараптамалық қорытындыны ресімдейді, қол қояды және тендерлік комиссияның хатшысына ұсынады.
Сараптамалық қорытындыда сондай-ақ тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларына арақатынаста әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктерінің, техникалық параметрлерінің, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының асып кетуі туралы ақпарат болуы тиіс.
154. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама қояды.
155. Ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада тендерлік баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттарды көздейді:
1) әлеуетті өнім берушіде мыналардың болуы:
соңғы он жыл ішінде өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі;
2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.
Осы тармақтың екінші тармақшасы сараптама комиссиясы не сарапшы тартылған жағдайда ғана қолданылады.
156. Тендерлік комиссия тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде тендерге қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты осы Қағидалардың 157-тармағына сәйкес тендерлік құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
Құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар) сатып алу бойынша тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес шартты жеңілдіктерді есептеу қоса беріледі.
Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, тендерлік комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.
Ескерту. 156-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
157. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тендерлік комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде тендердің мәні болып табылатын ұқсас (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жыл ішінде әлеуетті өнім беруші тендерде, оның ішінде құрылыстың бір объектісінен астам ұқсас (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша сатып алынатын жұмыстарды орындаған жағдайда, тендерлік комиссия әрбір кейінгі құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан үш пайыз (0,3 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер осы жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаған болса, тендерлік комиссия әрбір келесі құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Осы өлшемнің тендерге қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсері тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
158. Егер тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалары, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылатын болса, әлеуетті өнім берушінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне техникалық ерекшеліктің тендерлік құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
159. Тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде тендерлік комиссия осы тендерде сатып алынатын тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін қарайды.
160. Тендерге қатысуға өтінім, егер онда тендерге қатысуға ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және (немесе) орфографиялық қателер болса, тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап беретін болып танылады.
12-параграф. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде өтінімдерді қарау ерекшеліктері
Ескерту. 12-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
161. Сатып алынатын тауарлар нарығындағы жұмыс тәжірибесі тауарларды қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерімен және (немесе) жүкқұжаттармен расталады.
162. Сатып алынатын қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қызметтер актілерінің электрондық көшірмелерімен расталады.
162-1. Жаңа объектілер құрылысының барысына, сондай-ақ қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу барысына инжинирингтік қызметтер көрсету (техникалық және авторлық қадағалау) сатып алу нысанасы болып табылатын тендерде жұмыс тәжірибесін растайтын құжат "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.
Ескерту. Қағидалар 162-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
163. Құрылыспен байланысты емес сатып алынатын жұмыстар нарығындағы жұмыс тәжірибесі орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелерімен расталады.
164. Жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерде өтілі бойынша талаптар болған жағдайда қызметкердің өтілін растайтын құжат 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың біреуі болып табылады.
Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
165. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
165-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және қолданыстағы объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер тендерлік құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Ескерту. Қағидалар 165-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
165-2. Тендердің нысанасы автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар болып табылатын тендерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Тендердің нысанасы ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар болып табылатын тендерде жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Тендердің нысанасы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар болып табылатын тендерде жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Ескерту. Қағидалар 165-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
165-3. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін беру, оларды көрсеті тендерлік құжаттамада көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер тендерлік құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері берілмейді.
Ескерту. Қағидалар 165-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
165-4. Материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат жалға алу шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалға алу мерзімі тендерлік құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауы тиіс.
Бұл ретте материалдық ресурстарды қосалқы жалға алу шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
Ескерту. Қағидалар 165-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13-параграф. Құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар) сатып алуды жүзеге асыру кезінде өтінімдерді қарау ерекшеліктері)
166. Сатып алудың мәні жаңа объектілерді салу, сондай-ақ қолда бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу болып табылатын тендерде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
167. Сатып алу мәні автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу болып табылатын тендерде орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
168. Сатып алу мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу болып табылатын тендерде жұмыс тәжірибесін растайтын құжат сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.
169. Сатып алудың мәні жаңа құрылыс болып табылатын тендерде жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді жаңадан салу кезінде ескеріледі.
170. Сатып алу мәні кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту бойынша жұмыстар болып табылатын тендерде күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, бар объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
171. Сатып алу мәні күрделі жөндеу бойынша жұмыстар болып табылатын тендерде жаңа объектілерді салу, бар объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
172. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
173. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
174. Аумақты абаттандыру немесе аула аумақтарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар тендер мәні болып табылатын және лицензияланатын түрлерді орындау көзделген тендерде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тендер нысанасында көзделген лицензияланатын жұмыс түрлері бойынша тәжірибесі болған кезде ескеріледі.
175. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиістілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсас немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігіне сүйене отырып есептеледі.
176. Құрылыс (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау) саласындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында мыналар есепке алынады:
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).
Егер тендердің мәні бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер тендердің мәні екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер тендердің мәні үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық күрделі объектілерге жатпайтын, техникалық күрделі объектілерге, ғимараттар мен құрылыстарға жататын ғимараттар мен құрылыстар).
Егер тендердің мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылған жағдайда, техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер тендердің мәні техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір кіші бөлімінде болған жағдайда ескеріледі.
Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 56 бұйрығымен.177. Инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына сүйене отырып есептеледі.
178. Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуына және инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына сүйене отырып есептеледі.
179. Қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші растайтын құжаттар ретінде орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша береді, онда осы қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қосалқы мердігер туралы мәліметтер болмаған жағдайда объектіні пайдалануға қабылдау актісінде сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі ұсынылады, онда осы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі.
180. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы тендерде біліктілік талабы болып табылса, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтығында мынадай шарттарды сақтаған кезде ескеріледі:
1) әлеуетті өнім беруші жұмысты қосалқы мердігер ретінде кемінде екі объектіде бір қаржы жылы ішінде орындады. Мұндай жағдайда осы қаржы жылы әлеуетті өнім берушінің бір жыл жұмыс тәжірибесі ретінде ескеріледі;
2) әлеуетті өнім беруші жұмыстарды тендер мәніне сәйкес келетін объектілерде қосалқы мердігер ретінде орындаған. Бұл ретте қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесін есепке алу тендер нысанасына сәйкес келетін лицензияланатын жұмыс түрлері (бір немесе бірнеше түрлері) бойынша ғана жүзеге асырылады.
14-параграф. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
181. Тендерлік баға ұсынысын веб-портал біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне тендерге қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша автоматты түрде ашады.
182. Веб-портал тендерге қатысушылардың шартты бағасын автоматты түрде салыстырады және ең төмен шартты баға негізінде тендер жеңімпазын анықтайды.
183. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған тендерге қатысушы ең төмен шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.
184. Тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тендердің мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар тендерге қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесі тең болған кезде қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен тендер қатысушысы жеңімпаз болып танылады.
Бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы төрт жыл ішінде төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткіші бар тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Төленген салықтар сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде қатысуға өтінімі басқа әлеуетті жеткізушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.
185. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері осы Қағидалардың 145-тармағына сәйкес тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
186. Тендер мына негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:
1) тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) тендерге қатысуға екеуден кем өтінім берілген;
3) тендерге қатысуға екеуден кем өтінім берілген жағдайда бір де бір әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілмеген;
4) тендерге қатысуға екеуден астам өтінім берілген жағдайда бірде-бір әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілмеген.
Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
187. Егер тендер тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай:
1) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы;
3) осы Қағидалардың 186-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Сондай-ақ осы тармақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделген тізбедегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға осы Қағидалардың 77-ттармағында көзделген шарттарды сақтай отырып қолданылады.
Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13-тарау. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру
188. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) Тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
2) Тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйымдастырушыны айқындауы;
3) Ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы шақыруды жіберуі;
4) Осы Қағидалардың 69-тармағының 1) тармақшасында және 186-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 203, 204, 205 және 206-тармақтарының қағидалары бойынша айқындалады;
5) әлеуетті өнім берушінің Ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал арқылы жіберуі;
6) Ұйымдастырушының бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілмеген сатып алу қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды веб-портал арқылы қарауы, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға өзі ұсынатын бағаны негіздеу;
7) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
8) бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;
9) осы Қағидалардың 69-тармағының және 186-тармағының 1) тармақшаларында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды немесе осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есепті веб-порталда орналастыру.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6) және 9) тармақшаларының талаптары Қағидалардың 67-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қолданылмайды.
189. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы шешімді Тапсырыс беруші осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша сатып алу өтпеді деп танылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
190. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген мерзімде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жібереді
Осы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген сатып алуға қолданылмайды.
Әлеуетті өнім берушіге шақыруды жіберу, олардың веб-портал арқылы қажетті ақпаратты беруі және Сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыруы туралы талаптар олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы мәліметтерді және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді құрайтын бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қолданылмайды.
190-1. Егер сатып алуға қатысуға өтінімдердің болмауы негізі бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті өнім берушіге қағаз жеткізгіште шақыру жібереді.
Сонымен бірге Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) келісім-шарт жасасқаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде веб-порталға шақыру мен сатып алу туралы келісім-шартты орналастырады.
Ескерту. Қағидалар 190-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
191. Тендер тәсілімен өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерге қатысушы және Ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу үшін шақырған, егер ол осы тендерге қатысуға жіберілген болса, осы тендерге қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға қайтадан ұсынбауға құқылы.
Бұл ретте шақыруда қамтылған мәліметтер өтпеді деп танылған тендердің тендерлік құжаттамасының шарттарына сәйкес келуі тиіс. Ағымдағы қаржы жылы шегінде, бірақ бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды өткізуге жұмсалған мерзімнен артық емес, өткізілмеді деп танылған тендердің тендерлік құжаттамасында көзделген мерзімде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінің асып кетуіне жол беріледі.
192. Осы тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен тендер тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде веб-портал арқылы Тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге осы Қағидалардың 203, 204 және 205-тармақтарының қағидалары бойынша шақыру жібереді.
Бұл ретте әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға келіскен жағдайда, осы әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы өзінің растауын жібереді.
193. Осы тендерге қатысуға екіден кем өтінім беру себебі бойынша тендер тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, Ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
194. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы берілген жағдайда, тапсырыс беруші сатып алуды қайталап өткізуге немесе осы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспайды.
Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
195. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, Ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы Қағидалардың 203, 204 және 205-тармақтарының қағидалары бойынша Тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
196. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 192, 193, 194 және 195-тармақтарында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға келіскен кезде осы әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Ұйымдастырушыға шақыруда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы өзінің растауын жібереді.
197. Ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен сатып алу өтпеген сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатынды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды оларды біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады.
198. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұралатын ақпаратты берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастырады.
2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану негіздері
199. Бір негізден тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда:
1) егер бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтпеген тендер қорытындысы бойынша жүзеге асырылатынды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмесе;
2) егер әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болса;
3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартса өтпеді деп танылады.
200. Егер бір көзден алу тәсілімен сатып алу осы Қағидалардың 199-тармағында көзделген негізінде өтпеді деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 73-тармағының 2) тармақшасында және 187-тармағының 2) тармақшасында көзделген шараларды қабылдайды.
3-параграф. Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру
201. Сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушімен энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату, сондай-ақ қосылған желі арқылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды (кәріз), табиғи газды, су мен жылу энергиясын бұру қызметтерін сатып алу;
2) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осы жобалауды немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;
3) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында талқылаулар перспективаларын бағалау, мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі, сондай-ақ төрелік (сот) дауларды, төрелік алымдар мен аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарды реттеуге дейінгі процесте консультациялық және заң қызметтерін сатып алуы;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
8) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу):
Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
9) ғарыш түсірілімдерін сатып алу;
10) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
11) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
12) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің, тағылымдамалардың, мастер-кластардың материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу және көрсетілген іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
13) Тапсырыс берушінің шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы:
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде өнім беруші ретінде жасалған сатып алу туралы;
тендер қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде өнім беруші ретінде ол жасасқан сатып алу туралы;
басқа елдердің заңнамасы шеңберінде өнім беруші ретінде ол жасасқан сатып алу туралы (экспорттық келісімшарттар);
14) егер Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы/ Байқаушы кеңесі (алқалы атқарушы органы/Байқаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажетті (жарияланған сәттен бастап және тендер қорытындылары бойынша шарт жасалғанға дейінгі кезеңге) сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі объектілеріндегі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қалпына келтіруді талап ететін технологиялық процесте іске қосылған жабдықтардың, тетіктердің сынуы, істен шығуы туындаған кезде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) төтенше жағдайды енгізуге негіз болған себептер мен салдарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу.
Сонымен бірге, мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу Тапсырыс берушінің басқару органының (директорлар кеңесінің) шешімі негізінде жүзеге асырылады;
17) Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы/ байқаушы кеңесі (алқалы атқарушы органы/байқаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;
18) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мерзімді баспасөз басылымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдардың, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде шығарылған дыбыстандырылған кітаптарды, рельефтік-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін тифлоқұралдарды беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
19) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау, әскери және қосарланған (мақсаттағы) қызметтерді көрсету, қолдану үшін сатып алуы;
20) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ аса қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеріп-қарау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) теңіз агентінің, теңіз брокерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
22) өлшем құралдарын және навигациялық жабдықты тексеру және калибрлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жалдау қызметтерін, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты қызметтерді сатып алу;
24) объектілерде орналасқан жерінің құпиялылығын сақтауды көздейтін жұмыстарды сатып алу;
25) полигондық сынақтарға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) әскери-техникалық ынтымақтастық туралы және Қазақстан Республикасы мен басқа да елдер арасындағы Өнеркәсіптің қорғаныс салалары кәсіпорындарының өндірісі мен ғылыми-техникалық кооперациясы туралы шарттарды/келісімдерді орындау шеңберінде әскери және қос мақсаттағы тауарларды (жинақтаушы және қосалқы материалдарды) сатып алу;
27) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу
29) әлеуетті өнім беруші жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде, оның ішінде оффтэйк-шарт жасасу арқылы жүргізетін тауарды алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес (алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес болмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің басқару органы және (немесе) жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен баға маркетингтік қорытындысы негізінде сатып алу;
30) кірме жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
31) спутниктік ресурсты, әуе кемесін жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
32) рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, сақтандыру қызметтерін қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
33) акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу;
34) ғарыш техникасы арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін шикізатты, құрал-саймандар мен шығыс материалдарын сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген құзыреті негізінде Тапсырыс берушінің уәкілетті органы айқындаған Тапсырыс берушінің аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу;
36) басқару органын және (немесе) бақылау кеңесін қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
37) бейне және (немесе) аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
38) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
39) "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
40) тапсырыс берушіге "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ "Назарбаев Университетінің" құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
41) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
42) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
44) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
45) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
46) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2015 жылғы 24 сәуірдегі "Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде кейіннен жалға беру мақсатында жылжымайтын мүлікті (тұрғын үйді) сатып алу;
47) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғалардан халықаралық мамандандырылған көрмелер объектілерін реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды сатып алу.
Ескерту. 201-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 № 56 бұйрығымен.202. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.
Ескерту. 202-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
203. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 203-тармағының 11) және 14) тармақшаларының негізінде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін өз қызметін сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған ұқсас (сондай) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге жарнамада, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің каталогтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жария оферттер деп танылатын басқа да ұсыныстарда жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстарды беруге арналған сұрау салу осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
204. Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары жеткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамалары сипатталған прайс-парақтар және сұрау салуда көзделген мерзімдерде басқа да растаушы құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
205. Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша ұсынылған коммерциялық ұсыныстар негізінде Тапсырыс беруші осы қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
206. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы шарт жобасын жіберуге құқылы.
Шарт жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады).
Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоймаған (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаған) жағдайда, Тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарт жобасын кері қайтарып алады.
Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 201-тармағының 1), 3), 4), 6), 8), 9), 15-1), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 34), 34-1), 35), 40), 41) және 42) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарт жобасы қағаз жеткізгіште жіберілетін резидент емеспен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 201- тармағына сәйкес жасалған шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, үлгі нысан бойынша жасалынбайды.
Ескерту. 206-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
207. Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алу туралы есепті орналастырады.
Есеп өнім берушіні таңдау негіздемесін, жасалған шарттың бағасын, сондай-ақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шарттың өзге де талаптарын қамтиды.
208. Осы Қағидалардың 206 және 207-тармақтарының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ осы Қағидалардың 201-тармағының 5) және 15) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.
14-тарау. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) сатып алуға қатысу шарттары
209. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжаттарды ұсынуы тиіс.
1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциалды келісім);
2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауар беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету құқығына лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Консорциум тендерге қатысқан жағдайда тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциялық келісімде айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.
Бұл ретте келісім-шарт оған қатысты тендерлік баға ұсынысына әсер ететін критерийлер қолданылған консорциумға қатысушымен жасалады.
210. Консорциумның барлық қатысушылары осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулері болмауы тиіс.
Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
211. Консорциум тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу, сондай-ақ консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айналысуға рұқсат алу қажет жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық қабілеттілігіне ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Бұл ретте консорциумның негізгі қатысушысының Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айналысуға рұқсат алу қажет болатын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі өткізілетін сатып алу нысанасына сәйкес келуге тиіс.
212.Консорциум консорциумның негізгі қатысушысы көрсетілген талаптарына сәйкес келген жағдайда, осы Қағидалардың 36-тармағының 5) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-тарау. Кепілдік берілген тапсырыс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу
213. Кепілдік берілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің барлық әлеуетті жеткізушілері арасында мынадай тәртіппен кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі негізінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер арасында кепілдік берілген тапсырыс;
2) кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдік берілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуаттарын ескере отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушіні айқындайды;
3) кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өткізілген сатып алу негізінде әлеуетті өнім берушімен(лермен) (бұдан әрі - өнім беруші) осы Шартта көрсетілген кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына жауап беретін тауарды өндіруді және жеткізуді ұйымдастыру бойынша кемінде үш жыл мерзімге кепілдік берілген тапсырыс шартын(шарттарын) жасасады;
4) өнім беруші(лер) кепілдік берілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдік берілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.
16-тарау. Шарт
1-параграф. Шарт жасасу
214. Шарт жобасы осы Қағидаларға 15, 15-1, 16, 17, 18, 18-1 және 19-қосымшаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгі шарттар негізінде сатып алу нысанасының ерекшеліктері ескеріле отырып, сатып алу веб-порталы арқылы қалыптастырылады.
Тапсырыс беруші (Сатып алу бастамашысы) сатып алу веб-порталында шарт жобаларының үлгілерін қалыптастыруы мүмкін.
Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
214-1. Тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
1) тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 214-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
215. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде сатып алудың алдын ала жоспары шеңберінде жүргізілген сатып алу қорытындыларына шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер және (немесе) шығыстар сметасы, мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі шарт) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет, (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер және (немесе) шығыстар сметасы, мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі шарт) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Сатып алу шығыстарының тиісті бабын азайтуға бюджет бекітілген және сатып алудың алдын ала жоспары шеңберінде өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз деп айқындалған өнім беруші шарт жасасудан бас тартқан жағдайда Тапсырыс беруші осы Қағидаларға сәйкес сатып алу рәсімдерін қайтадан жүргізуге міндетті.
216. Егер сатып алу рәсімдері алдын ала сатып алу жоспары негізінде жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар тиісті бюджетте (өндірістік бағдарламада және (немесе) инвестициялық бағдарламада және (немесе) бюджетте және (немесе) даму жоспарында және (немесе) бизнес-жоспарда және (немесе) кірістер және (немесе) шығыстар сметасында, мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі шартта) бекітілмеген жағдайда шарттың жобасы жеңімпазға жіберілмейді. Бұл ретте осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған тәртіппен сатып алудан бас тарту жүзеге асырылады.
217. Шарт жобасын тендер (аукцион) тәсілімен, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жеңімпазы шарт жобасын қоса бере отырып, хабарлама веб-порталда келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде куәландырады.
Ескерту. 217-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
218. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы анықталған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қол қойған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Ескерту. 218-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
219. Әлеуетті өнім беруші Шарт жобасын веб-порталда алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін растайды.
Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және оның деректемелерін растауы болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші шартқа веб-порталда орналастырылған әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректеріне сәйкес қол қояды.
220. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен және (немесе) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс және (немесе) сақтандыру қызметтерін сатып алу шеңберінде сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өзге нысанда қағаз жеткізгіште ресімдеуге жол беріледі.
Ескерту. 220-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
221. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 219-тармағына сәйкес мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
222. Өнім беруші шартқа веб-портал арқылы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы қол қояды.
223. Егер өнім беруші он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, Тапсырыс беруші жеңімпаздың шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуден жалтарған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді. Шарттың жобасына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.
Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы Ережеде белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді. Шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
224. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-портал автоматты түрде айқындайтын шектеулері болса, Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 223-тармағында белгіленген мерзімде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарт жобасын жібереді.
225. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулері болса немесе оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойылмаса, Тапсырыс беруші қайтадан сатып алуды жүзеге асырады.
226. Шарт жасасу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
Ескерту. 226-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
227. Өнім беруші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) енгізеді.
Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) өнім беруші онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындайтындығына кепілдік ретінде енгізеді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап осы Қағидалардың 201-тармағының негізінде жүзеге асырылған бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ сатып алу қорытындылары бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны қосылған құн салығын есепке алмай, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің жүз есе мөлшерінен аспайтын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен айқындалған өнім берушілерге қолданылмайды.
Ескерту. 227-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
228. Егер шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Бұл ретте осы Қағидалардың 201-тармағы негізінде сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Тапсырыс беруші аванспен қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты белгілеуге құқылы.
Ескерту. 228-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
229. Әлеуетті өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен шарт жасалғанға дейін бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, өнім беруші аванспен қамтамасыз етуді алынатын аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде енгізеді.
230. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін азайтады.
231. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және келесі қаржы жылында авансты (бар болса) қайтаруды қамтамасыз етуді өнім беруші жаңа қаржы жылының алғашқы он жұмыс күні ішінде енгізеді.
232. Егер авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету және (немесе) шарттың орындалуын қамтамасыз ету көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, Тапсырыс беруші сатып алу туралы жасалған шартты біржақты тәртіппен бұзады, әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тендерлік комиссия бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп айқындайды.
Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізудің соңғы мерзімі өткенге дейін өнім берушінің сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындау жағдайлары ерекшелік болып табылады
233. Өнім беруші осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің, авансты және соманы қайтаруды қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі;
Әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде ұсынылады.
2) тендерлік құжаттамаға тапсырыс берушілердің әзірленген нысаны бойынша жеткізушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес өнім берушілерді қоспағанда) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
3) Тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна.
Ескерту. 233-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
234. Бұл ретте сақтандыру шартын төлем қабілеті бар және қаржылық-тұрақты болып табылатын сақтандыру ұйымы беруі тиіс. Қағидалар шеңберінде төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын растаумен сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты берілген айдың бірінші күніне дейінгі 12 (он екі) ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтауы қабылданады.
Сақтандыру шартына нөлдік шартты франшиза жағдайында қол қойылуы тиіс.
Ақпарат көзі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органының сайтында жарияланатын ай сайынғы деректер болып табылады.
235. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
236. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өнім берушіге авансты қайтаруды қамтамасыз етуді қайтарады.
Өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындауды бұзған жағдайда Тапсырыс беруші енгізілген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасынан өнім берушіге оның шарттық міндеттемелерді орындауын бұзғаны және осыған байланысты туындаған залал үшін есептелген айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қалған сомасы өнім берушіге ол шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған, сондай-ақ ол жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбестен шарт талаптарының бұзылуын жоюға жол берілген және ықтимал бұзушылықтарды жойған (мұндай бұзушылықтарға жол берілген жағдайда) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Бұл ретте өнім беруші айыппұл санкцияларын дербес төлеген жағдайда Тапсырыс берушінің Шартты орындауын қамтамасыз ету ұстап қалмайды және өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілмейді.
236-1. Сатып алудың жеңімпаздары болып анықталған әлеуетті өнім берушілермен немесе төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған шарттық міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілермен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші мұндай әлеуетті жеткізушілерді және (немесе) өнім берушілерді сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізу бойынша шаралар қабылдамайды, және оларға айыппұл санкцияларын қолданбайды.
Ескерту. 236-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
237. Өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авансты қайтаруды қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
238. Өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы Өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
239. Осы Қағидалардың 237 және 238-тармақтарында көзделген жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қайтаруды қамтамасыз ету (бар болса) тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
240. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) көздейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
241. Тапсырыс беруші ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына сәйкес ұзақ мерзімді сатып алу туралы шарт жасасады.
242. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бес жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Ескерту. 242-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
243. Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында соңғысы тендер тәсілімен сатып алудың қорытындылары шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы бекітетін тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер шартының қолданылуын ұзартады.
Бұл ретте мұндай сатып алу сатып алуды өткізу мерзімі ішінде Тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, бірақ бір тоқсаннан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
244. Шартта мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап болуы тиіс:
1) осы Қағидалардың 23-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген шектеулерді бұзу;
2) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеу. Бұл ретте Тапсырыс беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, Тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
245. Шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы талаптар қамтылады.
246. Шарт Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтиды.
247. Тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша жасалған шарттар бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем емес, бірақ күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімді құрайды.
248. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
249. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің кірісіне есептелетін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.
250. Сатып алу туралы шарт сатып алу жөніндегі орталықтандырылған қызмет сатып алу қорытындыларын жою және (немесе) қайта қарау туралы шешім шығарған кезде, оның ішінде Тапсырыс берушінің, Сатып алуды ұйымдастырушының сатып алу жөніндегі орталықтандырылған қызметтің осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде жасалмайды.
1-1. параграф. Шарт жасасудан жалтару және шарттың күшіне енуі
Ескерту. 16-тарау 1-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
250-1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаған немесе сатып алу туралы шарт жасасып, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
250-2. Сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушіні сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп таныған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген тендерге (аукционға) қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.
250-3. Сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не соңғысы сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (бар болса) қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңда және сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген осы Қағидалардың 363-1-тармағына көзделген соманы (бар болса) толық енгізгеннен кейін күшіне енеді.
2-параграф. Шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
251. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай:
1) аванстан бас тартқан немесе аванс (алдын ала төлем) төлеу шарттары өзгерген жағдайда;
2) тараптардың өзара келісімі бойынша шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде;
3) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған жағдайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде;
4) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиісінше әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп айқындалған күннен бастап және сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының елеулі төмендеуіне байланысты сатып алу туралы шарт (ұзақ мерзімді шарт) жобасының сомасын ұлғайту бөлігінде өзара байланысты талаптар сақталған кезде жол беріледі.
Шарттың жобасына мұндай өзгерістер енгізуге аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарында және (немесе) сатып алдың ұзақ мерзімді жоспарында сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі.
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын және/немесе тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу туралы шарт жобасының бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс.
Ескерту. 251-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
252. Жасалған шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасын және тиісінше шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;
2) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиісінше шартта көзделген сатып алу туралы шартты орындау басталған күннен бастап және орындау аяқталған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының елеулі төмендеуіне байланысты шарттың (ұзақ мерзімді) сомасын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге сатып алу жоспарында аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жылына бір реттен артық емес, ал ұзақ мерзімді шартқа жылына екі реттен артық емес жол беріледі.
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын және/немесе тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Шарттың орындалмаған көлемінің бір бөлігіне шарттың (ұзақ мерзімді) бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;
3) ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға және сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде;
4) жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен, осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты шарттың сомасын сатып алулар жоспарында бастапқы жоспарланған сомадан аспайтын сомаға және көлемге азайту не ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімін тиісінше өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шартқа мұндай өзгеріс енгізуге осы сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;
5) егер өнім беруші онымен жасалған шартты орындау процесінде бір бірлік үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында онымен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, көрсетілетін қызметтерді көрсетудің неғұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;
6) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың өзгеруінен туындаған тауарларды жеткізуге, қызметтер көрсетуге арналған сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде;
7) тауар өндіру үшін қажетті шикізат және(немесе) жинақтаушылар құнының, сондай-ақ тауардың баға белгілеуге әсер ететін тарифтердің елеулі өзгеруінен туындаған тауар бағасын азайту немесе ұлғайту салдарынан тауар өндірушімен жасалған тауарларды жеткізуге сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Мұндай өзгерістерді енгізуге шарт жасалған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткеннен кейін және жарты жылда бір реттен артық емес жол беріледі.
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын көрсете отырып, сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың бағасын және (немесе) тауарды жеткізуге шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу туралы шарттың орындалмаған көлемінің бір бөлігіне ұлғайту қажеттігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалардың, тарифтердің, алымдар мен төлемдердің өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге сатып алу жоспарында осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі;
9) бағасы нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздеріне немесе биржалық белгіленімдерге сәйкес қалыптастырылатын импортталатын көмірсутек шикізатының бірлігі үшін бағаның өзгеруі бөлігінде;
10) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген баға шегінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленетін тауар бірлігі үшін бағаны өзгерту бөлігінде;
11) Тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды тұлғасына қатысты сатып алу туралы шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда жұмыстар бойынша сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
12) өнім беруші жеткізілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, тауарды сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде. Тауарларды сатып алу туралы жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі.
Ескерту. 252-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
253. Сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа Қағидалардың 251 және 252-тармақтарында көзделмеген өзге негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) сатып алу шарттарының және (немесе) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
3-параграф. Шартты орындау
254. Шартты орындау кезінде тауарлардың атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, орны мен тауарларды жеткізу мерзімі (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
255. Шарттың орындалуы туралы құжаттар (жолдама, ұзақ мерзімді активтерді, орындалған (көрсетілген) жұмыстардың актісі, шот-фактура) осы Қағидалардың көзделген жағдайларды қоспағанда, қағаз және электрондық нысанда ресімделеді.
Шот-фактура Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз нысанда жазып беріледі .
Салық заңнамасында шот-фактуралар жазып беру бойынша міндет көзделмеген жағдайда, онда шот-фактура орнына төлем шоты жазып беріледі.
Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
256. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
257. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылауды сатып алу бастамашысы жүзеге асырады.
258. Тауарларды межелі пунктке жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі пунктке жеткізу;
2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін, ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беру актісін қоса тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі;
3) Тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы ;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураларды ресімдеу;
5) Тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі .
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.
Ескерту. 258-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
259. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (қызметтер көрсету) актісін ресімдеу;
2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;
3) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы берілген электронды шот-фактураларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімдеу;
4) Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін ақы төлеуі.
Осы тармақтың талаптары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 397-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары есепке алу сертификатталған есептеу жүйелері (аспаптары), оның ішінде коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтері арқылы жүргізілетін қызметтерді көрсетуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.
Ескерту. 259-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
260. Өнім беруші тауарды нақты жеткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы Тапсырыс берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген активтерді қабылдау-тапсыру актісін, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жібереді.
Ескерту. 260-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
261. Өнім беруші шарттық міндеттемелерді толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдап алу-беру актілерімен, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерімен бір мезгілде Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есепті жібереді.
262. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарды қабылдап алу-беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету актісін ресімдегені туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
Тапсырыс беруші жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды, бұл туралы өнім берушіге хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы хабарлайды.
17-тарау. Сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
263. Ерекше тәртіпті қолдана отырып сатып алу, алдын ала талқылау рәсімдерін регламенттейтін нормаларды және осы Қағидаларда көзделген сатып алуды жүзеге асыру мерзімдерін қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
264. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және (немесе) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты құрайтын мәліметтерді құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекше тәртіпті қолданыла отырып жүзеге асырылады.
265. Ерекше тәртіпті қолдана отырып сатып алу сатып алу веб-порталында орналастырылмастан жүзеге асырылады.
266. Тендер тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
2) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін айқындауы;
3) сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
4) сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын қалыптастыруы және бекітуге ұсынуы;
5) тапсырыс берушінің тендерлік құжаттаманы бекітуі;
6) тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің тізімін бекітуі;
7) сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілерді тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар етуі;
8) сатып алуды ұйымдастырушының тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді тендерлік құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
9) сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидалардың 310 және 312-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
10) сатып алуды ұйымдастырушының тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;
11) тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ тендерлік комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
12) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмелерін тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі (ұсынуы);
13) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімдерді қарауы;
14) тендерлік комиссияның тендерге қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және алдын ала рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
15) сатып алуды ұйымдастырушының тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);
16) тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру;
17) тендерлік комиссияның тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
18) сатып алуды ұйымдастырушының тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі (ұсынуы);
19) сатып алуды ұйымдастырушының тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған тендерлік баға ұсыныстарын тіркеу журналына мәліметтерді тіркеуі;
20) тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді ашу, тендерлік комиссияның тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру (тендер тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару);
21) тендерлік комиссияның тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі мен қол қоюы және оны сатып алуды ұйымдастырушының тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге жіберуі;
22) тапсырыс берушінің тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарт жасасуы.
267. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
268. Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алуды ұйымдастырушы Тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста өзін білдіретін қызметкерді айқындауға міндетті. Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталуы тиіс.
269. Ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда Тапсырыс беруші және (немесе) Сатып алудың бастамашысы Сатып алуды ұйымдастырушыға ол белгілеген мерзімде тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бюджеттен үзінді көшірмесін;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, біліктілік талаптары, техникалық ерекшелік және Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған және әр бетіне қол қойған бекітілген тізбесін ұсынады.
3) тендерлік комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар;
4) сараптама комиссиясының немесе сарапшының бекітілген құрамы;
5) сатып алуды өткізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;
6) сатып алу туралы үлгі шарттардың негізінде жасалған елеулі талаптарын көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың бекітілген жобасы;
7) әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру және бекіту үшін әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер.
Ескерту. 269-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
270. Осы Қағидалардың 269-тармағында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы сатып алуды ұйымдастырушыны дереу хабардар етеді.
271. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа, осы көзделген құжаттарды:
1) заңды тұлғалар мүшелерінің арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шартын (консорциум);
2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету құқығына тиісті лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін табыс етуге тиіс.
2-параграф. Тендерлік құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту
272. Сатып алуды ұйымдастырушы тендер тәсілімен сатып алуды өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес ерекше тәртіп қолданыла отырып, сатып алу бойынша үлгілік тендерлік құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерінде тендерлік құжаттаманы әзірлейді.
273. Егер әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес болған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері үшін сияқты құжаттар не Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы Заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттардың талаптарын ескере отырып, тендерлік құжаттама тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
274. Тендерлік құжаттаманы бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті тұлға бекітеді.
Ескерту. 274-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
275. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына тендерлік құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама болуға тиіс.
276. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, тендер тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
3-параграф. Тендерлік комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
277. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы әрбір тендерге жеке тендерлік комиссия құрады және тендерлік комиссияның хатшысын айқындайды.
Тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы Тапсырыс берушінің өзі тікелей не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет еткен жағдайда, тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.
Жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра алады (сарапшыны тарта алады).
Ескерту. 277-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
278. Тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның басқа да мүшелері тендерлік комиссияның мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Тендерлік комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Егер сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі тікелей әрекет еткен жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалуға тиіс. Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып өзінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет еткен жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалуға тиіс.
279. Тендерлік комиссияның төрағасы:
1) тендерлік комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;
2) тендерлік комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) Осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
280. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
281. Тендерлік комиссияның отырыстары тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және тендерлік комиссияның қатысып отырған мүшелері мен тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Тендерлік комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда, тендерлік комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.
282. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы тендерлік комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылуы және тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
283. Тендерлік комиссияның ұйымдастырушылық қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Тендерлік комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.
Тендерлік комиссияның хатшысы:
1) тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, тендерлік комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және қол қояды;
3) тапсырыс берушіге тендерлік комиссия қол қойған отырыстардың хаттамаларын, сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
4) тендерлік өтінімдер ашылған күннен бастап тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді;
5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
284. Сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде өзге де сарапшыларды, өтеусіз негізде қызмет ететін өзге де сапапшыларды сарапшылар ретінде тарта алады.
Қандай да бір тұлғаны сарапшы ретінде тарту үшін оның қызмет бейінінің сатып алу мәніне сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
Сатып алуды ұйымдастыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы сарапшы ретінде тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің мамандарын тарта алады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асырады.
285. Үш және одан да көп сарапшы тартылған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылар арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын айқындайды.
Сараптау комиссиясын құру және сараптау комиссиясының басшысын айқындау туралы шешімді сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.
Ескерту. 285-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
286. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын тендерлік комиссия, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, мұндай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір айтады, ол сараптама комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
287. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу басталғанға дейін тендерлік комиссияның мүшелері, тендерлік комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген тендерлік құжаттамамен және тендерлік құжаттамаға қосымшалармен танысуға тиіс.
4-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің тізімін бекіту
288. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, тендер тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді.
Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің, сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпараты бар мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге рұқсаты болуға тиіс.
289. Мекенжайына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып жасайды және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға бекітеді.
Ескерту. 289-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
290. Өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілер қатарынан тендерге қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастырады.
5-параграф. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерге хабарлау
291. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдер беруінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын:
1) әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жібереді;
2) әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы бойынша хабарламаға жауап ретінде тендерлік құжаттаманың көшірмесін жібереді;
3) хронологиялық тәртіппен бекітілген тендерлік құжаттаманы ұсыну фактісін, орналасқан жері, пошталық мекенжайы туралы мәліметтерді, сондай-ақ тендерлік құжаттаманы алған тұлға туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып тіркеуді қамтамасыз етеді.
Тендер тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асырған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
Сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мәліметтер тендерлік құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.
292. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
6-параграф. Представление потенциальным поставщикам копии тендерной документации
293. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда – тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушіге (оның уәкілетті өкіліне) тендерлік құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім беруші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз жеткізгіштегі табыс етеді (жібереді).
294. Сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда – тендерлік комиссияның хатшысы:
1) тендерлік құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерінің құжаттамалық растауының болуын тексереді;
2) әлеуетті өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің тендерлік құжаттаманың көшірмесін бергені үшін ақы төлегені туралы құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
3) тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына осы Қағидалардың 295-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып тендерлік құжаттаманың көшірмесін ұсынады не пошта байланысын пайдалана отырып жібереді;
5) осы Қағидалардың 296, 298 және 326-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
295. Тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналында мынадай мәліметтер:
1) тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың орналасқан жері;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері және байланыс телефондары;
5) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған уақыты мен күні;
6) егер мұндай төлемді алу туралы нұсқау тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, тендерлік құжаттаманың көшірмесін бергені үшін ақы төлеу фактісі көрсетілуі тиіс.
296. Тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналының соңғы беті сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс. Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді барлық сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
297. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланғанға дейін тендерлік құжаттаманың көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
7-параграф. Тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру
298. Тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша кездесуді ұйымдастыруды, түсіндірулердің мәтіндерін жіберуді сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.
Сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы күні өткенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың сауалына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Қағидалардың 295-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға өтеусіз негізде жіберуге міндетті.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылады.
Тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберіледі.
Сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен осы Қағидалардың 295-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға тендерлік құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.
Сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін қажет болған жағдайда осы Қағидалардың 295-тармағында көзделген тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғалардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және тендерлік құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта кездесу өткізеді. Сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі тұлғалармен көрсетілген кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес хаттаманы ресімдейді және қол қояды.
Тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияға, сондай-ақ осы Қағидалардың 295-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғаларға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.
299. Әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасына сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған тұлғалар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.
300. Егер әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша кездесу әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің тендерлік құжаттамада белгіленген кездесуді өткізу күні мен уақытына келмеуі себебінен өтпесе, сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай факті туралы тендерлік комиссияға жазбаша хабарлайды.
8-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдердің мазмұны және ұсыну
301. Тендерге қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіруі, сондай-ақ осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын, ол туралы мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.
302. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінім:
1) тендерлік құжаттамаға қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінім;
2) тендерлік құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші – жеке тұлғаның өтінімінде жеке куәліктің көшірмесі болуы тиіс (бұл ретте, тапсырыс беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы туралы ақпаратты қажет болған жағдайда сайтта алады: www.kgd.gov.kz "Электрондық сервистер/салық төлеушілерді іздеу" қосымша бетінде).
303. Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) куәландырылады.
Тендерге қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) және тендерге қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін растайтын құжаттың түпнұсқасы бөлек қоса беріледі.
304. Тендерге қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен бекітілуі тиіс (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса).
305. Тендерлік өтінімде ықтимал өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосымшалар, өшірулер немесе қосымша жазбалар болмауы тиіс.
306. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді оларды ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте ұсынады, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, тендерге қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тендер тәсілімен сатып алудың атауы, : "Сатып алу бойынша тендер (тендердің атауын көрсету) "және" дейін ашпаңыз: (тендерге қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)".
307. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған тендерге қатысуға өтінім салынған конверт тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
308. Тендерлік құжаттамада белгіленген мерзім ішінде сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.
309. Сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуетті өнім берушінің атынан тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;
2) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерде осы Қағидалардың 306-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағидалардың 306-тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және қайтарылады:
әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға өтінімдер салынған конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне дереу;
3) тендерге қатысуға өтінімдер салынған тиісті түрде ресімделген конверттерді қабылдайды және тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына осы тармақта көзделген мәліметтерді енгізеді;
4) тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін енгізілген тендерге қатысуға өтінімге өзгерістер мен толықтырулар қабылдайды;
5) тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда, тендерге қатысуға өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тендерге қатысуға өтінім салынған, оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конверт тіркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған тендерге қатысуға өтінім салынған конверт тіркеуге және ашуға жатпайды.
310. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тендерге қатысуға өтінім жібереді.
311. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошталық мекенжайы;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы;
5) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті тіркеу күні мен уақыты;
6) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтініміне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат.
Тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді осындай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.
Тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс.
Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді барлық сатып алу бойынша тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген тендерге қатысуға өз өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерге қатысуға өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады.
Өзгерістер енгізу тендерге қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, мөрленуі және ұсынылуы тиіс.
312. Тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса) сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін өтініш түрінде ресімделеді.
313. Тендерге қатысуға өтінімге өзгерістер енгізу не тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Тендерге қатысу өтінімдеріне оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ешқандай өзгерістер енгізілмеуі тиіс.
9-параграф. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
314. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін тендерге (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізеді. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тек тендерлік өтінім берілетін лоттарға ғана енгізеді.
Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тендердің барлық лоттарына емес өтінімді ұсынған кезде лоттардан тұратын тендерге бөлінген жалпы сомаға енгізуге жол беріледі.
315. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді:
әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізетін кепілдік ақшалай жарна;
үлгілік тендерлік құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.
316. Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес. Әлеуетті өнім берушіге өзінің өтінімін ұзарту мерзіміне банк кепілдігінің әрекет ету мерзімін ұзартуға жол беріледі.
317. Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық тендерлік өтінімдерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде қабылдамайды.
318. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) тендерге қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің тендерлік баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаған не кері қайтарып алған;
3) тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) тендер жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасып, тендерлік құжаттамада белгіленген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы Ұйымдастырушының кірісіне есептеледі.
319. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) осы әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің тендерге қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;
2) тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған (көрсетілген жағдай тендерге қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды);
3) тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою (көрсетілген жағдай тендер жеңімпазы деп айқындалған тендерге қатысушыға қолданылмайды);
4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және тендер жеңімпазы тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда қайтарылады.
10-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
320. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақыты мен орнында тендерлік комиссияның қарапайым көпшілігінің, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.
Тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
Тендерлік комиссияның отырысына қатысушы адамдардың тендерлік комиссияның қызметіне араласуға құқығы жоқ.
321. Тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
322. Егер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың белгіленген күні тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны, тендерлік комиссияның хатшысы болмаса, тендерлік комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда тендерлік комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың белгіленген уақытына дейін үш сағаттан кешіктірмей бұл туралы сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін тендерлік комиссияның жоқ мүшелерін, хатшыны тендерлік комиссияның мұндай ауыстыру себебін көрсете отырып, ауыстыру бөлігінде тендерлік комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
323. Тендерлік комиссияның отырысы басталғанға дейін тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатпен ресімделген өкілеттіктерін тексереді.
324. Сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және тендерлік құжаттамада белгіленген мерзімде ұсынылған тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
325. Тендерге қатысуға өтінім, егер тендерге (лотқа) тендерге (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілген жағдайда да осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
326. Тендерлік комиссияның көрсетілген отырысында:
1) сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – тендерлік комиссияның хатшысы қатысушыларды:
тендерлік комиссияның құрамы, тендерлік комиссияның хатшысы;
тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болмауы, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушының тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы не болмауы, сондай-ақ себептері;
тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген тендерге қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;
хронологиялық тәртіппен тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, тендерге қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді жария етеді;
осы тендер бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не тендерлік комиссия мүшелерінің арасынан төраға не төраға белгілеген адам:
тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) тендерлік комиссияның хатшысы:
осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін тендерлік комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
327. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысқан тендерлік комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне қол қояды.
328. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне тендерлік комиссияның өткізілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
11-параграф. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау, тендерге қатысуға жіберу
329. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімдерді қарайды және тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушілерді алдын ала жіберу не тендерге қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алуды жүргізген жағдайда, мұндай өтінімдер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қаралады).
Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес ресімделеді, оған тендерлік комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағына қол қояды. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға сараптама қорытындысы не сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі болған жағдайда қоса берілуі мүмкін.
Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.
330. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тендерлік комиссияның хатшысы:
1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда тендерлік комиссия төрағасының орынбасарымен тендерге қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырысын өткізу күні мен уақытын келіседі;
2) тендерлік комиссияның мүшелерін тендерге қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырысын өткізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
3) тендерлік комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына қол қойғызып ұсынады;
4) оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптама комиссиясына) әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына қол қойғызып ұсынады.
331. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы:
1) тендерге қатысуға өтінімді құрайтын құжаттар пакетіне кіретін құжаттың атауын;
2) парақтар санын;
3) тендерлік өтінімнің құжаттарын алған тұлғаның тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алған күнін;
4) тендерлік өтінім құжаттарын кері алғаны туралы куәландыратын тендерлік комиссия хатшысының тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алған күнін қамтиды.
332. Тендерлік комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының басшысы) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімі құжаттарының тендерлік комиссияның хатшысына қайтарылғанға дейін оларды қарау кезінде сақталуын қамтамасыз етеді.
333. Өтінімдерді қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырыстары осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
334. Тендерлік комиссияның отырысын өткізбестен тендерге қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
335. Тендерлік комиссия:
1) тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін құрайтын құжаттар пакетінің толық және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;
2) құжаттардың толық тізбесін және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) қажет болған жағдайда тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;
4) қажет болған жағдайда тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Тендерлік комиссияның тендерге қатысуға арналған өтінімді тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салуларына және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Тендерге қатысуға арналған өтінімді тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп өтінімді толықтыруға, тендерге қатысуға, тендерге қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған тендерлік комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды.
Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатыспау және (немесе) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы бөлігінде сәйкестігін және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмегенді нақтылау мақсатында тендерлік комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
336. Тендерлік комиссия енгізілген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес емес деп мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) тендерлік комиссияға мынаны:
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
мұндай әлеуетті өнім берушіні тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылмайтын өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауын;
қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауын;
банктік кепілдік және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуі берілген тұлғаны;
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермеген мәліметтердің болмауынан тендерге қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуі тиісінше ресімделмеген;
3) тендерге (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда таниды.
Тиынмен есептелген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
337. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
әлеуетті өнім беруші қызметті үлгі Жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін не қазақ және (немесе) орыс тіліне аудара отырып, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені (және) бермесе;
мемлекеттік ақпараттық жүйеде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың (хабарламалардың), сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермесе;
Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) бермесе;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) электрондық құжаттың қағаз көшірмесін, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін үлгі Жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін бермесе;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасын бермесе;
тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кейін алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді бермесе;
тиісті мемлекеттік кіріс органының мәліметтерінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы ақпарат болса (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда).
үлгі тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбаса;
әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе (бұл ретте тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі тиіс);
тендерлік өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса;
ол банкроттық не тарату рәсіміне жатады;
2) егер оның тендерге қатысуға өтінімі тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, мынадай:
үлгі тендерлік құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінімді ұсынбау;
өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін негіз болып табылматын;
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін, неғұрлым озық техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсыну;
тендерде сатып алу нысаны болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің үлгі тендерлік құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес қосалқы мердігерге (қоса орындаушыға) беретін жұмыстардың және қызметтердің түрлерін (әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерді (қоса орындаушыларды) тартқан жағдайда) орындау бойынша қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (қоса орындаушыға) қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген жағдайда орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығында екіден бірі артық көлемін қосалқы мердігерлікке (қоса орындаушыға) берген;
тендерге қатысуға тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес өнінімді қамтамасыз етуді ұсынбау;
тендерлік құжаттама талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықтау;
жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына келісімі туралы хатты ұсынбау негіздері бойынша;
3) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзған не ол тартқан қосалқы мердігер (қоса орындаушы) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса тендерге қатысуға жіберілмейді.
337. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
жеке куәліктің көшірмесін бермеу (бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/Салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады);
жеке куәліктің (паспорттың) нотариалды куәландырылған көшірмесін бермеу);
олар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде болмаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің рұқсаттарының (хабарламаларының), сондай-ақ сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының және басқа да құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынбаса;
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбаса;
тендерлік өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбаса;
тиісті кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпарат болса;
үлгілік тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермесе;
тендерлік құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмесе (бұл ретте шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуге тиіс);
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
оның банкроттық рәсіміне не таратуға жатуы негіздері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
2) егер оның тендерге қатысуға өтінімі тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, мынадай негіздер бойынша:
үлгілік тендерлік құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінімді ұсынбаса;
техникалық ерекшелікті ұсынбаса;
неғұрлым үздік техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынса;
үлгілік тендерлік құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес тендерде сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін бермесе (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығында екінші көлемінен көп берілсе;
тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;
тендерлік құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты ұсынбаса;
3) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса тендерге қатысуға жіберілмейді.
338. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ тендерге қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарды толық және тиісінше ресімделуі тұрғысынан өз құзыреті шегінде қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы сараптамалық қорытындыны ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиісті түрде ресімделген сараптамалық қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын тендерлік комиссияның хатшысына береді.
339. Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым жақсы технологиялық шешімдер және (немесе) үздік материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің тендерлік құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
340. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдірген жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр парағын дәйектейді.
341. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін тендерлік комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы төрағаны, ал ол болмаған жағдайда тендерлік комиссия төрағасының орынбасарын хабардар етеді және тендерге қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін тендерлік комиссия отырысын өткізу күні мен уақытын онымен келіседі;
2) тендерлік комиссияның мүшелерін, сондай-ақ сарапшыны (сараптау комиссиясын) тендерлік комиссия отырысының тағайындалған күні мен өткізілетін уақыты туралы хабардар етеді.
342. Тендерлік комиссияның көрсетілген отырысында:
1) тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптау комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
2) сарапшы не сараптама комиссиясының басшысы негізделген тұжырымдары бар сараптамалық қорытындыны, оның ішінде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пікірін (егер ондайлар бар болса) жария етеді, қажет болған жағдайда тендерлік комиссия мүшелеріне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсіндіреді;
3) тендерлік комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, тендерге қатысуға өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
4) тендерлік комиссияның хатшысы алдын ала рұқсат беру не тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
343. Тендерлік комиссия біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде жеті жұмыс күні болуға тиіс алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімде тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
Мыналарды:
1) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттама талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған;
3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген;
4) техникалық ерекшелікте көзделген техникалық ерекшеліктер мен құжаттарды ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.
344. Ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабардар етеді.
345. Әлеуетті өнім берушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға сәйкес келтірілген тендерлік өтінімдерді тігілген түрде нөмірленген беттерімен ұсынады. Тендерлік өтінімнің соңғы беті қолымен және мөрімен (егер ондай бар болса) куәландырылады.
346. Сатып алуды ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімдер салынған тиісті түрде ресімделген конверттерді қабылдайды және тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына мәліметтерді енгізеді.
347. Біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарауға:
1) тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда сұратуға;
2) тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, мемлекеттік органдардың техникалық ерекшелігін жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Тендерге қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, тендерге қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, осы Қағидалардың 343-тармағында көзделген біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты тендерлік комиссияның сұрау салуы мен өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
348. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, тендерлік құжаттаманың талаптарына жауап беретін ретінде қарайды.
Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
2) ол осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса;
3) оның тендерге қатысуға өтінімі Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша тендерлік құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, тендерге қатысуға жіберілмейді.
349. Тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша тендерлік комиссия 10 күнтізбелік күн ішінде:
1) біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және тендерге қатысушылар деп таниды;
2) тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидалардың 31-қосымшаға сәйкес ресімделеді, отырысқа қатысқан тендерлік комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға рұқсат беру (тендерге қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әр парағын дәйектейді. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды не тендерлік комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін.
350. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін тендерге қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттамада белгіленген мерзімде жіберуді қамтамасыз етеді.
12-параграф. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру (тендер)
351. Тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (тендерге қатысушы) тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік баға ұсынысы бар конвертті ұсынады.
352. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақыты мен орны бойынша тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.
353. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде тендерлік комиссияның хатшысы:
1) тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді ұсыну және тендерлік комиссияның отырысына қатысу үшін тендерге қатысушылар өкілдерінің өкілеттіктерінің құжаттамалық растауының бар-жоғына куәландырылады;
2) тендерлік баға ұсыныстарын тіркеу журналына тендерге қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.
354. Тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған тендерлік баға ұсыныстары бар конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.
355. Тендерлік комиссияның хатшысы мұндай бас тартудың себебін тендерлік баға ұсыныстарын тіркеу журналында көрсете отырып, тіркеуден бас тартылған тендерге қатысушылардың тізімін көрсетеді.
356. Тендерлік комиссия отырысында:
1) тендерлік комиссияның төрағасы не тендерлік комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген тұлға:
тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;
тендерлік баға ұсыныстарын ұсынған тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын тіркеуді хронологиялық тәртіппен жариялайды;
тендерлік комиссияның хатшысына ашылған тендерлік баға ұсыныстары бар конверттерді береді;
2) тендерлік комиссия:
тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын қабылдамайды;
осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда демпингтік бағаны айқындайды және демпингтік баға болып табылатын тендерге қатысушының тендерлік баға ұсынысын қабылдамайды;
тендерге қатысушылардың бағасын салыстырады және олардың арасында ең төмен баға негізінде тендер жеңімпазын анықтайды.
357. Әлеуетті өнім берушілердің тендерлік баға ұсыныстарының бағалары тең болған кезде тендердің мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында үлкен жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде тендерлік баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің тендерлік баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген тендерге қатысушы жеңімпаз болып табылады.
358. Тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша тендерлік комиссия отырысының нәтижелері бойынша:
1) төраға, ол болмаған жағдайда тендерлік комиссия төрағасының орынбасары тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру күні:
тендерлік комиссия отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелерін жария етеді және қатысып отырғандарға тендер жеңімпазын жариялайды;
2) тендерлік комиссия хатшысы:
тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан тендерлік комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ тендерлік комиссия хатшысының қол қоюы мен әр парағына қол қоюын қамтамасыз етеді;
тендерге қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына ол туралы мәліметтер енгізілген тендерге қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талабы бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне тендер тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
тендер тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
359. Сатып алуды ұйымдастырушы тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға жіберілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атына тендердің қорытындылары туралы хабарлама жіберуге міндетті.
13-параграф. Айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейін тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
360. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық көлемі құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, онда тендер мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе өзге уәкілетті тұлғаның шешімімен тендерлік комиссияның құрамы бекітіледі, тендерлік комиссияның хатшысы айқындалады, қажет болған жағдайда сараптама комиссиясы құрылады не сарапшы айқындалады.
Сатып алуды ұйымдастырушы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын құндық көріністе белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша бір қаржы жылына тұрақты негізде тендерлік комиссияның құрамын бекітуі, тендерлік комиссияның хатшысын белгілеуі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны белгілеуі мүмкін;
2) тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жіберіледі. Тендерлік құжаттама тендерлік өтінімді ұсынудың елеулі шарттары мен нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті тұлғасы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай мәліметтерді қамтиды:
сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерді ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы.
Біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар әлеуетті өнім берушілерден сұратылмайды.
Үлгілік тендерлік құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ұсынылатын әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі әлеуетті өнім беруші ретінде тендер тәсілімен сатып алуға қатысуға ниет білдіру және тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған тендерлік өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен тендерлік өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған тендерге қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды;
4) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдері бар конверттерді тендерлік комиссия тендерлік өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және тендерлік өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз тендерлік баға ұсынған әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп айқындайды.
Егер ең төмен тендерлік баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, тендерлік баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің тендерлік баға ұсыныстарынан бұрын тіркелген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Тендерлік комиссия, қажет болған жағдайда, тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдеріне байланысты түсіндірмелерді жазбаша нысанда, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда сұратады.
Тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімдерді тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салулары мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Тендерге қатысуға өтінімдерді тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп тендерлік комиссияның тендерге қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, тендерге қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдары түсініледі;
5) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі, егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуетті өнім беруші біреуден артық тендерлік баға ұсынысын ұсынса;
әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді, техникалық ерекшелікті, тендерлік баға ұсынысын қол және мөр (бар болса) қоймай ұсынса;
әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, қабылданбай қайтарылуға жатады;
тендерлік өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;
6) тендер қорытындылары туралы шешім мынадай:
тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошта мекенжайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы;
тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, қабылданбаған тендерлік өтінімдер туралы;
тендер жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
7) тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы тендерлік өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді тендер қорытындылары туралы хабардар етеді.
Ескерту. 360-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
361. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, сатып алуды ұйымдастырушылар мен тендерлік комиссияның мүшелері Заңды және осы Қағидаларды басшылыққа алады.
18-тарау. Тендерлік өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
362. Сатып алуға қатысушы ұсынған, осы Қағидалардың 363 және 365-тармақтарымен айқындалған шекті мәннен төмен болып табылатын баға ұсынысы демпингтік баға деп танылады.
363. Белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар құрылыс-монтаждау жұмыстарына, кешенді жұмыстарға баға ұсынысы, жобалау алдындағы, жобалау және іздестіру жұмыстары, егер ол сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 15 (он бес) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.
Ескерту. 363-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
363-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуге баға ұсынысы, егер ол бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.
Ескерту. 363-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
363-2. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарына баға ұсынысы (аккредиттелген сараптама ұйымы), егер ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.
Ескерту. 363-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
364. Консультациялық (консалтингтік) қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 70 (жетпіс) пайыздан аса төмен және (немесе) сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.
Ескерту. 364-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
365. Осы Қағидалардың 363-тармағында көрсетілмеген жұмыстарға, осы Қағидалардың 364-тармағында көрсетілмеген қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 30 (отыз) пайыздан аса төмен және (немесе) сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.
Бұл ретте, сатып алуда (лотта) екеуден артық өтінім (баға ұсыныстары) болған жағдайда осы тармақ өтінімдерді (баға ұсыныстарын) ашу сәтінде веб-порталда қолданады.
Ескерту. 365-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
365-1. Осы Қағидалардың 363-тармағында көрсетілмеген тауарларға, жұмыстарға, осы Қағидалардың 364-тармағында көрсетілмеген қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.
Бұл ретте, сатып алуда (лотта) екеуден артық өтінім (баға ұсыныстары) болған жағдайда осы тармақ өтінімдерді (баға ұсыныстарын) ашу сәтінде веб-порталда қолданады.
Ескерту. 365-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
366. Тиындармен есептелген Демпинг дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
367. Осы Қағидалардың 364 және 365-тармақтары баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне де қолданылады.
19-тарау. Тапсырыс берушінің, Сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, сатып алу операторының әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану
368. Тапсырыс берушінің, Сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, сатып алу операторының әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану шарттары мен мерзімдері Заңның 186-4-бабында көзделген.
369. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет веб-портал арқылы тұрақты бақылауды жүзеге асырады
370. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет Бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің заңды және осы Қағидаларды бұзғанын анықтаған кезде мынадай шараларды қабылдайды:
1) бақылау объектісіне бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті хабарламаларды жібереді;
2) міндеттемелер тиісінше орындалған сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, заңды және осы ережені бұза отырып жасалған, күшіне енген сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
20-тарау. Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы
371. Тапсырыс беруші уәкілетті органға электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін және осындай электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторын ұсынады.
372. Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
373. Ақпараттық жүйенің Заңның және осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тәуелсіз сараптаманың қорытындысымен расталады.
374. Электрондық сатып алу ақпараттық жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы қамтамасыз етеді.
375. Заңға және (немесе) осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енген күннен кешіктірмей электрондық сатып алу ақпараттық жүйесіне сәйкес келтіреді.
Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторы осындай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеуге қатысуға құқылы.
Бұл ретте ақпараттық жүйенің Заңға және (немесе) осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар шарттарына сәйкестігі тәуелсіз сараптаманың қорытындысымен расталады.
21-тарау. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды сатып алуды өткізу тәртібі
Ескерту. 21-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Аукцион тәсілімен жүзеге асыру
376. Аукцион тәсілімен сатып алу нақты уақыт режимінде сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.
377. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделмеген тауар аукционның нысанасы болып табылады.
378. Аукционға біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.
379. Тауар жеткізілетін бірнеше орын болған жағдайда, лотта тауар жеткізілетін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
2-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
380. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) Тапсырыс беруші мен Cатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыны және алдағы аукционда оның мүдделерін білдіретін Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
2) Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынуы не Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
3) Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және шарт жобасын аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін веб-портал арқылы жіберуі;
4) аукциондық комиссияның құрамын айқындау және бекіту;
5) аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және аукциондық комиссияны аукциондық құжаттаманың шарттарымен веб-портал арқылы таныстыру;
6) веб-портал арқылы алдын ала талқылау үшін аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы орналастыру және аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру;
7) аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген аукциондық құжаттаманы веб-порталда орналастыру;
8) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
9) аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан веб-портал арқылы қарауы;
11) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушылар деп тану;
12) веб-портал арқылы аукцион, ең төменгі баға негізінде аукцион жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде қалыптастыру және орналастыру;
13) аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде Тапсырыс берушінің жеңімпазбен шарт жасасуы.
3-параграф. Тапсырыс берушінің Сатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды беруі
381. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Сатып алуды ұйымдастырушы және (немесе) Тапсырыс беруші Сатып алу бастамашысының және (немесе) Тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:
1) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға және (немесе) Сатып алу бастамашысы веб-портал арқылы қол қойған аукционды өткізуге өтінімді;
2) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға бекіткен аукциондық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелікті, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын үлгілік шарттар негізінде әзірленген шарт жобасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі сатып алуды жүзеге асыруға арналған өтінімді ұсынуы негізінде жүзеге асырады.
Аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың болуына жол беріледі.
4-параграф. Аукциондық комиссияның құрамын айқындау, бекіту және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау
382. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық комиссияның құрамын және аукциондық комиссияның хатшысын бекітуге міндетті. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
383. Егер Тапсырыс берушінің тікелей өзі не оның атынан құрылымдық бөлімшесі немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты қызметкері Сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет еткен жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.
384. Аукциондық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелері аукциондық комиссияның мүшелері болып табылады. Аукциондық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге қатысады.
Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде үш адамды құрайды.
Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.
384-1. Өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында тиісті квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аукциондық комиссияларында қоғамдық кеңестер мүшелері қатысады.
Ескерту. Қағидалар 384-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
385. Аукциондық комиссияның төрағасы Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары немесе өзге басшысы болады. Аукциондық комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын аукциондық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) аукциондық комиссияның қызметін басқарады;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
386. Аукциондық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда, аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
Аукциондық комиссия мүшелерінің біреуінде мүдделер қақтығысы болған кезде, осы тұлға бұл туралы аукциондық комиссияның хатшысын хабардар етеді, бұл туралы ашық аукцион қорытындылары туралы хаттамада жазылады. Бұл ретте осы тұлға аукциондық комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.
387. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссияның хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Аукциондық комиссияның хатшысы Сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан айқындалады.
Аукциондық комиссияның хатшысы:
1) аукциондық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;
2) веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыруды, аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасын, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды орналастырады;
3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
388. Аукционды өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссияның мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы бекітілген аукциондық құжаттамамен және оған қосымшалармен таныстырылады.
5-параграф. Аукциондық құжаттама, аукциондық құжаттаманы бекіту және оны веб-порталда орналастыру
389. Сатып алуды ұйымдастырушы аукционды өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес аукциондық құжаттаманы қазақ және орыс тілдерінде веб-порталда қалыптастырады.
390. Аукциондық құжаттамада біліктілік талаптарынан басқа мыналар қамтылуы тиіс:
1) Сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
2) ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттарды көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды жеткізу сәтінде ұсыну туралы талап болуы мүмкін.
3) өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны;
4) тауарды жеткізу орны (орындары);
5) тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі;
6) төлем шарттары және шарт жобасы;
7) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттары, мазмұны мен түрлері;
8) әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өз өтінімін оларды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;
9) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және аукционға қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
10) аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукциондық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;
17) Тапсырыс берушінің және Сатып алуды ұйымдастырушының алдағы аукцион тәсілімен сатып алуда олардың атынан әрекет ететін уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;
18) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу, авансты қайтаруды қамтамасыз ету (аванс белгіленген жағдайда) шарттары, түрлері, көлемі және тәсілі;
19) аукцион тәсілімен өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер.
Аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін сатып алу шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
390-1. Аукциондық құжаттамада осы Қағидаларда көзделмеген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер санының шектелуіне алып келетін, оның ішінде мыналарға:
1) әлеуетті өнім берушілерге кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;
2) тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға, мыналарды:
негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтылымды (лицензиялық бағдарламалық қамтымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, нұсқаулардың болуына қатысты сатып алу талаптары белгіленбейді.
Ескерту. Қағидалар 390-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және хаттамасын веб-порталда орналастыру
391. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау аукциондық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.
Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратулар Тапсырыс берушіге, Сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жіберілуі мүмкін.
Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұратулар болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
392. Ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратулар болған жағдайда Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді немесе қабылдамау себептерін көрсете отырып, аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамайды.
Сатып алуды ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші бір тұлға болған кезде, Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ аукциондық құжаттаманы орналастыруға міндетті.
393. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында аукциондық құжаттама жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.
Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
394. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сатып алу осы Қағидалардың 391-тармағына сәйкес жүргізіледі және жұмыс уақытында веб-порталда жарияланады.
Бұл ретте мұндай сатып алудың аукциондық өтінімдерін қабылдау аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні веб-порталда жарияланған күннен кейінгі күннен бастап Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден басталады.
395. Аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің тиянақты негіздемесі аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
396. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелері бойынша Тапсырыс берушінің және (немесе) Ұйымдастырушының шешіміне осы Қағидаларда және Заңда айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
397. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн.
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өз бастамасымен аукциондық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда аукциондық құжаттама алдын ала талқылауға жатады.
7-параграф. Аукцион өткізу туралы хабарлама
398. Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын орналастырады.
Осы Қағидалардың 104-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.
Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
399. Аукцион тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асырған жағдайда Сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын өтпеген аукционның аукциондық құжаттамасының өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
8-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын ұсыну
400. Аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттама жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.
401. Аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарланған сәтке дейін ұсынуға жол берілмейді.
9-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды ұсынуы
402. Аукционға қатысуға өтінім аукциондық құжаттамада көрсетілген оны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісітінін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісетінін білдіретін нысан болып табылады.
403. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімде аукциондық құжаттама нысанында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
1) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулердің жоқтығы туралы;
2) оның және Тапсырыс берушінің не Сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Қағидаларда тыйым салынған қатынастардың жоқтығы туралы;
3) осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген фактілер анықталған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзуға келісім беру туралы растауы қамтылуы тиіс:
404. Аукционға қатысуға өтінім аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде қабылданған болып есептеледі.
405. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.
406. Заявка на участие в аукционе потенциального поставщика подлежит автоматическому отклонению веб-порталом в следующих случаях:
Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін мынадай жағдайларда:
1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім бергенде;
2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскенде;
3) аукциондық баға ұсынысы осы тауарды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткенде веб-портал автоматты түрде қабылдаудан бас тартады.
Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші беретін аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік қырық күнді құрайды, аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдер ашылған күннен кейінгі күннен басталады және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.
407. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
408. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің аукционға қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
Аукционға қатысуға өтінімді оны ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарып алуға жол берілмейді.
409. Осы Қағидалардың 392-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінімдерге оларды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
410. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамаға сәйкес талап етілетін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорларға жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.
10-параграф. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
411. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Аукционға бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лотқа жеке ұсынуға құқылы.
412. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.
Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, онда ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна аукционға қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімі аяқталғанға енгізіледі;
2) Сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна.
Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдік ақшалай жарнасына тұтастай не бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, Сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
413. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген кезде ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тауарларды сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және аукциондық комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде аукцион тәсілімен тауарларды барлық сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
414. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
415. Сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындағанда:
1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) аукцион жеңімпазы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған;
3) егер әлеуетті өнім беруші аукциондық өтінімнің құрамында дұрыс емес ақпарат берген кезде, осы фактіні растайтын құжаттар болған жағдайда әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.
416. Осы Қағидалардың 415-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы Тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.
417. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда ашу хаттамасын орналастыру;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;
4) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның осы Қағидаларға сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
11-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу
418. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталған сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.
419. Егер аукционға (лотқа) аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
420. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал оларды ашқан сәтте осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссия мүшелеріне, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар жібереді.
12-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау
421. Аукциондық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды.
422. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді мына жағдайларда:
1) банк кепілдігінің түпнұсқасын қағаз тасығышта ұсынбаған;
2) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
3) комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукцион тәсілімен тауарларды сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін, мәліметтердің болмауынан көрінетін, аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
4) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген кезде аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
423. Егер:
1) әлеуетті өнім беруші мынадай негіздемелер бойынша:
конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте алынбаған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің берілмеуіне;
тиісті мемлекеттік кіріс органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы ақпараттың болуына (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуына;
ол банкроттық не тарату рәсіміне жатуына байланысты біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса;
2) аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай негіздемелер бойынша:
аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеуіне;
аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталуына байланысты аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса;
3) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптары бұзылса, әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға рұқсат берілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).
424. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды және аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (аукционға қатысушылар деп таниды).
425. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда, өтінім осы Қағидаларға сәйкес ашылады және аукционға қатысуға қаралады.
426. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға байланысты аукциондық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
427. Аукционға қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы веб-портал арқылы аукционға қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционға қатысуға өтінімдерді қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
427-1. Аукционға қатысуға бір өтінім берілген жағдайда, өтінім осы Қағидалардың 12-тарауына сәйкес ашылады және аукционға қатысуға қаралады.
Бұл ретте өтінімдер болмаған немесе бір өтінім рұқсат етілген жағдайларда веб-портал аукцион өткізілмей аукцион қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады.
Ескерту. Қағидалар 427-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
428. Аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) қабылдамау себептері толық сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген, біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі.
429. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы тиісті хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі көрсетілген құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
13-параграф. Аукционды өткізу
430. Аукцион сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік екі күн өткеннен кейінгі жұмыс күні аукцион өткізілетін күн болып табылады.
Аукционның басталу уақыты жұмыс уақытында және Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 15.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.
431. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
432. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамына төмендету жолымен өткізіледі.
Аукцион қадамы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасының жарты пайызынан (0,5) бес пайызына дейін құрайды.
433. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді.
434. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады.
435. Сатып алу веб-порталы аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде анықтайды.
Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.
436. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.
437. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайда, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.
14-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама
438. Аукцион тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес автоматты түрде қалыптастырылады және веб-портал аукциондық комиссияның барлық мүшелерін және аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, 5 минут ішінде жариялайды.
439. Аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мынадай:
1) аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы;
2) аукцион нәтижелері туралы;
3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат қамтылады.
15-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алуды өтпеді деп танудың негіздері мен салдары
440. Аукцион тәсілімен сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) аукционға қатысуға берілген өтінімдердің болмауына;
2) аукционға қатысуға екіден кем өтінім ұсынылуына;
3) аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеуіне;
4) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылады:
441. Егер аукцион тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін:
1) аукцион тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;
3) осы Қағидалардың 441-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
442. Тапсырыс беруші мына жағдайларда сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы:
1) аукционға қатысуға берілген өтінімдердің болмауы. Бұл ретте, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні Тапсырыс беруші айқындайды. Жасалған сатып алу туралы шарттың бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспауы тиіс;
2) аукционға қатысуға екіден кем өтінімнің ұсынылуы. Бұл ретте, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауы тиіс.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспары/
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің атауы | Қаржы жылы |
1 | 4 | 5 |
Сатып алу жоспары
№ | Жоспар тармағының түрі | Сатып алу мәнінің түрі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде) | Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде) | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге ҚҚС есепке алмағанда | Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде) |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде) | ӘАОС | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Өнім берушінің белгісі | Ескерту |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
Жалпы мәліметтер:
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) "Қаржы жылы" деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы.
Сатып алу жоспары:
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);
4) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
5) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
6) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
7) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
8) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
9) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
10) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
11) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
12) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
13) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
14) "Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
15) "Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
16) "Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
17) "Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – сатып алуды жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;
18) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
19) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
20) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
21) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
22) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
23) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
24) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша
____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің атауы | Қаржы жылы |
1 | 4 | 5 |
Сатып алу жоспары
№ | Жоспар тармағының түрі | Сатып алу мәнінің түрі | Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде) | Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде) | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бір бірлігі үшін баға, теңге |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге ҚҚС есепке алмағанда | Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде) |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде) | ӘАОС | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) | Аванстық төлемнің мөлшері, % | Өнім берушінің белгісі | Ескерту |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Жалпы мәліметтер:
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) "Қаржы жылы" деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы.
Сатып алу жоспары:
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);
4) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
5) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
6) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
7) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
8) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
9) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
10) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
11) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
12) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
13) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
14) "Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
15) "Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
16) "Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
17) "Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
18) "Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
19) "Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – сатып алуды жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;
20) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
21) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
22) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
25) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
26) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
2-1-қосымша
Белгіленген тәртіппен тиісті индустриялық сертификат алған әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылатын сатып алу тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тізбеге қосу негіздері |
1 | Жиһаз өнімдері | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
2 | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
3 | Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы |
4 | Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы |
5 | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы |
6 | Ақпараттандыру объектілерін құру және жетілдіру бойынша қызметтер | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады |
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
2-2-қосымша
Бір лотқа біріктіруге жол берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы |
1. Тауарлар | |
1 | Кеңсе тауарлары |
2 | Шаруашылық тауарлары |
3 | Жуу құралдары |
4 | Азық-түлік өнімдері |
5 | Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар |
6 | Құрылыс материалдары |
7 | Электр тауарлары |
8 | Сантехникалық тауарлар |
9 | Қосалқы бөлшектер |
10 | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары |
11 | Жиһаз өнімі |
2. Көрсетілетін қызметтер | |
1 | Күзет және өрт дабылы қызметі |
2 | Услуги по техническому обслуживанию зданий (уборка помещений и благоустройство территорий, опрессовка и промывка систем отоплений, электромонтажные и сантехнические работы, услуги плотника) Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету қызметтері (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылу жүйелерін тығыздау және жуу, электромонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер) |
3 | Полиграфиялық қызметтер |
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы (әрбір лотқа жеке толтырылады)
Сатып алуды № ____________________________________________
Сатып алудың атауы________________________________________
Лоттың № _______________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің атауы________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _______________________________________
Өнім берішінің банк деректемелері ____________________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы_____________
Өндіруші ел (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)____________
Дайындаушы зауыттар (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)____
Баға ұсынысының валюта атауы _____________________________
Өлшем бірлігі _____________________________________________
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы
________________________________________________________
Саны (көлемі) _____________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ___________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ________________
Біз хабарламада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
Қорытынды туралы хаттама (Баға ұсыныстарын сұрату нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болуға тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады) Күні мен уақыты
Сатып алудың № ________
Сатып алудың атауы ___________________________________________
Өтінімдердің қабылдауы басталған күні __________________________
Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні __________________________
Ұйымдастырушының атауы _____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы________________________________
Лоттың № _____ | |
Лоттың атауы | |
Тапсырыс берушінің атауы | |
Тапсырыс берушінің мекенжайы | |
Бірлік үшін жоспарланған баға, теңге | |
Жоспарланған сома, теңге | |
Өлшем бірлігі | |
Саны |
Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал автоматты түрде қабылдамаған баға ұсыныстары (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Қабылдамау себебі |
Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН | Бірлік үшін бағасы | Әлеуетті өнім берушінің жалпы сомасы | Өтінім берудің күні және уақыты (хронологиясы бойынша) |
1. №___ лоты бойынша жеңімпаз: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) айқындау.
2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Қағидаларда белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) сатып алу туралы шарт жасасу
Не:
"№___ лот бойынша мемлекеттік сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________ байланысты өтпеді деп тану*":
Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысының ұсынылуы".
Не:
Сатып алуды болдырмау жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ кк.аа.жжжж.
Болдырмау туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).
Не:
Қағидалардың 19-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.;
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
5-қосымша
_________________________________________________________
(тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының) толық атауы
_________________________________________________________
(тендерлік құжаттаманы бекіткен тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
Бекітемін:Шешім № ___ күні _____
ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА
_________________________________________________________
(сатып алу нысанасының түрі)
_________________________________________________________
(тендер атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді) _____________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді) _____________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-maіl көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) _____________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-maіl көрсетіледі)
Тендерлік комиссияның хатшысы _______________________________
(Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-maіl көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Тендер қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні (берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы тендерлік құжаттама (бұдан әрі − ТҚ) мыналарды:
1) осы ТҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
2) осы ТҚ-ға 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес біліктілік талаптарын;
3) осы ТҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;
Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден не олардың ресми өкілдерінен (дилерлерден немесе дистрибьюторлардан) хат көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол берілмейді.
4) осы ТҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға келісім;
5) осы КҚ-ға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
6) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алу бойынша осы тендер үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды. Осы тендер үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:
лот № | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) |
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
1) кепілдік берілген ақшалай жарна, ұйымдастырушының мынадай банктік шотында орналастырылатын ақша: _____________________ (ұйымдастырушының атауы, БСН, банктік деректемелері);
2) Осы АД-ның 11-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.
Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін ұсынылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-1. Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға қамтамасыз етуді қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы тендерге қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы көрсетеді банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
1) сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;
2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен барлық сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерге қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің тендерлік құжаттама ережелерін түсіндіруі
5. ТҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ ТҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
6. Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ТҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ ТҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде ТҚ бекітілген болып саналады.
7. Ескертулер, сондай-ақ ТҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы ТҚ алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) ТҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) оларды қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсете отырып, ТҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
3) ТҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
ТҚ-ның жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ТҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген ТҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап ТҚ бекітілген болып саналады.
8. Ұйымдастырушы ТҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда ТҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
ТҚ-ның жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы, ТҚ жобасын алған веб-портал қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, ТҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге ТҚ-ның бекітілген мәтінін орналастырады.
9. ТҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 100-тармағына сәйкес ТҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
10. ТҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
11. ТҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде ТҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні ТҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
12. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі Қағидаларда айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
3. Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар
13. Тендерге қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы ТҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметерді көрсетуді) жүзеге асыруға тендерге қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, осы Қағидалардың тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
14. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы ТҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес тендерге қатысу туралы келісімді қабылдайды.
15. Консорциум ретінде тендерге қатысуға ниет еткен заңды тұлғалар өтінімді беру алдында осы ТҚ 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартты (консорциялық келісім) ресімдейді және жасайды.
16. Тендерге қатысуға өтінім мыналарды:
1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттарды;
осы ТҚ-ға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы ТҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес тендерде сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шығу жері мен өндірушінің атауын, және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін осы ТҚ-ға 6-қосымшаға, тауарлар үшін осы ТҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен (дилерлерден немесе дистрибьюторлардан) алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі.
Егер техникалық паспорттар, тауарлардың сәйкестік сертификаттары және тапсырыс беруші талап ететін өзге де құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілсе, ондай жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарды жеткізген кезде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хатын;
3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Қағидаларда белгіленген мөлшерде, мынадай:
осы ТҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;
ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.
4) осы ТҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы тендерлік баға ұсынысын қамтуы тиіс.
17. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде алпыс бес күнтізбелік күнді құрайды.
18. Тендерге қатысуға өтінімде қамтылатын электрондық құжаттардың көшірмелері суретінің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
19. Тендерге қатысуға өтінім, сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі.
Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.
4. Тендерге қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі
20. Тендерге қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға веб-портал арқылы ұсынады.
21. Әлеуетті өнім берушілер берген тендерге қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
22. Тендерге қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте тендерге қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
23. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы тендерге қатысуға өтінім берген;
2) тендерге қатысуға берілген өтінім осы тендерге қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Қағидалардың 23-тармағы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
24. Әлеуетті өнім берушінің тендерлік баға ұсынысы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.
5. Тендерге қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
25. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
1) енгізілген тендерге қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген тендерге қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің тендерге қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
26. Тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
27. Әлеуетті өнім беруші, оның тендерге қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, тендерлік комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) тендердің қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
6. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу
28. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал тендерге қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
Егер тендерге (лотқа) бір ғана тендерге (лотқа) қатысуға өтінім ұсынылған жағдайда, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
29. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал тендерлік комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
30. Тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге сатып алу қорытындысының хаттамасы жарияланған күннен бастап басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы тендерге қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
7. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау
31. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында тендерлік комиссия жүзеге асырады.
32. Қағидалардың 129-тармағына сәйкес тендерлік комиссия:
1) тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
2) тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
33. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау кезінде тендерлік комиссия мыналарды:
1) осы ТҚ-ның 34-тармағында көрсетілген жағдайда тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
2) қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
34. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын тендерлік комиссия біліктілік талаптары мен осы ТҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
35. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы ТҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, біліктілік талаптары мен осы ТҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) ұсыну және біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі;
3) тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.
36. Тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі тендерге қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес оны тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні, веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілердің электрондық поштасы арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, веб-порталға орналастырады.
37. Әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерге қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
38. Тендерлік комиссия:
1) тендерлік қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін олардың тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына толық сәйкес келтіру тұрғысынан қайта қарайды;
2) тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық емес және біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін тізбесін ұсынған әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың тендерге қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді қарауды, тендерге қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
4) біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген тендерге қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
Тендерлік комиссияның сұрау салуларына және тендерге қатысуға өтінімдерді ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Тендерге қатысуға өтінімді ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп тендерге қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін тендерге қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, тендерге қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған тендерлік комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптары мен ТҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және тендерге қатысушылар деп таниды.
Тендерлік комиссия, егер онда тендерге қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса тендерге қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
39. Тендерлік комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) Тендерлік комиссияға:
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тендердің атауы мен нөмірі;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) Тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді тендерге бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ТҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Тендерге қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ТҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
40. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ТҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.
Әлеуетті өнім берушіні Қағидаларда көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, тендерлік комиссия енгізілген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы ТҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
41. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға өтінімді ТҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
42. Әлеуетті өнім беруші егер:
1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
2) Қағидалардың 23-тармағында көзделген сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған жағдайда.
3) егер оның тендерге қатысуға өтінімі ТҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол Қағидалардың талаптарына сәйкес тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда тендерге қатысуға (тендерге қатысушы деп танылған) жіберілмейді.
43. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
44. Тендерлік комиссия тендер тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде тендерге қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 156-тармағына сәйкес тендерге қатысуға өтінім ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын ТҚ көзделген критерийлерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
45. Тендерлік комиссия сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шартты бағаға пайыздық әсерді тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
46. Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда тендерлік комиссия осындай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар сатып алу туралы шартқа енгізіледі.
47. Әлеуетті өнім беруші тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің, егер неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар тауарлар (көрсетілетін қызметтер), технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды ең жақсы материалдан орындау ұсынылса, ТҚ көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуіне жол беріледі.
48. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендерге қатысатын әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде тендерлік комиссия осы тендерде сатып алынатын тауарды, орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті жеткізу, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлерін жеткізу нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.
49. Тендерге қатысуға өтінім, егер онда тендерге қатысуға өтінімінде ұсынылатын мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателері болса ТҚ талаптарына жауап береді деп танылады.
8. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және тендер жеңімпазын айқындау
50. Тендерлік баға ұсынысы тендерге қатысуға өтінімнің біліктілік талаптарына және ТҚ талаптары мәніне қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.
51. Веб-портал тендерге қатысушылардың тендерлік баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:
Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;
тендерге қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде тендер жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
тендерлік баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады. Төленген салықтың сомасы бойынша көрсеткіштер тең болған кезде тендерге қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен тендерге қатысушы жеңімпаз деп танылады.
52. Тендерлік баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.
9. Тендерге қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
53. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің тендерге қатысуға өтінімін тендерге қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған жағдайда ашу хаттамасын орналастыру;
2) тендер тәсілімен сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда. Көрсетілген жағдай тендер жеңімпазы деп айқындалған тендерге қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартқа қол қойғанда және ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) аванстың қайтарылуын қамтамасыз ету сомасын енгізгенде.
54. Тендерге қатысуды қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) тендер жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) тендер жеңімпазы шарт жасаса отырып, ТҚ-да белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) аванстың қайтарылуын қамтамасыщз ету сомасын енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не тиісінше орындамаса, оның ішінде уақтылы орындамаса қайтармайды.
10. Тендер қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт
55. Сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт), Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
Қағидаларға 23-тармағы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде айқындалатын шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 15, 16, 17, 18 және 19-қосымшаларға сәйкес үлгілік шартқа сай жасалған шарттың жобасын тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
56. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде сатып алудың алдын ала жоспары шеңберінде өткізілген сатып алу қорытындыларына шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
57. Қағидалардың 219-тармағына сәйкес шарттың жобасын тендер жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
58. Тапсырыс беруші, тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге электрондық шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
59. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға мен оның деректемелерін растауы болмаған жағдайда тапсырыс беруші шартқа веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырлған тіркеу деректеріне сәйкес қол қояды.
60. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 221-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
61. Өнім беруші Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
62. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Қағидалардың 225-тармағына сәйкес шарт жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта сатып алуды жүзеге асырады.
63. Шарт уәкілетті органның Заңның 186-3-бабы 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, оның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының уәкілетті органның осындай шешіміне шағымдануы кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
64. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авансты қайтару (болған кезде) сомасын енгізеді.
65. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
66. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасы негізінде есептеледі.
67. Өнім берушілер шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:
1) Тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
2) Осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі;
Әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде ұсынылады.
3) Қағидалардың 233-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдай алады.
Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қайтару сомасын (бар болса), сондай-ақ Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
68. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
69. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
70. Қағидалардың 249-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
71. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, авансты қайтарудың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
72. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.
11. Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде қойылатын талаптар
73. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде Қағидаларда көзделген жағдайларда белгіленеді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Тендерлік құжаттамаға
1-қосымша
Лоттар тізбесі (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Тендер № ________________________________________
Тендердың атауы _____________________________________
Лоттың № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшері, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Таблицаның жалғасуы
Жұмыстың атауы | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
Тендерлік құжаттамаға
2-қосымша
Тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы _______________________________________
Ұйымдастырушының атауы ______________________________________
Тендердің № ___________________________________________________
Тендердің атауы ________________________________________________
Лоттың № _____________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл ақпарат толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде айқындалады.
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстарының атауы және сипаттамасы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны | Қызметкердің жұмыс өтілі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) |
1 |
5. Сатып алынатын тауардың тақырыбына ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы
№ | Сатып алынатың тауардың атауы (лоттың атауы) | Жыл саны |
1 |
Ескертпе.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тендерлік құжаттамаға
2-1-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер (тауарларды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы болған жағдайда) толтырады)
Ескерту. 2-1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Тендердің № ____________________________________________________
Тендердің атауы _________________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________
1. Органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (лицензиялардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (лицензияның), хабарламаның болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (лицензияның) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі |
1. |
* Осы тармақ, егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде айқындалады.
3. Банкроттық және (немесе) таратылу рәсiмiне жатпайтынымызды растаймыз.
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы және сипаттамасы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растау құжатының атауы, күні және нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | Қызметкердің жұмыс өтілі және растау құжаттары | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарларды жеткізу тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
№ | Тауардың атауы | Алушының атауы | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Растау құжатының атауы, күні мен нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
_______________________________________
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса).
Тендерлік құжаттамаға
3-қосымша
Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде толтырады)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Тендердің № _______________ ____________________________________
Тендердің атауы ________________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ______________ ____________________________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
2. тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде айқындалады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензиямен расталады.
5. Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде, тендерде сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) жұмыстар тәжірибесінің болуы
№ | Сатып алынатын жұмыстардың атауы (лоттың атауы) | Қажетті жұмыс тәжірибесі (жыл саны) | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) |
1 |
Ескертпе.
Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тендерлік құжаттамаға
3-1-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер (құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігер немесе бірлесіп орындаушы болған жағдайда) толтырады)
Ескерту. 3-1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Тендердің № ___________________________________________________
Тендердің атауы ________________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ___________________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН-і және атауы __________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (лицензиялардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі |
1. |
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде айқындалады.
3. Банкроттық және (немесе) таратылу рәсiмiне жатпайтынымызды растаймыз.
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензиямен расталады.
5. Растайтын құжаттардың (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
№ | Жұмыстың атауы | Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы /қосалқы мердігер) | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмысты аяқтау жылы, айы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электронды көшірмесі |
_______________________________________
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тендерлік құжаттамаға
4-қосымша
Жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ___________________________________
Ұйымдастырушының атауы __________________________________
Тендердің № _______________________________________________
Тендердің атауы ____________________________________________
Лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды талап еткен жағдайда, Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
* Егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде айқындалады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстарының атауы және сипаттамасы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны | Қызметкердің жұмыс өтілімі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтілім көзделген жағдайларды қоспағанда) |
1 |
5. Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатын ұқсас (ұқсас) жұмыс тәжірибесінің болуы
№ | Сатып алынатын жұмыстар мәнінің атауы (Лоттың атауы) | Жыл саны |
1 |
Ескерту.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әрбір бірлігі жеке жолмен көрсетіледі.
2. Әлеуетті өнім берушілерге өзге құжаттарда қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тендерлік құжаттамаға
4-1-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер (жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы болған жағдайда) толтырады)
Ескерту. 4-1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы __________________________________
Ұйымдастырушының атауы _________________________________
Тендердің № ______________________________________________
Тендердің атауы ___________________________________________
Лоттың № ________________________________________________
Лоттың атауы _____________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы _______
1. Органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда рұқсаттардың (лицензиялардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі |
1. |
* Бұл тармақ, егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде анықталады.
3. Банкроттық және (немесе) тарату рәсіміне жатпайтынын растаймыз.
4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы және сипаттамасы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растау құжатының атауы, күні және нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы | Т.А.Ә. (болған кезде) (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін ) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | Қызметкердің жұмыс өтілімі және растау құжаттары | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде, тендерде сатып алынатын ұқсас (ұқсас) жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда толтырылады).
№ | Тауардың атауы | Алушының атауы | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Растау құжатының атауы, күні мен нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
_______________________________________
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескерту:
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса).
Тендерлік құжаттамаға
5-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ___________________________________
Ұйымдастырушының атауы __________________________________
Тендердің № _______________________________________________
Тендердің атауы ____________________________________________
Лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Әлеуетті өнім беруші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 |
Егер қызмет көрсету тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде анықталады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстарының атауы және сипаттамасы | Саны |
1 |
Еңбек ресурстары:
№ | Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі) | Саны | Қызметкердің жұмыс өтілімі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтілім көзделген жағдайларды қоспағанда) |
1 |
5. Сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін ағымдағы жылдың алдындағы жұмыс тәжірибесінің болуы
№ | Сатып алынатын қызметтер мәнінің атауы (лоттың атауы) | Жыл саны |
1 |
Ескерту.
1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.
2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Тендерлік құжаттамаға
5-1-қосымша
Біліктілік туралы мәліметтер (қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы болған жағдайда) толтырады)
Ескерту. 5-1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2020 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тапсырыс берушінің атауы ____________________________________
Ұйымдастырушының атауы ___________________________________
Тендердің № ________________________________________________
Тендердің атауы _____________________________________________
Лоттың № __________________________________________________
Лоттың атауы _______________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы _________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.
№ | Рұқсат (хабарлама) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі |
1. |
* Осы тармақ, егер қызмет көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде анықталады.
3. Банкроттық және (немесе) таратылу рәсiмiне жатпайтынын растайды.
4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы және сипаттамасы | Қолда бар бірліктердің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растау құжатының атауы, күні және нөмірі | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажетті талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы | Т.А.Ә. (болған кезде) (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін ) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | Қызметкердің жұмыс өтілімі және растау құжаттары | Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда толтырылады).
№ | Қызмет атауы | Қызмет көрсету орны | Тапсырыс берушінің атауы | Қызмет көрсету жылы, айы (__- ден бастап__) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 | ||||||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескерту:
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса).
Тендерлік құжаттамаға
6-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)
Тендер № __________________________________________________
Тендер атауы ______________________________________________
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы _________________________________________________
Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықты қолдану туралы талап көрсетілуге тиіс.
Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
Тендерлік құжаттамаға
7-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әрбір лот жеке әлеуетті өнім берушіге беріледі)
Тапсырыс берушінің атауы ________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________
Тендердың № __________________________________
Тендердың атауы _______________________________
Лоттың № ______________________________________
Лоттың атауы ___________________________________
Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін көрсете отырып) | |
Өндіруші ел | |
Дайындаушы зауыт | |
Шығарылған жылы | |
Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда) | |
Жеткізу мерзімі | |
Тауарларды жеткізу орны | |
Сатып алынатын тауарларға, ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың атауы. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі. | |
Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамаларын сипаттау. | |
Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің дұрыстығын растаймын |
Тендерлік құжаттамаға
8-қосымша
Тендерге қатысу туралы келісім
Осымен берілген сатып алуға тендер тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тілек білдіреміз және ТҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауардың (лардың) жеткізілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне біздің келісімімізді растайтын мәліметтер алуға келісім береміз.
Егер ТҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса, онда осымен аталған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім білдіреміз.
Осымен Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Қағидаларда көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
Тендерлік құжаттамамен танысқанымызды және сатып алуды ұйымдастырушыға және Тендерлік комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
Тендерға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
Біздің тендерға қатысуға өтініміміз тендерлік құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Біздің өтініміміз тендердың жеңді деп танылған және сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз тендерлік құжаттамада көрсетілген мөлшерде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авансты қайтару соманы (бар болса) енгіземіз және сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.
Тендерлік құжаттамаға
9-қосымша
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (КОНСОРЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ)
20__ж. " "_________
Күні
бұдан әрі "Негізгі қатысушы" деп аталатын ________________________,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_____________ атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)
бұдан әрі "Қатысушы-2" деп аталатын ____________________________,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_____________ атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)
бұдан әрі "Қатысушы-3" деп аталатын ____________________________,
(заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)
_____________ атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,
(лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)
бірлесіп "Қатысушылар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы
консорциалық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады:
1. Терминдер, олардың анықтамалары мен талқылаулары
1.1. Қатысушылар осы Келісімде көрсетілген терминдер мен ұғымдардың мынадай біркелкі талқылануымен келісті:
"Тапсырыс беруші" - __________________________________________.
(тапсырыс берушінің атауы)
"Ұйымдастырушы" - __________________________________________.
(ұйымдастырушының атауы)
"Тендер" - _________________________________________________.
(тендер нөмірі мен атауы)
"Консорциум" - осы Келісім негізінде Қатысушылардың уақытша ерікті, тең құқылы одағы (бірлестігі), онда Қатысушылар кез келген ресрустарды біріктіреді және Жобаның ойдағыдай іске асырылуын шешу үшін күш-жігерін үйлестіреді;
"Сатып алу туралы шарт" - өткізілген Тендер қорытындысы бойынша Тапсырыс беруші жасасатын сатып алу туралы шарт;
"Жоба" - ____________________________________________________.
(лоттың нөмірі мен атауы)
"Жобаны іске асыру" - консорциумның Сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы;
"Құпия ақпарат" - кез келген ғылыми-техникалық, технологиялық, шаруашылық, қаржы-экономикалық немесе Қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде олардың қаржы-шаруашылық қызметіне, құрылтайшыларына, еншілес компанияларына, қызметтерлеріне және агенттеріне қатысты құжаттарды, қатысушылардың контрагенттері туралы ақпаратты, мұндай ақпарат "құпия" деп белгіленген бе, оған қарамастан үшінші тұлғаларға белгілі еместігіне байланысты жарамды немесе әлеуетті коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты өзге түрде көрсететін құжаттарды қоса алғанда өзге ақпарат.
1.2. Келісімнің осы тармағында тікелей көрсетілмеген ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
2. Келісімнің мәні
2.1. Осы Келісімнің қатысушылары Консорциум құрады, оны құру мақсаты Тендерға қатысу және Консорциумды Тендер жеңімпазы деп таныған және кейіннен Сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда – Жобаны табысты іске асыру болып табылады.
2.2. Осы Келісім жеткілікті тәжірибесі, материалдық және техникалық әлеуеті, еңбек ресурстары, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды жеткізуге және Тендер шарттарында көзделген өзге міндеттемелерді орындауға өкілеттіктері мен рұқсаттары бар Қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.
2.3. Қатысушылар Консорциум қызметінің жалпы мақсаттарына және коммерциялық мүдделерге сүйене отырып, ынтымақтастық қағидаттарына негіздей отырып, осы Келісімді жасасады.
3. Қатысушылардың құқықытары мен міндеттері
3.1. Қатысушылар:
3.1.1. Осы Келісімді орындау кезінде бір бірімен адал өзара іс-әрекет жасауға.
3.1.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Консорциумның қызметіне қатысуға.
3.1.3. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен салымдар енгізуге.
3.1.4. Консорциумның және жеке алғанда әрбір Қатысушының құпия ақпаратын жария етпеуге міндетті.
3.2. Қатысушылар:
3.2.1. Осы Келісімде анықталған тәртіппен Консорциумның істерін басқаруға қатысуға.
3.2.2. Консорциум қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде Консорциум ісін жүргізу бойынша кез келген құжаттамамен танысуға.
3.2.3. Консорциум қызметінен алынатын пайданы бөлуге қатысуға.
3.2.4. Қатысушылардың барлығының жалпы келісімі болған кезде Қатысушылардың жалпы мүлкін пайдалануға құқылы.
4. Қатысушылардың салымдары
4.1. Негізгі Қатысушының салымы мыналар болып табылады:
4.1.1. ________________________
4.1.2. _______________________
4.1.3. ______________________
4.2. "Қатысушы-2" салымы мыналар болып табылады:
4.2.1. ________________________
4.2.2. _______________________
4.2.3. ______________________
4.3. "Қатысушы-3" салымы мыналар болып табылады:
4.3.1. ________________________
4.3.2. _______________________
4.3.3. ______________________
4.4. Тендерға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Шарт жасалған жағдайда Сатып алу және (немесе) авансты қайтару сома туралы шарттың (болған кезде) орындалуын қамтамасыз етуді Негізгі қатысушы енгізеді.
5. Басқару тәртібі
5.1. Қатысушылардың жалпы істерін жүргізу, Тендерға қатысуға арналған өтінімдерді беруді және Консорциумның қызметіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді Негізгі қатысушы қосымшаға сәйкес нысан бойынша Консорциум Қатысушыларының сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
5.2. Консорциум Тендер жеңімпазы деп танылған жағдайда Сатып алу туралы шарт Негізгі қатысушымен жасалады.
5.3. Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда осы Келісім оның ажырамас бөлігі болып табылады.
6. Қатысушылардың жауапкершілігі
6.1. Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ біліктілік талаптар және (немесе) Тендерлік баға ұсынысына ықпал ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат бергені үшін Қатысушылар ортақ жауаптылықта болады.
6.2. Осы Келісім шеңберінде Консорциум қызметіне байланысты емес Қатысушының жеке міндеттемелері бойынша өзге Қатысушылар жауаптылықта болмайды.
7. Дауларды шешу
7.1. Осы Келісім талаптарын орындаған кезде пайда болуы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Қатысушылар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
7.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.
8. Келісімнің қолданылу мерзімі
8.1. Осы Келісім барлық Қатысушылар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
8.2. Егер Консорциум Тендер жеңімпазы деп танылмаса, Келісім Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін қолданыста болады.
8.3. Консорциум Тендер жеңімпазы деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда Келісім Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
9. Өзге талаптар
9.1. Осы Келісім Тендерға Қатысушылардың электрондық цифрлық қолдарымен куәландырылған сатып алудың веб-порталы арқылы ресімделген және жасалған.
9.3. Осы Келісім ____________________ тілінде жасалған.
9.4. Осы Келісіммен реттелмеген қалғанының бәрінде Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
10. Қатысушылардың деректемелері мен қолдары
"Негізгі Қатысушы" Толық атауы Толық заңды мекенжайы БСН Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. | "Қатысушы-2" Толық атауы Толық заңды мекенжайы БСН Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. |
"Қатысушы-3" Толық атауы Толық заңды мекенжайы\ БСН, Банктік деректемелер Телефоны Лауазымы, Т.А.Ә. |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Консорциялық келісімге
қосымша
Сенімхат
20 __ ж. "___"________
________________ осы сенімхатпен, ___________ атынан сенім білдіреді
(консорциумға қатысушы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________ атынан ___________________ мүддесін білдіруге
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (негізгі қатысушы)
______________________ _________________________________________
(консорциумға қатысушы) (ұйымдастырушының, бірыңғай
ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің атауы)
Өтінім беруге және Сатып алу туралы шарт жасау үшін құқығын береді.
№ _____________ тендер
Тендертың атауы______________
№ _______________ лот
Лоттың атауы _________________
№ ___________________________ тендеры бойынша Консорциялық
(тендертың нөмірі мен атауы)
келісімнің қолдану мерзіміне сенімхат берілді.
Осы сенімхат менімен ____________________ электрондық цифрлық
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолтаңбаны пайдалана отырып, сатып алу веб-порталы арқылы
куәландырылды.
___________________ __________________ ________________
(Қатысушы) қолы Басшы
Тендерлік құжаттамаға
10-қосымша
Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (веб-порталда қосалқы мердігердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталады)
Тендертың № ________________________
Тендертың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы _________________________
№ | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) /ССН/СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, % |
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | |||||
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны |
Осымен Тендерға (тендертың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары) тендер (тендертың толық атауын көрсету) тәсілімен сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде тендерлік құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә. | Электрондық цифрлық қолтаңба |
Қағидалардың 42-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің екіден бірінен аспайды.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Тендерлік құжаттамаға
11-қосымша
Банктік кепілдік
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Банктің атауы ____________________
Банктің деректемелерi ____________
Кімге:
сатып алуды ұйымдастырушының атауы
________________________________
сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
________________________________
№ _______ кепілдік міндеттеме _________ "_____"_____________ жылғы
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" ____________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________
( сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған тендертың атауы_______________________________
тендердың №________________________________________________
лоттың атауы________________________________________________
лоттың №___________________________________________________
_____________ сатып алу жөніндегі Тендерға қатысатынынан және _______________
__________________________________________________________________________
(тендер (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
Жоғарыда аталған тендерты өткізу жөніндегі _________ жылғы "____"________ Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушінің Тендерға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген. Осыған байланысты біз _________________________________ осымен (банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ тендертың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:
сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде Тендерлік құжаттамада белгіленген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын және (немесе) авансты қайтару сомасы (болған кезде), сондай-ақ Қағидалардың 363-1-тармағында көрсетілген сомасы(болған кезде) жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме Тендерға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің Тендерға қатысуға Тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
Егер Тендерға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
*- Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын екінші деңгейдегі банктің атауы.
Әлеуетті өнім беруші беретін банк кепілдігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына және контрагенттерге арналған лимиттерді реттеу бөлігінде Тапсырыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келуге тиіс. Кепілдік берген Екінші деңгейдегі банктің рейтингі Standard&Poor's/FitchRatings халықаралық рейтингтік агенттіктері эмитентінің "BB-"-тен төмен емес және (немесе) Moody's Investors Service "Ba3"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингіне сәйкес келуі тиіс.
Тендерлік құжаттамаға
12-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің Тендерлік баға ұсынысы (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
Тендертың № ________________________________________________
Тендертың атауы_____________________________________________
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы _______________________________________________
Өнім берушінің атауы _________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________
Өнім берішінің банк деректемелері ______________________________
Баға ұсынысының валюта атауы ____________________
Өлшем бірлігі __________________________________________
Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы ___________
Саны (көлемі) _________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________
Біз Тендерлік құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
6-қосымша
Тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
№___
Тендерд № ______________________________________________
Тендер атауы ___________________________________________
Тендерлік құжаттама жобасына ескертулерді, сондай-ақ тендерлік құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ________ бастап ___________ дейін
Ұйымдастырушының атауы _______________________________
Тендерлік құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ тендерлік құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:
№ | Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН | Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу) | Өтініш мәтіні | Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты | Шешім қабылданды | Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні |
Осы тендерға қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген тендерлік құжаттама мәтінін сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.
Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға | ТАӘ қолы |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
7-қосымша
Ашу хаттамасы (ашық тендертың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _____________________________________________
Тендер № __________________________________________________
Тендер атауы _______________________________________________
Ұйымның атауы _________________________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________
Тендерлік комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін баға | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы ____________________________________________
Тендерға қатысуға арналған өтінімдер мынадай әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған
(өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН | Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс,қала,көше, үй, пәтер) | Өтінімдерді беру күні мен уақыты (хронология бойынша) |
Тендерлік құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:
Әлеуетті өнім берушінің № БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН | ||
№ | Құжаттың атауы | Болу белгісі |
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
8-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тендерға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы (ашық тендердың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* ______________________________________________
тендер № ______________________________________________________
Тендер атауы ________________________________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________
Тендерлік комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлі |
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
лот № _______________________________________________________
Лоттың атауы ____________________________________________
Тендерға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы
(хронология бойынша): (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт ( хронология бойынша) |
Тендерлік комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | ||||
Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Тендердік құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы | Бас тарту себептеріне негіздеме | Тендерлік құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі | |
Тендерға қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі |
Тендерлік құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін Тендерға қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Әлеуетті өнім берушілер Тендерлік құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген Тендерға қатысуға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: сатып алудың веб-порталында осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
9-қосымша
Қорытындылар туралы хаттама (ашық тендертың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* _______________________
тендер № _____________________________
Тендер атауы ________________________
Ұйымдастырушының атауы _______________
Ұйымдастырушының мекенжайы __________
Тендерлік комиссияның құрамы:
№ Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі _________
№ | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
лоттың № _________________________________________________
Лоттың атауы ______________________________________________
Тендерға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы
(хронология бойынша): (өтінімдер саны)
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
Тендерға қатысуға арналған Тендерлік құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат Тендерға қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
Тендерлік комиссияның тендерға қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (осы Қағидаларының 138-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу туралы ақпарат | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Сұрау салуға берілген жауап сомасы |
Тендерлік комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | ||||
Комиссия мүшесінің А.Т.Ә. | Шартты жеңілдік % | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Тендерлік құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттау | |
Тендерға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі |
___________________________________________ үш мәтінді мәні бар анықтамалық:
(біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, Тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзу)
Тендерға қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
Осы Тендерға қатысуға ұсынылған Тендерға қатысуға арналған барлық өтінімдерге осы Қағидалардың 157-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |
Соңғы он жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесі | ||||
Жалпы жұмыс тәжірибесі | Оның ішінде бас мердігер ретінде | |||
кестенің жалғасы
Шартты жеңілдіктер, % |
Жалпы шартты жеңілдік, % |
Тендерға қатысушылардың шартты бағаларының есебі:
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Шартты жеңілдіктің мөлшері, % | Шартты жеңілдікті ескере отырғандағы баға | Бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі | Алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы | Өтінімді беру күні мен уақыты |
Тендерлік комиссияның шешімі:
1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы).
2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларында белгіленген мерзімде (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) сатып алу туралы шарт жасасу.
Не:
"Сатып алуды (№___ лот бойынша сатып алудың атауы _____________________ * байланысты өтпеді деп тану":
Ескертпе: *келесі мән-мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "кем дегенде екі өтінімді ұсыну", "Тендерлік қатысуға бірде бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі", "Тендерға қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі".
Не:
Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылатын: Уәкілетті органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) кк.аа.жжжж. № _________
Жою туралы шешімді қабылдаған орган: (______________________).
Не:
Сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 19-тармағына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Ескертпе:
* Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
кк.аа.жжжж.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
10-қосымша
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру
Құрметті қатысушы (әлеуетті өнім берушінің атауы).
Сіз веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға (шақыру №, шақыру атауы) шақырылдыңыз.
Шақыруды қарау үшін сілтеме (шақыруға сілтеме) бойынша жүріңіз.
Егер жоғарыда көрсетілген сілтеме ашылмаса, оны алмасу буферіне көшіріп алыңыз да браузердің мекенжай жолына қойыңыз және "Енгізуді" басыңыз.
Бір көзден алу тәсілімен сатып
алуға қатысуға шақыруға
қосымша
сатып алу веб-порталы арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу (лоттар) тізбесі
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
Шақыру № ______________________________________
Шақырудың атауы _______________________________
Лот № | Тапсырыс берушінің атауы | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы* | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Жеткізу шарты (Іncoterms 2000-ға сәйкес) | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | Аванстық төлем мөлшер, % | Лот бойынша бөлінген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
11-қосымша
Сатып алудың веб-порталы жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысу туралы келісім
Осымен аталған веб-порталы жолымен бір көзден алу тәсілімен электрондық сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниетімізді білдіреміз және белгіленген талаптар және шарттар бойынша (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға келісімімізді, сондай-ақ Қағидалардың 23-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.
Осымен Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Қағидаларда көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
Сондай-ақ, (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен сатып алу туралы шарттың бұзылуына әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз және сатып алу туралы шартты (тауарды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.
Құжаттар тізімімен танысқанымызды және сатып алуды ұйымдастырушыға өзіміздің заңдылығымыз, біліктіліктігіміз, сапалық және өзге мінездемелеріміз (жеткізілетін тауар (тауарлар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы дәйексіз мәліметтерді ұсынылғаны үшін, авторлық және аралас құқықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердің сақталуына жауапкершілік туралы хабарланғанын растаймыз.
Сатып алуға қатысуға жауапта және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы үшін өзімізге толық жауапкершілікті аламыз.
сатып алу веб-порталы арқылы
бір көзден алу тәсілімен сатып
алуға қатысу туралы келісімге
қосымша
Бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы (әрбір сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады
Шақыру № __________________________________________________
Шақырудың атауы ____________________________________________
Лоттың № ___________________________________________________
Лоттың атауы _______________________________________________
Өнім берушінің атауы _________________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/ТБН __________________________________________
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы________________
ТЖҚС коды _________________________________________________
Баға ұсынысының валютасы ____________________________________
Баға ұсынысы валютасының коды _______________________________
Өлшем бірлігі _______________________________________________
Барлық шығыстарды есепке алғандағы бірлік бағасы_______________
Саны (көлемі) _______________________________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ______________________
Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына *) _________________________
Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.
Күні және уақыты ____________________________________________
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ТЖҚС Коды – Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптама коды.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
12-қосымша
Бір көзден алу/тікелей сатып алу туралы шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу жүргізу қорытындысы туралы есеп
Лоттың № /сатып алудың сәйкестендіру коды ______________________
Лоттың /сатып алудың атауы_________________________________
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
1. Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет *:
№ | Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы | Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көздері | Шығыс сұрау салудың нөмірі және күні |
2. Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет (прайс-парақтар және басқа да растаушы құжаттар)*:
№ | Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушінің атауы | Коммерциялық ұсынысқа сәйкес ұсынылған тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (марқасын, моделін көрсете отырып) қысқаша сипаттамасы | Тауарларды жеткізудің, жұмыстардың орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі шарттары (баға, сапа, мерзімдер) |
3. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырылған/тапсырыс берушінің сатып алу туралы тікелей шарт жасасуға айқындалған әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет және оны шақыруға/айқындауға негіздеме:
Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН | Деректемелер | Өнім берушіні таңдауды негіздеу | Жасасқан шарттың бағасын негіздеу |
4. Тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы шарт жасасудың шарты/өткізілмеген сатып алу бойынша
Әлеуетті өнім берушінің атауы | Тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тәсілді қолданудың негіздемесі | Сатып алуға бөлінген сома, теңге | Өнім берушінің бағасы | Үнем |
* бұл мәтін осы Қағидалардың 360-тармағы 4) тармақшасында және 378-4-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі.
Тапсырыс беруші өкілінің Т.А.Ә. және лауазымы,
Бір көзден сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау туралы шешім қабылдағанның қолы
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
13-қосымша
Бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама (әрбір сатып алуға (лотқа) әрбір лотқа жекелей толтырылады)
Шақыру №_____________________________________________
Шақыру атауы__________________________________________
Лот № ________________________________________________
Лот атауы _____________________________________________
Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:
№ | Т.А.Ә. | Лауазымы | Рөлі |
1 | Тапсырыс беруші өкілі | ||
2 | Ұйымдастырушы өкілі |
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
Лот нөмірі | Тауар, жұмыс, қызметтер атауы | Қолдануға негіздеме | Сатып алу (тауар, жұмыс, қызметтер) мәні түрі | Сатып алуға бөлінген сома, теңге |
Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
Өнім беруші атауы | БСН (ЖСН)/ЖСН/ СЕН | Деректемелер |
Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:
Бөлінген сома | Өнім беруші бағасы | Баға ұсынысын жасау күні және уақыты |
Біліктілік талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:
Шақырылған әлеуетті өнім беруші атауы | Ұйымдастырушы өкілі | Ұйымдастырушы өкілі шешімі | Сәйкессіздік себебі |
(Өнім берушінің толық атауы) | Ұйымдастырушы өкілінің ТАӘ, ұйымдағы лауазымы) | (Мәндер анықтамалығына сәйкес: техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді; біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді; Қағидалардың 23-тармағына сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | (Техникалық ерекшелік; Біліктілік талаптарына; Қағидалардың 23-тармағының талаптарына сәйкес келмеу жағдайында ұйымдастырушы өкілі енгізген себеп) |
Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) "Бір көзден электронды сатып алу" тәсілімен сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне байланысты өтпеді.
Не:
Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.
Не: Сатып алуды болғызбау, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ КК.АА.ЖЖЖЖ.
Болғызбау туралы шешім қабылдаған орган: (_________________).
Не:
Сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 19-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартылды
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
14-қосымша
нысан
_________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы, мекенжайы)
Күні __________ № ______________
Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу
Осымен ________________________ (тапсырыс беруші) бір көзден алу тәсілімен мынадай тауарларға жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тікелей шарт жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдіру туралы хабардар ету:
сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы | сатып алуды өткізудің нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі | сатып алуға бөлінген сома | тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны | тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері |
Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), орындалатын жұмыстардың сипаттамасын жаза отырып, Сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__"__________ дейінгі мерзімде (үш жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз.
Сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына сәйкес сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алу туралы шарт сатып алу веб-порталы арқылы жасалатынын атап өтеміз. Қосымшасы: техникалық ерекшеліктерді көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы
____________________________ ______ _________________________
(Тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
15-қосымша
Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шарт
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалары) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Шарттың мәні
1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді.
1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>1<_____> жылы тіркеуге жатады.
2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне 3 Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.
2.4. Сандық және құндық шамадағы жеткізілетін тауар көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
2) жүкқұжат;
3) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);
4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);
5) жеткізілген тауарлардың саны, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактура;
<№. Жаңа тармақша>
3. Тараптардың міндеттемелері
3.1. Өнім беруші мыналарға:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;
не:
сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
<n) жаңа тармақша>
3.2. Өнім беруші:
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;
2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші:
1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге;
2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 262-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартуға.
Бұл ретте тауарды қабылдап алуды Тапсырыс беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі жүзеге асырады;
3-1) тауарды (тауарларды) қабылдау-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
<n) жаңа тармақша>
3.4. Тапсырыс беруші:
1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;
2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың түпкілікті мақсат пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.
4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
<N. жаңа тармақ>
5. Тауарларды жеткізу және құжаттама
5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) жүкқұжат түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>;
2) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;
4) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;
5) Егер Тауар Қазақстанда шығарылған жағдайда, онда белгіленген үлгіде "СТ-KZ" Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі беріледі.
Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда шығарған елдің тиісті органы белгілеген тәртіппен берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі беріледі.
5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.
5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.
5.4. Осы Шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.
6. Кепілдік. Сапа
6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
1) сапалы және сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетініне;
2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай ақаулықтары жоқ екендігіне;
3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
6.2. Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған жағдайда немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе, Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.
6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезең Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына түскен күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай деп белгіленеді. Ауыстырылған немесе жөнделген Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазалауға байланысты барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің кінәсінен болған жағдайда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.
<N. жаңа тармақ>
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/ кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
7.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптады осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе Тауар жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
7.8. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
<N. жаңа тармақ>
8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары
8.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>
Ескерту. 8.1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп:
1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
8.6. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;
2) сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсетсе;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) авансты қайтару соманы енгізбеу жолымен Шарт жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.
8.7. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге құқылы болады.
9. Хабарлама
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10. Форс-мажор
10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.
10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.
11. Даулы мәселелерді шешу
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>
Ескерту. 11.2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Өзге де шарттар
12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;
2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған жеткізілетін тауардың анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда
3) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;
4) егер Өнім беруші жеткізілетін тауардың өндірушісі болып табылған жағдайда Тауар жеткізу туралы шарттың орындалу мерзімі өзгерген бқөлігінде рұқсат беріледі.
12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
<N. жаңа тармақ>
13. Тараптардың деректемелері
Тапсырыс беруші: <Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < Тапсырыс берушінің БСН> БСК< Тапсырыс берушінің БСК> ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ> | Өнім беруші: <Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> ЖСК <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ> |
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.
Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
15-1-қосымша
Тұрғын үй бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылыс объектілерін сатып алу туралы үлгілік шарт №_______
Ескерту. 15-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2020 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
<Сәйкестендіру нөмірі >
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалары) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:
1. Ұғымдар мен айқындамалар
1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
1) Бағдарлама - Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерімен, сондай-ақ Ұлттық басқарушы холдингтердің, жеке стратегияларын іске асыру шеңберінде ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдарымен бекітілген тұрғын үй құрылысы бағдарламасы.
2) Тауар (Объект) – тұрғын үй құрылысының объектісі – пәтер, кей жағдайларда бір тұрғын үй кешеніндегі немесе ортақ мүлікке (кіре берістер, баспалдақтар, лифттер, шатыр, үйдің төбесі, үй асты, пәтерден тыс немесе жалпыға ортақ инженрелік жүйе және жабдықтар, абоненттік пошталық жәшіктер, жер учаскесі, оған қоса аббаттандыру элементтері және жалпыға ортақ басқа мүліктер) ортақ үлестегі меншігі бар үлестес тұрғын үй құрамындағы пәтер, оған Шарттың талаптарына, оның қосымшаларына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тапсырыс берушінің меншігіне беруге жататын жеке (бөлек) үй-жайдан кірмейді.
3) Кепілдік жарна – Тауарды қабылдап алу тапсыру актісіне қол қойған сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде Тауардың сапасына Шарт бойынша кепілдік міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін Тапсырыс берушімен ұсталып қалатын Шарттың Жалпы сомасының 1 % (бір пайызы) көлеміндегі ақшалай сома.
4) Тапсыру шарты – уәкілетті органда тіркеуге алу мақсатында әрбір пәтерге жеке Тараптар арасында жасалатын келісім;
5) Қабылдап алу -тапсыру актісі – тауарды жеткізу бойынша өз міндеттемелерін Өнім беруші орындағандығын растайтын құжат болып табылатын, кез келген пәтердің жеке құқық белгілейтін және техникалық/ сәйкестендіру құжаттары толық көлемде берілетін Тауарды Тапсырыс берушіге тапсыру актісі.
6) Кепілдік мерзімі – Тапсырыс беруші Тауардың жасырын кемшіліктерін анықтап, Өнім берушіге тиісті шағымдарын білдіретін мерзім. Осы Шарт бойынша Кепілдік мерзімі кез келген пәтерге деген Тапсырыс берушінің меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен және Тараптар Қабылдап алу – тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік айға тең.
<№. жаңа тармақша>
2. Шарттың мәні
2.1. Өнім беруші Бағдарламаға сәйкес осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді.
2.2. Тапсырыс беруші Бағдарлама аясында тиісті жалға беру шарттарын жасау арқылы Таурды -пәтерді әлеуетті жалға алушыларға бөлген (ұсынған) сәтке дейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге берген Тауарын ұстап-тұту бойынша барлық (коммуналдық және пайдалану) шығындарды және оларды күзетуін өз бетінше төлейді, бірақ бұл жағдай уәкілетті органда Тапсырыс берушіге меншік құқығы тіркеумен, Тапсырыс берушінің Тауарға құқық және техникалық/ сәйкестендіру белгілейтін құжаттарын Өнім беруші тапсырғаннан кейін тараптармен қол қойылған қабылдау-тапсыру Актісі бойынша Тауарды толық көлемде Тапсырыс берушіге нақты тапсырған күннен бастап екі айдан аспауы тиіс. Бұл ретте Тапсырыс берушімен келісім бойынша Тауарды толық көлемде және тиісті үлгіде жеткізгенен кейін Өнім берушінің Тапсырыс берушімен келісілген нысан бойынша ұсталынатын Кепілдік жарна орнына банк кепілдігін ұсынуы мүмкін.
2.3. Өнім берушінің Шартты жасау және Тауарды иелігінен шығару құқығы Тапсырыс беруші жүргізген Тауар сатып алу тендеріне қатысуға берген өтінімінде Өнім берушінің ұсынған құжаттармен расталады.
2.4. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары
3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды (оның ішінде уәкілетті органдарда әрбір пәтерге Тауардың техникалық/сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу, тіркеуге байланысты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі - Шарттың сомасы) қамтиды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың нысанына ҚҚС салынбайды.
3.2. Егер уәкілетті орган дайындаған (Жылжымайтын мүлік орталығы), техникалық паспорт бойынша анықталған, Өнім беруші ұсынатын пәтердің жалпы алаңы __ш.м. (оның ішінде __ бөлмелі –___ш.м., кем емес, __бөлмелі –___ш.м., кем емес, ___бөлмелі –____ш.м., кем емес) онда төлем нақты берілген алаңға жүргізіледі, егер пәтердің жалпы алаңы көрсетілген өлшемдерден жоғары болса, онда артық көлеміне төлем жүргізілмейді.
3.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді (Шарт бойынша аванс болған жағдайда). Нақты тапсырылған Тауар құнының 1% мөлшеріндегі Кепілдік жарна ұсталғаннан кейін қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.
3.4. Тауара ақаулар, кемшіліктер және /немесе сәйкес келмеушіліктер болмаған жағдайда немесе оларды Өнім беруші өзі қалпына келтірген жағдайда Тауар Тапсырыс берушінің меншігіне өткен сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде Кепілдік жарнасы Өнім берушіге толық қайтарылады.
3.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
1) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);
2) шот-фактура;
3) төлем шоты;
4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);
<№. Жаңа тармақша>
4. Тараптардың міндеттемелері
4.1. Өнім беруші:
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
сатып алу веб-порталына (бұдан әрі - веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;
не:
сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Тапсырыс берушіні Тауарды жеткізу барысында пайда болған барлық өзгерістер, сонымен қатар кестелердегі, жоспарлардағы және басқа да бұрын Тараптармен келісілген құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар етуге;
5) Тауарды Тапсырыс берушіге тапсырғанша ондағы барлық жасырын ақаулар туралы Тапсырыс берушіге жазбаша хабарлауға;
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
7) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
8) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
9) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
10) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
11) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;
12) Тапсырыс берушіге салықтық берешектері жоқ, Шарттың 7.3., 7.4.-тармақтарына сәйкес үшінші тұлғалардың кез келген құқығынан, ауырташылықтарынан және дау-дамайынан еркін Тауарды тапсыруға;
13) Тапсырыс берушінің келісімімен алынған және құқық белгілеуші құжаттарды тапсыру күніне берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпашылықтан алу туралы сәйкес анықтамамен әр пәтерге жеке құқық белгілейтін және техникалық/сәйкестендіру құжаттарын түпнұсқасын Тапсырыс берушіге ұсынуға;
14) Бағдарлама аясында тиісті жалға беру шарттарын жасау арқылы әлеуетті жалға алушыларға Тапсырыс беруші Тауарды-пәтерді бөлген (ұсынған) сәтке дейін Тапсырыс берушіге берген Тауарды күту, сонымен қатар оны күзету бойынша барлық (коммуналдық және пайдалану) шығындары өз бетінше төлеуге, бірақ бұл жағдай уәкілетті органда Тапсырыс берушінің атына меншік құқығын тіркеумен, Тапсырыс берушінің әр пәтеріне құқық белгілейтін және техникалық/сәйкестендіру құжаттарын Өнім берушінің тапсыруы кезінде Тараптармен қол қойылған қабылдау-тапсыру Актісі бойынша Тауарды толық көлемде Тапсырыс берушіге нақты тапсырған күннен бастап екі айдан аспауы тиіс;
15) Тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру барысында Тауардағы ақауларды (жетіспеушіліктерді) немесе олардың Шарт талаптарына сәйкессіздігін анықтаған кезде Шартқа жалғанған техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзім ішінде өз қаражаты есебінен Шарт талаптарына сәйкес осындай ақауларды (жетіспеушіліктерді) кетіруге;
16) Тапсырыс беруші барлық Кепілдік мерзімі ішінде тауардан ақау (сынық) тапқан жағдайда, Тауардың орналасқан жеріне келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе оны өз күшімен жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар тауардың жөндеу мерзімі тауардың сынық екенін немесе ақауларын тапқан сәттен бастап бір күнтізбелік айдан аспауы тиіс;
17) Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы Шарт бойынша төленетін ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланумен байланысты кез келген қажетті ақпаратты, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қорғалатын банктік және басқа құпия ақпараттарды тез арада ұсынуға;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан осы Шарт аясында алынған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланылмауына және қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, соның ішінде оффшорлық компанияларға аударуға жол бермеуге;
&n