"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 1166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 11.11.2021 № 1166 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 3-1) тармақшасына және 15-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" (бұдан әрі – Заң), "Ақпараттандыру туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      176-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. Құрылыс (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау) саласындағы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында мыналар есепке алынады:

      1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).

      Егер тендердің мәні бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер тендердің мәні екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер тендердің мәні үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық күрделі объектілерге жатпайтын, техникалық күрделі объектілерге, ғимараттар мен құрылыстарға жататын ғимараттар мен құрылыстар).

      Егер тендердің мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылған жағдайда, техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер тендердің мәні техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);

      3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);

      4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір кіші бөлімінде болған жағдайда ескеріледі.";

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушімен энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату, сондай-ақ қосылған желі арқылы сумен жабдықтау, сарқынды суларды (кәріз), табиғи газды, су мен жылу энергиясын бұру қызметтерін сатып алу;

      2) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осы жобалауды немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;

      3) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      5) төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында талқылаулар перспективаларын бағалау, мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі, сондай-ақ төрелік (сот) дауларды, төрелік алымдар мен аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарды реттеуге дейінгі процесте консультациялық және заң қызметтерін сатып алуы;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      8) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу):

      Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;

      9) ғарыш түсірілімдерін сатып алу;

      10) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      11) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      12) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің, тағылымдамалардың, мастер-кластардың материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу және көрсетілген іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      13) Тапсырыс берушінің шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы:

      мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде өнім беруші ретінде жасалған сатып алу туралы;

      тендер қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде өнім беруші ретінде ол жасасқан сатып алу туралы;

      басқа елдердің заңнамасы шеңберінде өнім беруші ретінде ол жасасқан сатып алу туралы (экспорттық келісімшарттар);

      14) егер Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы/ Байқаушы кеңесі (алқалы атқарушы органы/Байқаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажетті (жарияланған сәттен бастап және тендер қорытындылары бойынша шарт жасалғанға дейінгі кезеңге) сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      15) төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі объектілеріндегі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қалпына келтіруді талап ететін технологиялық процесте іске қосылған жабдықтардың, тетіктердің сынуы, істен шығуы туындаған кезде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      16) төтенше жағдайды енгізуге негіз болған себептер мен салдарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу.

      Сонымен бірге, мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу Тапсырыс берушінің басқару органының (директорлар кеңесінің) шешімі негізінде жүзеге асырылады;

      17) Тапсырыс берушінің алқалы атқарушы органы/ байқаушы кеңесі (алқалы атқарушы органы/байқаушы кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу;

      18) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мерзімді баспасөз басылымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдардың, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде шығарылған дыбыстандырылған кітаптарды, рельефтік-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін тифлоқұралдарды беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      19) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) қызметтерді көрсетуге жасалған шарттар шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін өнімдерді өндіру, жұмыстарды орындау, әскери және қосарланған (мақсаттағы) қызметтерді көрсету, қолдану үшін сатып алуы;

      20) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ аса қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеріп-қарау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      21) теңіз агентінің, теңіз брокерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

      22) өлшем құралдарын және навигациялық жабдықты тексеру және калибрлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      23) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жалдау қызметтерін, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты қызметтерді сатып алу;

      24) объектілерде орналасқан жерінің құпиялылығын сақтауды көздейтін жұмыстарды сатып алу;

      25) полигондық сынақтарға байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      26) әскери-техникалық ынтымақтастық туралы және Қазақстан Республикасы мен басқа да елдер арасындағы Өнеркәсіптің қорғаныс салалары кәсіпорындарының өндірісі мен ғылыми-техникалық кооперациясы туралы шарттарды/келісімдерді орындау шеңберінде әскери және қос мақсаттағы тауарларды (жинақтаушы және қосалқы материалдарды) сатып алу;

      27) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      29) әлеуетті өнім беруші жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде, оның ішінде оффтэйк-шарт жасасу арқылы жүргізетін тауарды алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес (алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес болмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің басқару органы және (немесе) жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен баға маркетингтік қорытындысы негізінде сатып алу;

      30) кірме жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;

      31) спутниктік ресурсты, әуе кемесін жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      32) рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, сақтандыру қызметтерін қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      33) акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу;

      34) ғарыш техникасы арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін шикізатты, құрал-саймандар мен шығыс материалдарын сатып алу;

      35) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген құзыреті негізінде Тапсырыс берушінің уәкілетті органы айқындаған Тапсырыс берушінің аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу;

      36) басқару органын және (немесе) бақылау кеңесін қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      37) бейне және (немесе) аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      38) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      39) "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;

      40) тапсырыс берушіге "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ "Назарбаев Университетінің" құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;

      41) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;

      42) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      44) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      45) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;

      46) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "2015 жылғы 24 сәуірдегі "Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде кейіннен жалға беру мақсатында жылжымайтын мүлікті (тұрғын үйді) сатып алу;

      47) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғалардан халықаралық мамандандырылған көрмелер объектілерін реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды сатып алу.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады