"Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22535 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19559 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 127 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 4 қарашадағы
№ 357 бұйрығымен бекітілген

Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдері


Өндірістік объектілердің тізбесі

Жарақтандыру мерзімдері

1-тарау. Шикі мұнай мен газ конденсатын өндіру және дайындау

1.

Шикі мұнайды дайындау және айдау цехы

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

2.

Газ конденсатын дайындау және айдау қондырғысы

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

3.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

4.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

5.

Шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбыры арқылы тапсыру)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

2-тарау. Шикі мұнайды және газ конденсатын тасымалдау

6.

Мұнай құбыры арқылы шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері

2021 жылғы
1 шілдеге дейін

7.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

8.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

3-тарау. Мұнай терминалдары

9.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

10.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай мен газ конденсатын қабылдау, сақтау, тапсыру)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

11.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

4-тарау. Мұнай өңдеу зауыттары

12.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

13.

Төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

14.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

5-тарау. Битум зауыттары

15.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

16.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

17.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады