"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19623 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-242/2020 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      3-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары (бұдан әрі – сатып алу жоспары) – сатып алынатын медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдері және оларды ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған шығындар туралы мәліметтерді қамтитын құрылымдалған құжат;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарларын қор жыл сайын бекітеді.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері туралы ақпаратты алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде ақпараттандыру ұйымы ұсынатын денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне ("Ресурстарды басқару жүйесі" және "Медициналық техниканы басқару жүйесі" ақпараттық жүйелеріне – барлық денсаулық сақтау субъектілері; қосымша БХТ порталына – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері) қолжетімділік алады.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру қағаз нысанда немесе ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қолжетімдік нүктесін білдіретін сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қор осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың интернет-ресурсында немесе веб-порталында тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау кезінде жоспарланып отырған көлемдерге өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері қорға веб-портал арқылы береді.

      Денсаулық сақтау субъектілері веб-порталдың жоспарланып отырған көлемдерге арналған өтінімдерді ашу мерзімі өткенге дейін көрсетілген өтінімді және осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген құжаттарды денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының немесе уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.

      Жоспарланып отырған көлемдерге арналған өтінімдер веб-порталдың тиісті хабарламаны өтінім берген денсаулық сақтау субъектісіне автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.";

      49-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

      2) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      13) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақша алып тасталсын;

      22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) басшының міндетін атқарушыға арналған бұйрықтың көшірмесі (басшыны алмастырған кезде) (өтінім қағаз түрінде берілген кезде);

      23) сенімхаттың түпнұсқасы (басшының сенім білдірген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған жағдайда) (өтінім қағаз түрінде берілген кезде).";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Денсаулық сақтау субъектілерін қағаз нысанда таңдаған жағдайда жоспарланып отырған көлемдерге арналған өтінім тігілген және нөмірленген түрде беріледі, бұл ретте соңғы беті басшының немесе оның сенім білдірген адамының қолымен расталады, денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен (бар болса) бекітіледі.

      Денсаулық сақтау субъектісі берген, басшысының немесе оның сенімді адамының қолымен расталған және мөрімен бекітілген (бар болса) өтінімді беру құқығына берілген сенімхаттың негізінде денсаулық сақтау субъектісінің сенім білдірілген адамы өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды беруіне рұқсат етіледі.

      Денсаулық сақтау субъектісі қажет болған жағдайда жоспарланатын көлемдерге өтінімін оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін жазбаша түрде қайтарып алады.

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау кезінде денсаулық сақтау субъектісі қажет болған кезде өзінің өтінімін оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзгертеді немесе кері қайтарып алады.";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін lенсаулық сақтау субъектілерін таңдау жоспарланып отырған көлемдерге арналған өтінімдерді ашу автоматты түрде жүргізіледі.

      Веб-портал комиссия мүшелеріне, жоспарланып отырған көлемдерге арналған өтінімдер берген денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілген өтінімдердің ашылғаны туралы автоматты түрде хабарламалар жібереді.";

      51-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Комиссия жоспарланатын қызметтерге өтінімдерді қарайды және оларды мынадай:

      1) осы Қағидалардың және (немесе) хабарландыру талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер ұсынылған;

      2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС-ке аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқтығы (бары) туралы мәліметтерді ұсынбау немесе қорға өтінімді берген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктіріп ұсынған;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтама көшірмесі ұсынбаған (заңды тұлғалар үшін);

      4) еркін нысанда құрылтайшы (-лар) туралы мәліметті ұсынбаған (ол (олар) нақты болған кезде);

      5) бірыңғай бағалы қағаздар тізілімінен үзінді көшірмені (акционерлік қоғамдар үшін) ұсынбаған;

      6) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмелері (жеке тұлғалар үшін) ұсынбаған;

      7) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жоспарланып отырған көлемдерге өтінім берілген оның қызметінің тиісті кіші түрлері бойынша медициналық қызметке лицензияның және оған қосымшаларының көшірмесін ұсынбаған;

      8) иондалатын сәулеленуді өндіретін құралдармен және қондырғыларды пайдалануға берілген лицензияның көшірмесін ұсынбаған (қажет болған кезде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес);

      9) денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысымен байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесін (қажет болған кезде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес) ұсынбаған;

      10) фармацевтикалық қызметке лицензиялардың көшірмелерін ұсынбаған (қажет болған кезде Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес);

      11) сенімгерлік басқару шартының көшірмесін ұсынбаған (нақты болған кезде);

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асыратын денсаулық сақтау субъектілері үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының көшірмесін ұсынбаған (нақты болған кезде);

      13) жоспарланатын көлемдерге өтінім берілген тиісті технологиялар бойынша денсаулық сақтау субъектісінің ЖТМҚ ұсынуға сәйкестігі туралы қорытындының көшірмесін ұсынбаған;

      14) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемдерін орындау үшін қажетті кадрлық ресурстардың болуы туралы мәліметті ұсынбаған;

      15) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатысуға арналған өтінімде көрсетілген медициналық көмекті ұсыну түрлері мен нысандары бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыс тәжірибесі туралы мәліметті ұсынбаған;

      16) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемдерін орындау үшін қажетті медициналық техниканың болуы туралы мәліметті ұсынбаған;

      17) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төсек-орын қуаттылығы және бейінді бөлімшелердің болуы туралы мәліметтерді ұсынбаған (стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмекті көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері үшін);

      18) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын ұсынбаған (бірінші рет өтінім берген субъектілер, сондай-ақ өндірістік қуатын ұлғайтқан немесе соңғы жыл ішінде медициналық қызмет көрсету бейінін өзгерткен денсаулық сақтау субъектілері үшін);

      19) тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне денсаулық сақтау субъектісін қосу туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмесін ұсынбаған (тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша денсаулық сақтау субъектілер үшін);

      20) аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін (ол нақты болған кезде) ұсынбаған;

      21) басшының міндетін атқарушыға арналған бұйрықтың көшірмесі ұсынылмаған (басшыны алмастырған кезде) (өтінім қағаз түрінде берілген кезде);

      22) сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылмаған (басшының сенім білдірген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған жағдайда) (өтінім қағаз түрінде берілген кезде) жағдайларда жояды.

      Комиссияның жоспарланып отырған көлемдерге өтінімдерді және оған қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың 48-50 және 52-53-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қарау қорытындылары бойынша жоспарланған отырған көлемдерге арналған өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді орналастыру рәсіміне рұқсат беру үшін қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) хаттамасы (бұдан әрі – сәйкестігі (сәйкес келмеуі) хаттамасы) жасалады.

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсіміне рұқсат беру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін денсаулық сақтау субъектілеріне қор аталған хаттамадан үзіндіні оған қол қойған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау кезінде сәйкестігі (сәйкес келмеуі) хаттамасының орналастырылғаны туралы денсаулық сақтау субъектілеріне автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

      Комиссия ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсіміне жіберу үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін денсаулық сақтау субъектілеріне қордан хаттамадан үзінді көшірмені алған немесе сәйкестік (сәйкес келмеуі) хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоспарланған көлемдерге арналған өтінімдерді және оған қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың 48-50 және 52-53-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

      Егер қайта ұсынылған өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 48-50, 52-53-тармақтарына көрсетілген талаптарға қайтадан сәйкес келмесе, онда өтінімдер осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемдерін орналастыру қорытындылары хаттамасына қосу арқылы кері қайтарылады.";

      63-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) медициналық көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін сипаттайтын деректерді ұсыну тәжірибесін";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мерзімі өткен салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС-ке аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің жоқтығын;";

      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:

      "67-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау кезінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру хаттамасы қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ДСМ АЖ) сатып алу шарттарын жасасу үшін автоматты түрде беріледі.

      Денсаулық сақтау субъектісіне медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру хаттамасынан үзінді көшірме автоматты түрде жіберіледі.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу қор бекіткен үлгілік нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру хаттамасының негізінде жүзеге асырылады.

      Денсаулық сақтау субъектісі сатып алу шартын жасасу кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша қор бекіткен ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмектің түрлері (нысандары) бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қосылу шартына қосылған болып есептеледі. Көрсетілген қосылу шарты қордың интернет-ресурсында және (немесе) веб-порталда орналастырылады.";

      69-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бір жылдан бастап үш жылға дейінгі мерзімге осы әкімішілік-аумақтық бірлікте жалғыз қызметтер беруші болып табылатын ауыл субъектілерімен және МСАК субъектілерімен;";

      мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:

      "72-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін веб-портал арқылы орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау кезіндеq электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасын қор ДСМ АЖ арқылы денсаулық сақтау субъектісіне ДСМ АЖ-ға медициналық көрсетілетін қызметтерді орналастыру хаттамасы келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жібереді.

      Денсаулық сақтау субъектісі ДСМ АЖ арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын келіседі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Денсаулық сақтау субъектісі осы Қағидалардың 72 және 72-1-тармақтарында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда, денсаулық сақтау субъектісі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасудан жалтарды деп танылады, ал осы шарт бойынша көзделген ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесіндегі көлем орналастырылмаған көлемге жатқызылады.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілердің тізімі әрбір айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Қордың интернет-ресурсында орналастырылады және актуалдандырылады.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 11-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-145 бұйрығына
1-қосымша
  Тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген
көлемі шеңберінде және
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесінде денсаулық
сақтау субъектілерінен
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры

12 р/с№

БСН (ЖСН)

Денсаулық сақтау субъектісінің атауы

Заңды мекенжайы

Өндірістік базаның орналасқан жері*

Мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектісі

Жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектісі

Дауыс беру акцияларының 100 % (жарғылық капиталына қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі денсаулық сақтау субъектісі

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Халқына қызметтер көрсетілетін өңір

Дерекқорға қосылған күні

Дерекқордан алып тасталған күні

Соңғы өзгергертілген күні

____ жылға арналған сатып алу жоспарына сәйкес медициналық көмек/қызмет түрі/нысаны

Мәртебесі

Қызметтер беруші

Бірге орындаушы

9

10

11

12

13

14

15








      Ескертпе:

      * медициналық қызметке арналған лицензиясына сәйкес өндірістік базалары көрсетіледі;

      ** дерекқорға қосуға өтінімде көрсетілген денсаулық сақтау субъектісі қызмет көрсетуге үміттенетін ____ жылға арналған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес медициналық көмектің/қызметтің түрлері/нысандары көрсетіледі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-145 бұйрығына
2-қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
денсаулық сақтау
субъектілерінен көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру*

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ (филиалы)

      _________________________________________

      (қордың (филиалдың) атауын және орналасқан жерін көрсету)

      ___ тармаққа (тармақшаға) сәйкес

      ____________________________________________________________

      (көрсетілсін: тармақтың (тармақшаның) нөмірі және құқықтық актінің атауы)

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында

      20__ жылға __________________________________________________________

      (керектісі көрсетілсін: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде)

      медициналық көмектің: __________________________________ нысаны (-дары) бойынша;

      медициналық көмектің/ қызметтің: ___________________________________ түрі (-лері) бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарлайды**.

      Медициналық көмектің/қызметтің көрсетілген түрлері/нысандары (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтер) _______________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы)

      аумағында (халық үшін) көрсетіледі.

      Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланып отырған көлемдеріне арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілері ***

      _________________________________________________________________

      (керектісі көрсетілсін: қордың/қор филиалының атауы мен орналасқан жері)

      мекенжайы бойынша № ______ кабинетте**** (бар болса) (мекенжайы көрсетілсін)

      денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталы арқылы *****.

      Өтінімдерді қабылдау басталатын күн 20__ жылғы "__" ______ сағат __ __ минут.

      Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың

      түпкілікті мерзімі 20__ жылғы "___" ________ сағат _______ __ минутқа дейін.

      Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон(дар) арқылы алуға болады:

      ______________________________________________________.

      (қаланың коды мен телефон(дардың) нөмірі (лері))

      Ескертпе******

      Ескертпе:

      * тақырыбында ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің орналасуы көрсетіледі;

      ** Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес медициналық көмектің/қызметтің түрі(-лері)/нысаны (-дары);

      *** Қағидалардың 57-тармағында көзделген жағдайларда хабарландыру ағымдағы қаржы жылына ТМККК және (немесе) МӘМС көрсетуге шарт жасалған қызметтер берушілер үшін және (немесе) дерекқордан денсаулық сақтаудың жаңа субъектілерін тарта отырып орналастырылады;

      **** өтінімдер қағаз нысанда ұсынылған кезде;

      ***** өтінімдер денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталы арқылы ұсынылған кезде.

      ****** қажет болған жағдайда көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-145 бұйрығына
3-қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
денсаулық сақтау
субъектілерінен көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемдеріне арналған өтінім*

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-қа/қордың филиалына

      __________________________________________________________

      ( қордың/қор филиалының атауы мен орналасқан жері)

      _________________________________________________________________

      (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

      _________________________________________________________________

      (керегі көрсетілсін:

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде)

      медициналық көмектің мынадай түріне(-леріне)/нысана (-дарына)*:

      _________________________________________________________________

      (денсаулық сақтау субъектісі көрсетуге үміткер медициналық көмектің түрі (-лері) медициналық көмектің нысаны (-дары) көрсетіледі) өтінім береді.

      Осы өтініммен денсаулық сақтау субъектісі:

      qол туралы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін;

      денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің осы комиссияның шешімі бойынша денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасына баруына келісімін.

      Осы өтініммен денсаулық сақтау субъектісі:

      ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын;

      медициналық көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемдерін орындау үшін қажетті кадрлық ресурстардың болуын;

      медициналық көрсетілетін қызметтердің мәлімделген көлемдерін орындау үшін қажетті медициналық техниканың болуын;

      хабарландырудың шарттарымен танысқанын;

      Осы өтінім хабарландыруда талап етілетін мерзім ішінде қолданыста болады.

      Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. _____________________________________ (___________________________парақ)

      (құжаттардың атауы көрсетіледі) (парақ саны көрсетіледі)

      2. _____________________________________

      _________________________________________________________________/__________

      (денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Толтырылған күні ______________

      Ескертпе:

      * тақырыбында ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің орналасқаны көрсетіледі;

      ** тегін медициналық қызметтің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруға сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-145 бұйрығына
4-қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және міндетті
әлеуметтік медициналық
сақтандыру жүйесінде
денсаулық сақтау
субъектілерінен көрсетілетін
қызметтерді сатып алу
қағидаларына
11-1-қосымша
  Нысан

Денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді орналастыру рәсіміне рұқсат беру үшін қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмеуі) хаттамасы

      ___________________                         20__ жылғы "__" _______

      (орналасқан жері)

      1. Мынадай құрамдағы денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру жөніндегі комиссия:

      ___________________________________________________________________

      (комиссия төрағасы мен оның басқа да мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) мынадай денсалық сақтау субъектісінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемдеріне өтінімін қарады:

р/с №

БСН/ЖСН

Денсаулық сақтау субъектісінің атауы

1

2

3

      2. Өтінім қаралды және Сатып алу қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтін мынадай құжаттарды қамтиды:

р/с №

Денсаулық сақтау субъектісінің атауы

Құжаттың атауы

Бекітілген нысанға, оларды ұсыну мерзімдеріне сәйкес келмейді (жоқ)

ескертпе

1

2

3

4

5

      3. Комиссия өтінімді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ қабылдады:

      1) _________________________________________________________

      (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсіміне рұқсат беру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді);

      2) _________________________________________________________

      (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсіміне рұқсат беру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді);

      Осы шешімге дауыс берді: ҚАРСЫ ЕМЕС _________ дауыс;

      ҚАРСЫ _________ дауыс.

      ______________________________________________________________

      (комиссия төрағасының, оның орынбасарының, басқа да мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады