"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 1277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19642 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 48 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13281 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер- Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 1277 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы "29" қаңтардағы
№ 42 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

(Ашық деректердің Интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) көзі

Жауапты құрылымдық бөлімше

1.

Мемлекеттік қызметтердің тізімі

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

ЦМҚД

2.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер

тоқсан сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей

АЖО

МҚАД

3.

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдарды біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін құжаттар тізбесі

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

МКК

4.

Дәрменсіз борышкерлердің тізімі

ай сайын

есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

5.

Туындаған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмеген 150 АЕК-тен аса салық берешегі бар салық төлеуші заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

6.

Туындаған күннен бастап 4 ай ішінде өтелмеген 10 АЕК-тен аса салық берешегі бар салық төлеуші дара кәсіпкерлер, жеке нотариустер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

7.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша берешегі бар, ол туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген агенттердің тізімі

жыл сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

8.

Туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген кеден төлемдері мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімі

тоқсан сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

9.

Дара кәсіпкерлер бойынша деректер

тоқсан сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

10.

Әрекетсіз деп танылғандардан
салық төлеушілердің тізімі

ай сайын

есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

11.

Тіркеу жарамсыз деп танылған салық төлеушілердің тізімі

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

12.

Жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілердің тізімі

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

13.

Заңды мекенжайы бойынша жоқ салық төлеушілердің тізімі

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

14.

Салық кодексінің нормаларын бұза отырып, қайта ұйымдастырылған салық төлеушілердің тізімі

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

15.

Жекелеген қызмет түрлері бойынша есептен шығару туралы мәліметтер

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

16.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

МКК

17.

Ұқсас, біртекті тауарлар бойынша баға ақпаратын іздеу көздері

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

МКК

18.

Сыртқы сауда қызметінің статистикасы (тауар позициялары, сауда серіктестері)

ай сайын

есепті тоқсаннан кейінгі айдың 28-күнінен кешіктірмей

АЖО

МКК

19.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу кезінде қоса берілетін құжаттардың тізбесі (техникалық ерекшеліктер, лицензиялар және тағы да басқалары)

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

МСЗД

20.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

МСЗД

21.

Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына және оларды қарау нәтижелеріне шағымдар

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

АЖО

ІМАК

22.

Аудиторлық ұйымдардың тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

ІМАК

23.

Аудиторлар тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

ІМАК

24.

Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

ІМАК

25.

Аккредиттелген бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының тізімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

ІМАК

26.

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей

АЖО

ІМАК

27.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзекті тізімі бойынша мәліметтер

тұрақты

тұрақты

API

ММЖК / АЕО АҚ

28.

Сату объектілері бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы мәліметтер

тұрақты

тұрақты

API

ММЖК / АЕО АҚ

29.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар компанияларының тізімін алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

30.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың толық тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

31.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушыны БСН/ЖСН бойынша іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

32.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушыны сәйкестендіру деректері бойынша іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

33.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушы компаниялардың мекенжайын алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

34.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушы компаниялардың қызметкерлер тізімін алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

35.

Жосықсыз өнім берушілердің тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

36.

Өнім берушінің жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізу өтінімдерінің кеңейтілген тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

37.

Мемекеттік сатып алудың жылдық жоспар тізілімінен тапсырыс берушілер тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

38.

Тапсырыс берушінің БСН бойынша мемекеттік сатып алудың жоспар тармақтарының тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

39.

Мемекеттік сатып алу жоспарының бір тармағын алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

40.

Мемекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

41.

Мемекеттік сатып алудың жылдық жоспар тізілімінен
жеткізу орындарының тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

42.

Мемекеттік сатып алудың жылдық жоспар тізілімінен ерекшеліктер тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

43.

Мемлекеттік сатып алу туралы жариялау тізімін алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

44.

Мемлекеттік сатып алу туралы толық жариялау тізімін алу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

45.

Ұйымдастырушының БСН бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жариялануды іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

46.

Жарияландыру нөмірі бойынша егжей-тегжейлі мемлекеттік сатып алу туралы жариялау

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

47.

Жарияландырудың сәйкестендіру деректері бойынша егжей-тегжейлі мемлекеттік сатып алу туралы жариялау

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

48.

Конкурстық комиссия туралы (мемлекеттік сатып алу туралы жарияландырудың сәйкестендіру деректері бойынша) мәлімет

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

49.

Мемлекеттік сатып алу туралы жарияландыруды тоқтата тұру туралы ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

50.

Сот шешімі бойынша сатып алудың күшін жою туралы ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

51.

Мемлекеттік сатып алуға лоттар тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

52.

Мемлекеттік сатып алу туралы жарияландыру нөмірі бойынша лоттарды іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

53.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің БСН бойынша лоттарды іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

54.

Мемлекеттік сатып алуға лоттар бойынша егжей-тегжейлі мәлімет

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

55.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

56.

Мемлекеттік сатып алу туралы жарияландыру нөмірі бойынша шарттар іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

57.

Өнім берушінің БСН/ЖСН бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

58.

Тапсырыс берушінің БСН бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды іздеу

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

59.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нөмірі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

60.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жүйелік нөмірі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

61.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сәкестендіру деректері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

62.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша толық ақпарат

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

63.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мәні

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

64.

Мемлекеттік сатып алу туралы электрондық актілер тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

65.

Мемлекеттік сатып алу туралы актілер бойынша егжей-тегжейлі мәлімет

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

66.

Мемлекеттік сатып алуға лоттар мәртебесі бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

67.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

68.

Сатып алу тәсілі бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

69.

Өлшем бірліктерінің мемлекетаралық сыныптауышы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

70.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде айларды кодпен белгілеу бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

71.

Мемлекеттік сатып алу туралы жоспардың тармақтар мәртебесі бойынша анықтама

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

72.

Мемлекеттік сатып алудағы сатып алу мәнінің түрлері бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

73.

Мемлекеттік сатып алуда қаржыландыру көзі бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

74.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

75.

Мемлекеттік сатып алу туралы жоспардың тармақтар түрлері бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

76.

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

77.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде пайдаланылған елдерді белгілеу
коды бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

78.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде ерекшеліктерді белгілеу коды бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

79.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде шығыстардың функционалдық сыныптама бағдарламасының анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

80.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде шығыстардың функционалдық сыныптама кіші бағдарламасының анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

81.

Мемлекеттік сатып алу тәсілімен қолданылу негіздемелерінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

82.

Мемлекеттік сатып алу туралы қосымша келісім түрлерінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

83.

Мемлекеттік сатып алу туралы қосымша келісімді жасау негіздемесінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

84.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу шеңберінде бюджет түрлерінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

85.

Мемлекеттік сатып алу түрлері бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

86.

Мемлекеттік сатып алуды жариялау мәртебесін белгілеу бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

87.

Баға ұсыныстарының мәртебелері белгілеу бойынша анықталық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

88.

Мемлекеттік сатып алу бойынша комиссия мүшелері рөлінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

89.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мәртебелері бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

90.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасау форумының анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

91.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың түрлері бойынша анықтамалық (бір жылдық/көп жылдық)

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

92.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде валюта белгілеу коды бойынша анықтамалық

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

93.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзуға арналған баптың анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

94.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар түлерінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

95.

Жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу себептерінің анықтамалығы

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

96.

Мемлекеттік сатып алуда лот бойынша аукцион болмау себептерінің тізімі

тұрақты

тұрақты

API

МСЗД/АЕО АҚ

      Ескертпе:

      ЦМҚД - Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті

      МҚД - Мемлекеттік қарыз алу департаменті

      МСЗД – Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті

      МКК - Мемлекеттік кірістер комитеті

      ММЖК - Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

      ІМАК - Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

      АҚО АҚ – "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы

      АҚО АҚ – "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы

      АЖО – Автоматтандырылған жұмыс орны

      API – Application programming interface (қосымшалардың бағдарламалық интерфейсі)

      ЕТЕК - ең төменгі есептік көрсеткіш

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады