"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13281 болып тіркелген);
2) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 1277 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19642 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі