Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 208 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19677 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген

Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Осы Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) берілетін микрокредиттері бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі ретінде микрокредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін, Қағидаларға сәйкес есептеп шығарылатын сыйақы мөлшерлемесі түсініледі.

      2. Микроқаржы ұйымдары:

      1) микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде;

      2) клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қаріптері сыйақының басқа мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, жартылай қарайтылған, түспен бояп көрсету) нысанда цифрмен көрсетеді.

      Клиентпен жасалатын микрокредит беру туралы шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі компьютерлік техника құрылғыларының көмегімен басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бір сөйлемде басылады.

      Егер жалпы талаптар микрокредит беру туралы шартта кесте түрінде көрсетілсе, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі басқа мөлшерлемелер көрсетілгеннен кейін келесі жеке жолда (бағанда) көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебі:

      1) микрокредит беру туралы шарт, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдер жасалған күнге;

      2) қарыз алушының ауызша немесе жазбаша талап етуі бойынша;

      3) қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

      4. Микрокредит беру туралы шарттың талаптары қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оны төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатындай өзгерген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің нақтыланған мәні микрокредит беру туралы шарт қолданыла бастаған мерзімнен бастап қарыз алушы микрокредит бойынша төлеген төлемдерді есептемегенде, талаптарды өзгерту басталған күнгі микрокредитті өтеудің қалған мерзіміне қарай есептеледі.

      5. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) беру кезінде Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талап етулер) берілген үшінші тұлға жүргізеді.

2-тарау. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу

      6. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n - қарыз алушыға соңғы төлемнің реттік нөмірі;

      j - қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;

      Sj - қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;

      APR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

      tj - микрокредит берілген күннен бастап қарыз алушыға j-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);

      m - қарыз алушының соңғы төлемінің реттік нөмірі;

      і - қарыз алушы төлемінің реттік нөмірі;

      Pi - қарыз алушының і-ші төлемінің сомасы;

      ti - микрокредит берілген күннен бастап қарыз алушының і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

      7. Егер сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған санның мәні бір ондық белгіден көп болса, ол былайша ондық бөлшекке дейін дөңгелектенуге тиіс:

      1) егер жүздік бөлшек 5-тен көп немесе тең болса, ондық бөлшек 1-ге ұлғайтылады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;

      2) егер жүздік бөлшек 5-тен аз болса, ондық бөлшек өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.

      8. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының оның микрокредит беру туралы шарттың негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу бойынша талаптарын сақтамауынан туындаған төлемдерін (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, қарыз алушының барлық төлемі кіреді.

      9. Микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде қарыз алушының өтініші бойынша енгізілген жағдайда, Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы қолданыстағы және сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні көрсетілмеген шарт бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімде Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларда, микрокредит беру туралы шарт талаптары өзгертіле бастаған күнге, қалған жағдайларда - микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге көрсетіледі.

      10. Қарыз алушылардың микроқаржы ұйымдарына жүргізілген төлемдері және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларға төлемдері сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу мақсатында олар нақты төленген күнге, болашақтағылары - төлемдер графигі бойынша есепке алынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 208 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8307 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 129 (28068) жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 135 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13888 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы;

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16267 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады