Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.2019 № 208 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулысымен бекітілген |
Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді
мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Осы Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы және микрокредиттік ұйымдардың (бұдан әрі – микроқаржы ұйымдары) берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғым пайдаланылады:
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – микрокредит бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін, Қағидаларға сәйкес есептеп шығарылатын сыйақы мөлшерлемесі.
2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін көрсетеді.
Микрокредит беру туралы шартта сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі компьютерлік техника қондырғысының көмегімен бір қосымшада цифрмен және жазумен көрсетіле отырып, сондай-ақ сыйақының басқа мөлшерлемелерімен қаріптері бірдей көлемдегі және ресімдеу стиліндегі (курсив, қарайтылған, түспен бояп көрсету, мөлшері) нысанда басып көрсетіледі.
3. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебі:
1) микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге;
2) қарыз алушының ауызша немесе жазбаша талабы бойынша;
3) микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оны төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатын, шартқа қосымша келісім жасау жолымен жүргізіледі.
4. Микрокредит беру туралы шарт талаптары қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оны төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соғатындай өзгерген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің нақтыланған мәні микрокредит беру туралы шарт қолданыла бастаған мерзімнен бастап қарыз алушы микрокредит бойынша төлеген төлемдерді есептемегенде, талаптарды өзгерту басталған күнгі микрокредитті өтеудің қалған мерзіміне қарай есептеледі.
Микрокредит беру туралы шарт талаптарының өзгеруіне байланысты төленуі тиіс комиссиялар болған кезде бұл комиссиялар сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің есебіне кіреді.
4-1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) беру кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талап етулер) берілген үшінші тұлға жүргізеді.
Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу
5. Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
(СЖС + ТЖС)/(БҚ/М)
CЖТМ = ------------------------- x 12 x 100,
М
мұндағы:
СЖТМ – микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі;
СЖС – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзіміндегі сыйақының жалпы сомасы;
ТЖС – микроқаржы ұйымының микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде микрокредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің жалпы сомасы;
БҚ – микрокредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде микрокредит бойынша берешектің ай сайынғы қалдықтарының жалпы сомасы;
М – микрокредитті өтеудің аймен көрсетілген мерзімі.
6. Егер сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған санның мәні бір ондық белгіден көп болса, ол былайша ондық бөлшекке дейін дөңгелектенуі тиіс:
1) егер жүздік бөлшек 5-тен көп немесе тең болса, ондық бөлшек 1-ге ұлғайтылады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;
2) егер жүздік бөлшек 5-тен аз болса, ондық бөлшек өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.
7. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының сыйақы бойынша төлемдері, сондай-ақ микрокредитті беруге және қызмет көрсетуге байланысты, Қағидалардың 7-1 және 7-2 тармақтарында көрсетілген комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Заңды тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне төлем мөлшері мен мерзімі микрокредит беру туралы шарт жасалған күні белгілі болатын микрокредит беру туралы шартта көзделген микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ клиенттердің үшінші тұлғалардың пайдасына төленетін мынадай төлемдер:
1) Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлемдерді қоспағанда, егер сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтандыру шарты бойынша микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;
2) қарыз алушының кепілдік (кепілдеме) алу үшін кепілгерге (кепіл берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
3) микроқаржы ұйымына қарыз алушыларды тарту, қарыз алушылар берген құжаттарды және микрокредит беру талаптарына сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру, қарыз алушылардың құжаттарын микроқаржы ұйымына беру, микроқаржы ұйымының қарыз алушыдан микрокредитті өтеу есебіне төлемдер қабылдау және аудару бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына қарыз алушының төлемдері енгізіледі.
Егер микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген төлемдердің микрокредиттеудің бүкіл мерзіміне мөлшерлерін айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалардың олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтеріне қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.
Микрокредит беру туралы шарт жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін қарыз алушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда ескеріледі.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.7-2. Жеке тұлғаға берілетін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне, төлем мөлшері мен мерзімі микрокредит беру туралы шарт жасалған күні белгілі болатын микрокредит беру туралы шартта көзделген микрокредит беруге және қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер енгізіледі.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13870 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысымен бекітілген.
Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар пайдасына төлемдердің мөлшерлерін микрокредиттеудің бүкіл мерзіміне айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасау күнінде айқындалған тарифтерге қарай микрокредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.
Микрокредит беру туралы шартта көзделген, Тізбенің 2-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген, микрокредит беру туралы шарт жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін қарыз арушының талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар микрокредитке қызмет көрсету кезеңінде енгізілген жағдайда ескеріледі.
Ескерту. 2-тарау 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде:
1) Қағидалардың 7-1-тармағында және Тізбенің 2-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушының төлемдері;
2) тұрақсыздық айыбын және айыппұл санкцияларының өзге түрлерін қоса алғанда, қарыз алушының микрокредитті беру шартының талаптарын сақтамауына байланысты төлемдері;
3) қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша және кепіл берушінің пайдалануындағы міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымдарының пайдасына қарыз алушының төлемдері кіргізілмейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 135 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде қарыз алушының өтініші бойынша енгізілген жағдайда, Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы қолданыстағы және сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні көрсетілмеген шарт бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мәні микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімде Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайларда, микрокредит беру туралы шарт талаптары өзгертіле бастаған күнге, қалған жағдайларда – микрокредит беру туралы шарт жасалған күнге көрсетіледі.
10. Қарыз алушының микроқаржы ұйымына төлеген төлемдері және микроқаржы ұйымының қарыз алушыға төлемдері cыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу мақсатында олар нақты төленген күнге, болашақтағылары – төлемдер графигі бойынша есепке алынады.