"Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 96 "Нотариаттық округтегі ең аз нотариустар санын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18366 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 7 наурызында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санына:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Нұр-Сұлтан қаласы - нотариаттық округ бойынша – 210;".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |