Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 10.12.2019 № 1358 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 171 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары
р/с № | Мүлік атауы | Тиесілігі | Ескертпе | Пайдалану уақыты |
Портативтік бейнетіркеуіштер |
Өткізу пункттері/кеден бекеттері қызметкерлерінің санына байланысты: |
Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін | 7 жыл |