Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1048 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19755 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1048 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары

      1. Осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін айқындайды.

      2. Әскери қызметте тұрмайтын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Азамат өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      4. Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде үш жұмыс күні ішінде қоса берілетін құжаттардың толықтығы мен түпнұсқалығын тексереді және ұсынылатын құжаттар Әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда, өтініші тіркелген және қарауға қабылданған және осы уақыттан бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылатын азаматқа кемшіліктерді жою үшін бес жұмыс күн уақыт бере отырып, оларды толықтыру қажеттілігін көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Бес жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе кандидат "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде оған шағым беру құқығын түсіндіре отырып, негізделген және дәлелді жазбаша жауаппен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша, бірақ кандидаттың өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы кандидаттың материалдарын одан әрі қарау үшін іріктеу комиссиясына жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне келісімшарт
бойынша әскери қызметке
кіру үшін азаматтар қатарынан
кандидаттардың өтініштері мен
құжаттарын қарау
қағидаларына
қосымша
  (Кімге) _______________________
жергілікті әскери басқару
органының басшысы
(ҚІБ, ҚІББ)
әскери бөлім командирі
(мемлекеттік
мекеменің басшысы)
(Кімнен)
______________________
азаматтың тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
туған күні, айы, жылы,
____________________________
тұрғылықты жері

Өтініш

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша ___________ жылға әскери қызметке кіру және

      ____________________________________________________________________

                  (лауазым атауы, әскери бөлім (мемлекеттік мекеме)

      бос әскери лауазымына тағайындау үшін менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке қоса ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Қосымша:___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

  __________________
  қолы, күні

КЕЛІСУ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР

Бөлімшенің атауы, лауазымы

Әскери атағы, тегі, инициалдары

Ескертпе, қолы және күні

1.

Қорғаныс министрінің орынбасары



Тарату есебі

      1. № 2 үлгілік тарату есебі - 575 дана

      2. Резерв - 10 дана

      Жиыны: - 585 дана

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады