Сот-сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 628 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 98 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19805 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған сот-сараптама қызметі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 628 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 98 бірлескен бұйрығына
қосымша

Сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар саласындағы тексеру парағы

      Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын тұлғалардың қызметіне

      қатысты ___________________________________________________

                        (бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруді/бақылауды тағайындау туралы акт

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                                    (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы





2.

Жоғары білімінің болуы





3.

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және/немесе сот – медициналық, сот – психиатриялық және сот – наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы





4.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандығы бойынша немесе сот сараптамасы органдарында (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі





5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы











      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

                                          (лауазымы)             (қолы)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _____________________________________

                                          (лауазымы)             (қолы)

      _________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады