Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | Б. Шолпанкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына 1-қосымша |
Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары
1. Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдар.
3. Арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
4. Ойын бизнесi субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына 2-қосымша |
Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға - салық төлеушінің (бұдан әрі – салық төлеушілер) ағымдағы шотына түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімі
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттарына сәйкес жыл сайын, есепті жылдың кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей, есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Microsoft Excel форматында салық төлеушілердің санаттары қалыптастырады.
3. Комитет салық төлеушілердің тізбесін қалыптастырған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Банктерге және ұйымдарға көрсетілген тізбені қоса бере отырып, Мәліметтер ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.
4. Банктер мен ұйымдар Мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Комитетке Мәліметтерді осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Microsoft Excel форматында электрондық құжат түрінде жібереді.
5. Мәліметтердің нысаны мынадай түрде толтырылады:
1) нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында Мәліметтер ұсынылатын кезең көрсетіледі;
3) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;
4) нысанның 4-бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі;
5) нысанның 5-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) БСН көрсетіледі;
6) нысанның 6-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
7) нысанның 7-бағанында банктік шоттары ашылған банктің (филиалының, құрылымдық бөлімшесінің) атауы көрсетіледі;
8) нысанның 8-бағанында банктік шоттың түрі көрсетіледі;
9) нысанның 9-бағанында банктік шот валютасының түрі көрсетіледі;
10) нысанның 10-бағанында салық төлеушінің банктік шотының нөмірі көрсетіледі;
11) нысанның 11-бағанында күнтізбелік жыл үшін, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы түскен, төлемдердің қорытынды сомасы көрсетіледі.
12) нысанның 12-бағанында есепті күнтізбелік жыл үшін ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мәліметтер мәліметтерді беру жөніндегі уәкілетті тұлғаның немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына 3-қосымша |
|
нысан |
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы туралы мәліметтер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2022 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Жыл | Салық төлеуші |
Реквизиты банка (филиала, подразделения банка), в котором открыты банковские счета | Банк шотының түрі | Банк шотының валютасы | Банк шотының нөмірі | Күнтізбелік жыл үшін түскен төлемдердің жиындық сомалары | Күнтізбелік жыл үшін ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомалары | |||
ЖСН/ БСН | атауы | БСН | БСК | атауы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
_____________________________________________________________
нысанды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), қолы
_____________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСК – банктің сәйкестендіру коды;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
р/с – реттік саны.