"Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына өзгерістер и толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27116 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары, төлем карточкаларын мен мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну Қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның нысанын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғалар - салық төлеушілердің санаттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Төлем карточкаларын төлемдерді пайдаланумен, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға - салық төлеушінің (бұдан әрі – салық төлеушілер) ағымдағы шотына түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) нысанның 12-бағанында есепті күнтізбелік жыл үшін ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 258 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1451 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын және мобильдік төлемдерді пайдаланумен төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолдану арқылы ағымдағы шотқа түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары туралы туралы мәліметтер

р/с №

Жыл

Салық төлеуші

Реквизиты банка (филиала, подразделения банка), в котором открыты банковские счета
Банк шоттары ашылған банктің (филиалының, бөлімшесінің) деректемелері

Банк шотының түрі

Банк шотының валютасы

Банк шотының нөмірі

Күнтізбелік жыл үшін түскен төлемдердің жиындық сомалары

Күнтізбелік жыл үшін ағымдағы шотқа түскен мобильді төлемдердің жиынтық сомалары

ЖСН/ БСН

атауы

БСН

БСК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      _____________________________________________________________

      нысанды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде), қолы

      _____________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      БСК – банктің сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      р/с – реттік саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады