Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 19871 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 266 қаулысымен
бекітілген

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банктер және банк қызметі туралы заңның 45-1-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған қадағалап ден қою шаралары Банктер және банк қызметі туралы заңның 45-1-бабының 4-1-тармағына, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қолданылады.

      3. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қадағалап ден қоюдың мынадай шараларын:

      1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын;

      2) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

      4. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде Банктер және банк қызметі туралы заңның 45-1-бабының 3-тармағында көзделген факторлар ескеріледі.

      5. Ұлттық Банк қолданылған қадағалап ден қою шараларын есепке алады және қолданылған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қоспағанда) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      5-1. Ұлттық Банк ӘРПК-нің 66-бабына сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шарасының жобасы түрінде ресімделген қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешімді оларға алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарламамен қоса жібереді.

      Қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешім және тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарлама қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешімге ӘРПК-нің 73-бабы 3-бөлігінде белгіленген мерзімде қарсылығын ұсынады немесе білдіреді.

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-2. ӘРПК-нің 96-бабына сәйкес шағым беру қолданылған қадағалап ден қою шараларының (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) орындалуын тоқта тұрмайды.

      Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 № 19 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары

      7. Банктер және банк қызметі туралы заңның 45-2-бабының 1-тармағында, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларда Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.

      8. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Ұлттық Банктің хатымен ӘРПК-нің 80-бабында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және осы шараны қолданудың негіздерін және анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарламаны және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды және (немесе) Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді қамтиды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға және Ұлттық Банк қажет деп тапқанда, Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке басқару органдарына қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын жібереді.

3-тарау. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар

      10. Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

      11. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.

      12. Ұлттық Банк жазбаша нұсқамада Банктер және банк қызметі туралы заңның 46-бабының 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауды және (немесе) жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсыну қажеттігін көрсетеді.

      13. Іс-шаралар жоспары кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың сипатын, олардың туындауына әкелген себептерді, жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының әрбір тармағының орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді қамтиды.

      14. Ұлттық Банк қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын Ұлттық Банкке келіп түскен күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Ұсынылған іс-шаралар жоспары бойынша Ұлттық Банктің ескертулері болған және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың көлемі 20 (жиырма) іс-шарадан асқан жағдайда, іс-шаралар жоспарын қарау мерзімі бір рет қана 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарына Ұлттық Банктің ескертулері болған жағдайда, Ұлттық Банк ол бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға Ұлттық Банктің ескертулерін ескере отырып, Ұлттық Банктің хатында көрсетілген мерзімде пысықталған шаралар жоспарын ұсынады немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өзінің негіздемелерін ұсынады.

      Ұлттық Банк қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      Ұлттық Банк ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға оны іске асыруға кіріседі.

      Ұлттық Банк іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға Банктер және банк қызметі туралы заңның 46-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды көрсете отырып, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолданады.

      15. Ұлттық Банк Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғамен Банктер және банк қызметі туралы заңның 46-бабының 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жасайды.

      16. Жазбаша келісімде Банктер және банк қызметі туралы заңның 46-бабының 1-тармағында көрсетілген шаралардың орындалуы туралы келісім, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдері және (немесе) қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көзделеді.

      Жазбаша келісімге қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға міндетті түрде қол қоюға тиіс. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға жазбаша келісімге қол қойған соң оның талаптарын толық көлемде және онда белгіленген мерзімдерде орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.

      17. Жазбаша келісім заңды күші бірдей 4 (төрт) дана етіп (қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан) жасалады және қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға ілеспе хатпен жіберіледі.

      Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға қол қойылған 2 (екі) дана (1 (бір) данадан қазақ және орыс тілдерінде) жазбаша келісімді алған күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке қайтарады.

      18. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға Ұлттық Банкті:

      жазбаша нұсқамада, жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны;

      іс-шаралар жоспарында көзделген жүзеге асыру күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      19. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралар мен іс-шараларды орындауы:

      1) жазбаша нұсқама үшін – қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша нұсқаманы алған күнінен бастап;

      2) іс-шаралар жоспары үшін – қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның Ұлттық Банк мақұлдаған іс-шаралар жоспарын алған күнінен бастап;

      3) жазбаша келісім үшін – қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаның жазбаша келісімге қол қойған күнінен бастап басталады.

      Егер жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген шараларды және (немесе) жоспарланған іс-шараларды орындау мерзімдері 1 (бір) айдан асатын болса, қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлға ай сайын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Ұлттық Банкті жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шаралардың және (немесе) іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      20. Жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға байланысты емес себептер бойынша осы құжаттарда белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы тұлға осы құжаттарда белгіленген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде көзделген шараларды және (немесе) іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) ұсынады.

      Ұлттық Банк өтінішхатты қарау нәтижелерін қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар қолданылған тұлғаға Ұлттық Банкке ол келіп түскен күннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады