"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 мамырда № 32563 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Ұлттық Банк ӘРПК-нің 66-бабына сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шарасының жобасы түрінде ресімделген қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешімді оларға алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарламамен қоса жібереді.

      Қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешім және тыңдауды өткізу орны мен уақыты туралы хабарлама қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар қадағалап ден қою шарасын қолдану туралы алдын ала шешімге ӘРПК-нің 73-бабы 3-бөлігінде белгіленген мерзімде қарсылығын ұсынады немесе білдіреді.

      5-2. ӘРПК-нің 96-бабына сәйкес шағым беру қолданылған қадағалап ден қою шараларының (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) орындалуын тоқта тұрмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы Ұлттық Банктің хатымен ӘРПК-нің 80-бабында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді және осы шараны қолданудың негіздерін және анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы хабарламаны және (немесе) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды және (немесе) Ұлттық Банк кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді қамтиды.".

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады