Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 02.06.2020 № 500/66-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1- тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі бекітілсін.
2. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 341/42-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1204 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде, 2019 жылғы 26 ақпанда "Вечерняя Астана" және "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Күрішбаев |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 396/52-VI шешімімен бекітілген |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру тізбесі
Р/с № | Ауру | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Тобрамицин, ұнтақ, ингаляцияға арналған ерітінді |
Натрий колиместаты, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||||
Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||||
Бейімделген емдік өнімдер | ||||
2. | Бастапқы өкпелік гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Бозентан, таблетка |
Силденафил, таблетка | ||||
Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі Эйзенменгер синдромы | Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | |||
3. | Драве синдромы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Стирипентол, капсула |
Клобазам, таблетка | ||||
4. | Қалқанша безінің медуллярлық ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Вандетаниб, таблетка |
5. | Ниман-Пик ауруы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Миглустат, капсула |
6. | Шорбуындаушы спондилоартрит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Инфликсимаб, инъекцияға арналған ұнтақ |
7. | Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Тоцилизумаб, инъекцияға арналған ұнтақ |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ұнтақ | ||||
Тофацитиниб, таблетка | ||||
8. | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Медициналық бұйымдар |
Бейімделген емдік өнімдер | ||||
9. | Идиопатиялық өкпе фиброзы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Пирфенидон, капсула |
10. | Өкпенің бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді |
11. | Алғашқы глаукома, басқа көз аурулары салдарынан туындаған екінші глаукома | Нұр-Сұлтан қаласында кем дегенде бір жыл диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Бринзоламид, көзге арналған тамшылар |
Тимолол, көзге арналған тамшылар | ||||
Травопрост+ тимолол малеаты, көзге арналған тамшылар | ||||
12. | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид (сальметерол + флутиказон пропионаты), ингаляцияларға арналған аэрозоль |
13. | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Ванатекс (валсартан), таблетка |
Микардис (телмисартан), таблетка | ||||
Микардис плюс (телмисартан + гидрохлортиазид), таблетка | ||||
14. | Сүт безінің ұсақстатикалық қатерлі ісігі гормондық рецепторлары оң (HR+), адам өсу факторының (HER2-) 2-ші типі рецепторлары теріс | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Палбоциклиб, капсула |
15. | Латеральды (жанармай) амиотрофиялық склероз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Рилузол, таблетка |
16. | Контрацепция | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Этинилэстрадиол + дроспиренон, таблетка |
Дезогестрел, таблетка | ||||
Жүктілікке қарсы аурулары бар әйелдер | Этинилэстрадиол + левоноргестрел, таблетка, драже | |||
Бала туу жастағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Медициналық бұйымдар | |||
17. | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған ересек адамдар | Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау | Медициналық бұйымдар |
18. | Акромегалия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Соматулин аутогель (Ланреотид), инъекцияға арналған ерітінді |
19. | CAPS синдромы мутацияда NLRP3 генін іздеу | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Канакинумаб, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
20. | Созылмалы вирустық C гепатиті, бауыр циррозын қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Глекапревир + пибрентасвир, таблетка |
21. | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікшелер | Медициналық бұйымдар |
Бейімделген емдік өнімдер | ||||
22. | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Бензобарбитал, таблетка |
23. | Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0 | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Ленватиниб, капсула |
24. | Фабри ауруы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Агалзидаза бета, инфузияға арналған ерітінді жасауға концентратты жасауға лиофилизат |
25. | Көпжақты миелома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Даратумумаб, инфузияға арналған ерітінді жасауға концентрат |
26. | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ұлпалық трансглюта-миназаға қарсы денелері бар, гистологиялық және генетикалық расталған, белсенді сатыда | Бейімделген емдік өнімдер |
Панкреатин, капсула | ||||
27 | Өсу факторының эпидермальды тирозинкиназды ингибиторының рецепторы генінің белсенді мутациясы бар (EGFR TKI) метастатикалық ұсақ емес жасушалық өкпенің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Афатиниб, таблетка |
28 | Өсу факторының эпидермальды рецепторы генінің белсенді мутациясы бар (EGFR) метастатикалық ұсақ емес жасушалық өкпенің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыдағы | Осимертиниб, таблетка |