Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі 19-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған орта сапасының 2019-2022 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Аюпов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 460/58-VI шешіміне қосымша |
"Атмосфералық ауа" бөлімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер тізбесі | Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері | ||||
Өлшем бірлігі | Алғашқы деңгейі | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | |
Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындысы (нормативтік көлем): | |||||
I қауіптілік санаты | тонна жылына | 72 444,0 | 65 438,0 | 62 800,0 | 62 800,0 |
II қауіптілік санаты | тонна жылына | 4 900,0 | 4 900,0 | 4 900,0 | 4 900,0 |
III қауіптілік санаты | тонна жылына | 7 800,0 | 13 800,0 | 13 800,0 | 13 800,0 |
IV қауіптілік санаты | тонна жылына | 21 983,0 | 21 983,0 | 21 983,0 | 21 983,0 |
Барлығы: | тонна жылына | 107 127,0 | 106 121,0 | 103 483,0 | 103 483,0 |
"Су ресурстарының жағдайы" бөлімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (жерүсті сулары)
Нысаналы көрсеткіштер тізбесі | Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері | ||||
Өлшем бірлігі | Алғашқы деңгейі | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | |
Су объектілеріне ластаушы заттардың жалпы төгінділері (нормативтік көлем): | |||||
I қауіптілік санаты | тонна жылына | 183 800,0 | 180 700,0 | 160 500,0 | 158 200,0 |
II қауіптілік санаты | тонна жылына | 17 400,0 | 17 400,0 | 17 400,0 | 17 400,0 |
III қауіптілік санаты | тонна жылына | 430,0 | 430,0 | 430,0 | 430,0 |
Барлығы: | тонна жылына | 201 630,0 | 198 530,0 | 178 330,0 | 176 030,0 |
Ескертпе:
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабы 2-тармағына сәйкес:
I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады.
II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады.
III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады.
IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады.
Өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қазандағы "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) сәйкес қабылданады.