Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 461/58-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 1257 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-4 тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекаралары бекітілсін.

      2. Осы шешiм оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Аюпов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
маслихатының
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 461/58-VI шешімімен
бекітілген

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында белгіленген жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекаралары

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымсыз асырау үшін санитариялық аймақтардың шекаралары Нұр-Сұлтан қаласының мынандай аумақтарында белгіленсін:

      "Есіл" ауданы бойынша:

      оңтүстік-шығыс полигоны: Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығыс шекарасынан Есіл өзені арнасының бойымен санитариялық-қорғау жасыл аймағына дейін, санитариялық-қорғау жасыл аймағынан айналма жолды кесіп өте отырып, Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығыс шекарасына дейін, контурды тұйықтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығыс шекарасы бойымен Есіл өзенінің арнасына дейін;

      батыс полигоны: Нұр-Сұлтан қаласының батыс шекарасынан Есіл өзені арнасының бойымен Ш. Айтматов көшесіне дейін, Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолын дейін, Қорғалжын тас жолы бойымен Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс шекарасына дейін, Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс шекарасынан контурды тұйықтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласының батыс шекарасына дейін;

      "Алматы" ауданы бойынша:

      Ақбұлақ бұлағынан Нұр-Сұлтан қаласының шекарасының бойымен Есіл өзенінің арнасына дейін, Есіл өзенінің арнасынан А168 көшеге дейін, А168 көшенің бойымен Х. Болғанбаева көшесіне дейін, ось бойынша темір жолға дейін, темір жол бойымен Байырқұм көшесінің жол көлік айырығына және темір жолға дейін, Байырқұм көшесінің жол көлік айырығынан және темір жолдан № 101 көшенің бойымен Ақбұлақ бұлағына дейін, Ақбұлақ бұлағының бойымен Нұр-Сұлтан қаласының шекарасына дейін;

      "Байқоңыр" ауданы бойынша:

      Нұр-Сұлтан қаласының қолданыстағы шекарасы бойынша Ақбұлақ бұлағына дейін, Ақбұлақ бұлағының бойымен № 101 көшеге дейін, № 101 көшенің бойымен А344 көшеге дейін, А344 көшеден Ақбұлақ бұлағына дейін, Ақбұлақ бұлағының бойымен темір жолға дейін, темір жол бойымен Нұр-Сұлтан қаласының шекарасына дейін;

      "Сарыарқа" ауданы бойынша:

      Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс шекарасынан темір жол бойымен, темір жолдан ось бойынша Ш. Бейсекова көшесінің бойымен Ш. Айтматов көшесімен жалғаса отырып Есіл өзені арнасына дейін, Есіл өзені арнасының бойымен Нұр-Сұлтан қаласының батыс шекарасына дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады