Ақмола облысының Көкшетау қаласында көшені қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № А-3/124 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 6С-30-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 7109 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысының Көкшетау қаласында Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады