Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 6С-50-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Амбулаториялық емделу кезінде "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Адалимумаб", "Тоцилизумаб" дәрілік заттары, "Өкпе гипертензиясы" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Силденафил", "Бозентан", "Риоцигуат" дәрілік заттары, "Буллезді эпидермолиз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен арнайы тағамдар, ағзалар мен тіндерді транспланттауды өткен азаматтарға "Вальцит" дәрілік заты, орфандық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға "Адамның қалыпты иммуноглобулині" дәрілік заты уәкілетті органмен бекітілген тізбесіне сәйкес, "Шашыранды склероз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Натализумаб" дәрілік заты тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
О.Курумбаев |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нурмулдин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі |