Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің Кирово ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/505 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 7446 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, "Ақкөл ауданы Кирово селосын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № А-11/352 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 қарашадағы № С 29-3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің Кирово ауылы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылдық округінің Рамадан ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады