"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысының, "Ақкөл ауданы Красный Горняк ауылын қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № А-7/206 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 шілдедегі № С 24-2 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің Красный Горняк ауылы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің Айдарлы ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ә.Баймағамбетов |