"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № А-1/92 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 286/41-6 "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қызыл суат, Аққайың, Шұбар ауылдары шекараларында Қызыл суат ауылдық округі, округ орталығы Қызыл суат ауылы болып құрылсын;
Қоянды ауылдық округі, дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Қоянды ауылы болып қайта құрылсын;
Талапкер ауылдық округінің шекарасы Қызыл суат ауылын Талапкер ауылдық округінің әкімшілігі бағынысынан алып, Қызыл суат ауылдық округінің әкімшілігі бағынысына тапсыру арқылы өзгертілсін.
Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің Шнет ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмагамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймағамбетов |