Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/508 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 7463 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № а-5/192А және Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 6С-42/5 бірлескен қаулысы мен шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      жалпы алаңы 47661 гектар Наурызбай батыр ауылын оның құрамына қосумен Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің әкімшілік орталығы Зеленый Бор ауылы айқындалсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмагамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады