"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, 2016 жылғы 09 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларында:
"Бурабай ауданы" бөлімі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын:
"
27 | "Бурабай жылу тарату компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Щучинск қаласы, Гагарин көшесі, № 25 үй | 0,02854 | жоқ | жоқ |
";
"Еңбекшілдер ауданы" бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Біржан сал ауданы";
көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен қамсыздандыру және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларында:
"Еңбекшілдер ауданы" бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Біржан сал ауданы".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мұратұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |