"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:
1) көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге - 100 (жүз) теңге;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге;
2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге - 180 (жүз сексен) теңге;
жетіден он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге.
2. Электрондық жолақы төлем жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүруге құқығы бар.
3. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Көкшетау қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы" 2019 жылғы 18 қазандағы № А-10/1886 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7427 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласының әкімі | Б. Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қалалық мәслихаты