Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 "Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 6С38-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 7379 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 31.01.2024 № 8С16-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5553 тіркелген, 2016 жылғы 3 қазанда "Алтын астық" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары";

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Осы Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.".

      2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";

      7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (бір рет);

      2) 26 сәуір – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні (бір рет);

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні (бір рет);

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні (бір рет);

      5) 1 қазан – Қарттар күні (бір рет);

      6) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).";

      9 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Қарттар күніне:

      өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;";

      9 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарға, осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Егіндікөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері елу айлық есептік көрсеткішке тең, бір рет;

      туберкулезбен, адамның имун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтарға бір жыл ішіндегі дәрігерлік консультациялық кеңестің қорытындысы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      ісік науқастары бар азаматтарға, ісік ауруына шалдығып ісіктік стационар жағдайында арнайы емделіп жатқан азаматтарға бір жыл ішіндегі науқас тарихы үзіндісі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларына, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған отбасыларына "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен қамтамасыздандыру үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде, бір рет;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін медициналық мекеме куәландыруының негізінде жыл ішінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      барлық топтағы мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін мемдициналық мекеме куәландыруының негізінде жыл ішінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      аналарға үшінші және одан кейінгі бала туғаны үшін баланың туу туралы куәлігінің негізінде жыл ішінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын колледж студенттеріне білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты тұлғалардың (отбасылардың) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеріс актісі және оқуды төлеу бойынша түбіртектері негізінде оқу шығындарын жүз пайызға өтеу;

      жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Егіндікөл ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Егіндікөл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар, еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынған сауықтыру үшін жолдама;

      әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет төлем жасау шығындары бойынша көрсетіледі, оның ішінде ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде:

      коммуналдық қызмет жасау шығындарын өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;

      жылу беру маусымына қатты отын алуға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      байланыс қызметіне абоненттік төлем мөлшерінде;

      газбен қамтамасыздандыру, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде;";

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";

      12, 13 тармақтар алынып тасталсын;

      15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.";

      16 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.";

      19 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.";

      21 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Достенов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады