Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылгы 19 ақпандағы № 45/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7072 тіркелген, 2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
он бірінші азат жол жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі нысанда оқитын студенттер;";
келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар көп балалы отбасылар.";
3) тармақшаның екінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, колледждерде күндізгі нысанда оқитын студенттерге – 100 пайыз мөлшерінде оқуының шығынын өтеуге;";
3) тармақшада алтыншы азат жолдан кейін келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар көп балалы отбасыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
бірінші азат жолдағы "Ауылдық жерде тұратын" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Л.Клименко |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Есіл ауданының әкімдігі |