"Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6С-35/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 7053 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 6С-52/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 6С-52/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      6 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығару күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Қарт адамдар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.";

      9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстаннан әскерді шығару күніне:

      Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы адамдарға;

      2) Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;

      3) Қарт адамдар күніне:

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      4) Мүгедектер күніне:

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Виничук
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының
әкімі
М.Балпан

      11 қаңтар 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады