Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 "2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 6С-38/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 7201 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. 2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер - 68101,0 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер - 46606,0 мың теңге;

      трансферттер түсімі - 21495,0 мың теңге;

      2) шығындар - 71747,5 мың теңге;

      3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;

      4) бюджет тапшылығы (профициті) - -3646,5 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3646,5 мың теңге.";

      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар 20575,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.";

      келесі мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "2-1. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласы бюджетінің шығыстар құрамында бюджеттік атқару есебінің бірыңғай ақпараттық алаңын енгізуге жергілікті бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер 300,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.

      2-2. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласы бюджетінің шығыстар құрамында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 620,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.

      2-3. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджетінде 2019 жылдың басында 3646,5 мың теңге сомасында бюджеттік қаражаттың қалдықтары белгіленген заңнама тәртібімен пайдаланғандығы ескерілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы,
аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
Қ.Байжұманова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 6С-38/2 шешіміне
1 қосымша
  Жарқайың аудандық мәслихатының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-34/2 шешіміне
1 қосымша

2019 жылға арналған Державин қаласының бюджеті

Санаты

Сома
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




I.Кірістер

68101,0

1



Салықтық түсімдер

46606,0


01


Табыс салығы

19805,0



2

Жеке табыс салығы

19805,0


04


Меншiкке салынатын салықтар

26801,0



1

Мүлiкке салынатын салықтар

530,0



3

Жер салығы

5707,0



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

20564,0

4



Трансферттер түсімі

21495,0


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

21495,0



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

21495,0


Функционалдық топ

Сома мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




II. Шығындар

71747,5

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

23230,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

23230,1



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22930,1



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

300,0

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

40517,4


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

40517,4



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

15302,1



009

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

7575,0



010

Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу

4650,0



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

12990,3

12



Көлiк және коммуникация

8000,0


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

8000,0



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

8000,0




III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




ІV. Бюджет тапшылығы (профициті)

-3646,5




V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

3646,5

8



Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

3646,5


01


Бюджет қаражатының қалдықтары

3646,5



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

3646,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады