Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 6С-52/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен);
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күн көріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.".
10 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға, азамат (отбасы) кірісіне қарамастан беріледі:
"Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдары есебінде тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен) - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасыға), оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей - 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге – "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арасындағы шарттың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама және көрсетілген топқа жататындығын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге жүз пайыз мөлшерінде төленеді;
күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
- шұғыл емделуге (операция жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, қалалық және ауданаралық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүретінін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда 100% мөлшерінде, қалалық және ауданаралық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүруге шығындарды өтеу үшін.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Қ.Байжұманова |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімдігі |