Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер - 75527,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 48606,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 26921,0 мың теңге;
2) шығындар - 79173,5 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - -3646,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3646,5 мың теңге.";
2-2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2-2. 2019 жылға арналған Жарқайың ауданы Державин қаласы бюджетінің шығыстар құрамында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 2163,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде;
1265,0 мың теңге мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге;
898,0 мың теңге азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Жүнүсов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімдігі |
Жарқайың аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 6С-45/2 шешіміне қосымша |
|
Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-34/2 шешіміне 1 қосымша |
2019 жылға арналған Державин қаласының бюджеті
Санаты | Сома мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
I.Кірістер | 75527,0 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 48606,0 | ||
01 | Табыс салығы | 21805,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 21805,0 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 26801,0 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 530,0 | ||
3 | Жер салығы | 5707,0 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 20564,0 | ||
4 | Трансферттер түсімі | 26921,0 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 26921,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 26921,0 |
Функционалдық топ | Сома мың теңге | |||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
II. Шығындар | 79173,5 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 25033,1 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 25033,1 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 24733,1 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 300,0 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 46140,4 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 46140,4 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 14135,1 | ||
009 | Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету | 7538,0 | ||
010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 4650,0 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 19817,3 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 8000,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 8000,0 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 8000,0 | ||
III. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
ІV. Бюджет тапшылығы (профициті) | -3646,5 | |||
V. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 3646,5 | |||
8 | Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары | 3646,5 | ||
01 | Бюджет қаражатының қалдықтары | 3646,5 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 3646,5 |