"Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 6ВС-39-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 7123 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 8С-17-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      3) 1 қазан - Қарт адамдар күні;

      4) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      мүгедек балаларға;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      қатерлі ісік ауруымен ауыратындарға;

      туберкулезбен ауыратындарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге;

      жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді орган ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек:

      1) Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне:

      Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы тұлғаларға;

      2) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттағы тұлғаларға;

      3) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;

      4) Мүгедектер күніне:

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге зейнеткерлік жасқа дейін және мүгедек балаларға көрсетіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
В.Гертнер
      Жақсы аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады