Жақсы ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № а-3/134 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 маусымда № 7255 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/172 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6675 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/172 "Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы"" 2019 жылғы 23 қаңтардағы № а-0/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7056 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Малғаждаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады