Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/172 "Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № а-0/12 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қаңтарда № 7056 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № а-3/134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 25.06.2019 № а-3/134 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № а-4/172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6675 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Малғаждаров

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 23 қаңтардағы
№ а-0/12 қаулысына
қосымша
  Жақсы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ а-4/172 қаулысына
1-қосымша

Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттері

Жақсы ауданының Жақсы ауылында салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенттері

1

Қали Еспенбетұлы көшесі;
Бейімбет Майлин көшесі;
Бірлік көшесі;
Строительная көшесі;
Ілияс Жансүгіров көшесі;
Мұхтар Әуезов көшесі.

1,25

2

Сейітжан Жақыпов көшесі;
Комсомольская көшесі;
Дорожная көшесі;
Мәншүк Маметова көшесі;
Октябрьская көшесі;
Молодежная көшесі;
Жамбыл Жабаев көшесі;
Степная көшесі;
Максим Горький көшесі;
Абай көшесі 64-інші үйден көшенің соңына дейін;
Мереке көшесі;
Мира көшесі 73-інші үйден көшенің соңына дейін;
Целинная көшесі;
Сәкен Сейфуллин көшесі;
Транспортная көшесі.

1,6

3

Болашақ шағын ауданы;
Әлия Молдағұлова көшесі;
Тәуелсіздік көшесі 29-ыншы үйден көшенің соңына дейін;
Юрий Гагарин көшесі 1-ден 20-ға дейін;
Амангелді Иманов көшесі 4-інші үйден көшенің соңына дейін;
Әділбек Майкүтов көшесі;
Советская көшесі;
Юрий Гагарин көшесі 20-ыншы үйден көшенің соңына дейін.

2,0

4

Абай көшесі 1-ден 63-ке дейін;
Карл Маркс;
Сәкен Сейфуллин көшесі 1-ден 19-ға дейін;
Мира көшесі 1-ден 73-ке дейін;
Кенжеш Түктүбаев көшесі 19-дан 45-ке дейін;
Пионерская көшесі;
Амангелді Иманов көшесі;
Дорожный тұйық көшесі;
Тәуелсіздік көшесі 1-ден 27-ге дейін.

2,2

5

Абай көшесі;
Кенжеш Түктүбаев көшесі 1-ден 17-ге дейін;
Западная көшесі;
Энергетиков көшесі;
Элеваторная көшесі;
Тоқтар Әубәкіров көшесі.

2,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады