"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жақсы ауданы әкімдігінің "Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2018 жылғы 17 қазандағы № а-9/308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Малгаждаров |