"Шортанды ауданы Жолымбет кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 29 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қаңтарда № 7061 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Жолымбет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің "Шортанды ауданы Жолымбет кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы № 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6813 тіркелген, 2018 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жолымбет кентінің әкімі Е.Әуезханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады