Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің 30.01.2019 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Жолымбет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданы Жолымбет кентінің құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Мирный тұйық көшесі Достық көшесіне;
2) Набережная көшесі Шертер көшесіне;
3) 8 марта көшесі Бірлік көшесіне;
4) Почтовая көшесі Асар көшесіне;
5) Акмолинская көшесі Ақмола көшесіне;
6) Юрий Гагарин көшесі Әлихан Бөкейханұлы көшесіне;
7) Андрей Гапич көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;
8) Дачная көшесі Өріс көшесіне;
9) Заречная көшесі Шұғыла көшесіне;
10) Карагандинская көшесі Жетіген көшесіне;
11) Майская көшесі Береке көшесіне;
12) Новая көшесі Жұлдыз көшесіне;
13) Павла Поповича көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;
14) Северная көшесі Қазанат көшесіне;
15) Степная көшесі Темірқазық көшесіне;
16) Эфельная көшесі Бозінген көшесіне;
17) Валерия Чкалов көшесі Дулыға көшесіне;
18) Театральная көшесі Қайым Мұхамедханов көшесіне;
19) Шахтерская көшесі Шахтер көшесіне;
20) Строительная көшесі Сонар көшесіне;
21) 40 лет Победы көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
22) Комсомольская көшесі Біржан сал көшесіне;
23) Юбилейная көшесі Адырна көшесіне;
24) Фабричная көшесі Берен көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жолымбет кентінің әкімі |
Е.Әуезханов |