Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 383 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5984 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2019 жылғы 1 наурыздағы № 383 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша
  2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшерлемелерінің
МӨЛШЕРІ Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембi өзендерінің бассейндері

№ р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

137,0

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

398,0

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

110,4

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

108,0

5.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

13,3

Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері

№ р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

119,0

2.

Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

335,0

3.

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

92,0

4.

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

92,0

5.

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

-

6.

Су көлігі

теңге/1000 тек.м

-

      Ескертпе: Төлемақы мөлшерлемелері сәйкес жылдық инфляцияның ресми деңгейiндегi индексiн ескере отырып есептеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады