Орманда өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орманқоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 138 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 6103 болып тіркелді. Қаулы 2019 жылдың 31 қазанына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Қаулының қолданыста болу мерзімі – 31.10.2019 дейін (қаулының 4-т.).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 қазанына дейін жеке тұлғалардың Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) ормандарды өрттерден күзетуді және қорғауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 31 қазанына дейін қолданылады.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады