Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандадағы № 73 "2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5970 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылаужетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Оразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 150 қаулысына қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысымен бекітілген |
Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 45 000 | 450 000,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 30 000 | 20 000 | 600 000,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп бағу | бас/шағылыстылыстыру маусымы | 100 000 | 1 400 | 140 000,0 |
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 1400 | 210 000,0 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 335 000 | 9 000 | 3 015 000,0 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 200 | 1 125 000 | 225 000,0 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағы, килограмм | 200 | 58 892,5 | 11 778,5 |
Барлық сомасы | 4 651 778,5 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | Бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 1 000 | 10 000,0 |
1.2 | Қос жынысты | 5 000 | 500 | 2 500,0 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 400 | 60 000,0 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 35 | 6 800 000 | 238 000,0 |
3.2 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 | 2 000 000 | 20 000,0 | |
3.3 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 700 000 | 7 000,0 | |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 5 000 | 1 200 | 6 000,0 |
5. | Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 800 | 96 000,0 |
Барлық сомасы | 439 500,0 | ||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 50 | 348 000 | 17 400,0 |
Барлық сомасы | 17 400,0 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | ||||
1) | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 2,7 | 120 585 000 | 325 579,5 |
Барлық сомасы | 325 579,5 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 140 000 | 25 | 3 500,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 700 | 28 000,0 |
Барлық сомасы | 31 500,0 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы | 1 000 | 5 000 | 5 000,0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылысу маусымы | 2 500 | 7 200 | 18 000,0 |
Қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 30 000 | 45 000,0 | ||
2. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 1 125 | 9 000,0 |
3. | Қозы өткізу құнын арзандату | өткізілген бас | 3 000 | 2 500 | 7 500,0 |
4. | Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату | ||||
5. | Сапасы 50-ден басталатын жүн | өткізілген немесе өңделген килограмм | 100 | 18 000 | 1 800,0 |
Барлық сомасы | 86 300,0 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 50 | 5 000,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 300 000,0 | 18 000,0 |
Барлық сомасы | 23 000,0 | ||||
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 10 000 | 550,0 |
Барлық сомасы | 550,0 | ||||
Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) | |||||
1. | Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 10 000 | 75 | 750,0 |
Барлық сомасы | 750,0 | ||||
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 600 | 3 000,0 |
Барлық сомасы | 3 000,0 | ||||
Жиынтық сомасы | 5 579 358,0 |
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және /немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 наурыз 2019 жылғы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау" Қағидасының 4-тармағына сәйкес, Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі