Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 1919 және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 314 "Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-182 тіркелген, 2018 жылғы 16 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен қаулысы және шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
келесі мәтіндегі 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1 Актөбе облысының өкiлдi және атқарушы органына Ақтөбе қаласының Кенес Нокин, Ақшат, Белогор, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шиелісай, Жаңақоныс, Құрашасай, Жіңішке, Шестихатка, Қурайлы, Георгиевка, Елек, Өрлеу, Қарғалы, Ақжар, Мағаджан, Сазды ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру жөнінде ұсыныс енгізсін.".
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулыны және шешімді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;
2) осы бірлескен қаулыны және шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен қаулыны және шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | І. Испанов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Сакиев |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |