Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 7232 бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 138 "Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3973 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3. "Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі | М. Елеусизов |
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "14" қазандағы № 219 қаулысына қосымша |
Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 13.06.2023 № 108 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Орналасқан жері | 1 (бір) шаршы метр үшін айына төлем мөлшері, теңге, тиын |
1 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі, № 24/1, № 24/2 үйлер | 64,45 |
2 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі, № 25/1, № 25/2 үйлер | 64,06 |
3 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі, № 30/1, № 30/2 үйлер | 66,47 |
4 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ж. Баһадүр көшесі, № 2/1, № 2/2 үйлер | 61,44 |
5 | Қарабұтақ ауылы, Ж. Есентеміров көшесі, № 24/1, № 24/2 үйлер | 66,47 |
6 | Белқопа ауылы, Ө. Құдайбергенов көшесі, № 35/1, № 35/2 үйлер | 58,58 |
7 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ж. Баһадүр көшесі, № 16, № 18 үйлер | 64,80 |
8 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі № 31, № 33, № 34, № 35, № 36, № 37 үйлер | 69,48 |
9 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі № 32/1, № 32/2 үйлер | 73,30 |
10 | Темірбек Жүргенов ауылы, Ж. Баһадүр көшесі, № 20 үй | 72,58 |
11 | Талдысай ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, № 13 үй | 24,25 |
12 | Т.Жүргенов ауылы, Достық көшесі, № 15 үй | 43,44 |
13 | Т.Жүргенов ауылы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, № 15/1 үй | 85,86 |
14 | Т.Жүргенов ауылы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, № 15/2 үй | 87,88 |
15 | Т.Жүргенов ауылы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, № 17/1 үй | 87,56 |
16 | Т.Жүргенов ауылы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, № 17/2 үй | 87,34 |
17 | Әйке ауылы, М.Маметова көшесі, № 7 үй | 11,61 |
18 | Қарабұтақ ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, № 38/2 үй | 61,78 |
19 | Қарабұтақ ауылы, С.Сейфуллин көшесі, № 48/1 үй | 61,78 |
20 | Қарабұтақ ауылы, Ж.Сеилов көшесі № 17 үй | 32,76 |
21 | Қарабұтақ ауылы, Әйтеке би көшесі, № 66 үй | 28,39 |
22 | Қарабұтақ ауылы, Ю.Гагарин көшесі, № 20 үй | 43,92 |
23 | Қарабұтақ ауылы, Қ.Сатпаев көшесі, № 24/1 үй | 24,51 |
24 | Сұлукөл ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, № 9 үй | 3,23 |
25 | Аралтоғай ауылы, Жамбыл көшесі, № 12 үй | 41,33 |
26 | Құмқұдық ауылы, Төлеген ата көшесі, № 12/1, № 12/3 үйлер | 32,22 |
27 | Құмқұдық ауылы, Төлеген ата көшесі, № 12/2 үй | 32,18 |