Шектеу іс-шараларын алу және Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 02 "Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 6086 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылдың 18 ақпандағы № 2-7/22 санды ұсынысына сәйкес, Ақтасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 02 "Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-138 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтасты ауылдық округінің әкімі: З-Х. Күнтуған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады