Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 268 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6171 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 391 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 391 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 "Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4923 тіркелген, 2016 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Жиенбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Жұмабаев

  Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы
№ 268 шешіміне қосымша
  Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 15 шешіміне қосымша

Алға ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

      2. Митингілер және жиналыстар өткізілетін орын:

      Жеңіс көшесі бойында орналасқан, Алға қалалық саябағының алаңы.

      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:

      Жәдігер көшесінің "Мәңгілік алау" алаңынан бастап, Мәдениет үйіне, содан оңға бұрылып, Жеңіс көшесіндегі Алға қалалық саябағындағы орналасқан алаңға дейін.

      4. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер, (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтайды.

      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елді-мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

      3) ауданның жергілікті атқарушы органының келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

      6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіруіне үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;

      7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілердің басқа ережелерін бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;

      8) алкогольдік немесе есірткімен масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.

      8. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша сөздер, қысқа ұрандар айтуға жол беріледі.

      9. Пикетті өзге түрде жалғастыру үшін (митинг/жиналыс/шеру) белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсатын алу қажет.

      10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылады.

      11. Ауданның жергілікті атқарушы органы өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады